Басы » Бастауыш сыныптар » Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту

Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту

Турсынова Гульмира ОмаркуловнаТурсынова Гульмира Омаркуловна
Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.
Жамбыл облысы.  Шу қаласы.
 Сабақтың тақырыбы:Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай  жазбаша көбейту.
Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға баған түрінде көбейту үлгісін беру,санның құрамы,амалдың қасиеттері, екі таңбалы сандарға амалдар жүргізу тәсілдерін қолдану арқылы есептер шығару.
Дамытушылығы: Жазбаша екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және амал пайдалану ерекшеліктерін жете меңгерту және дамыту,жазбаша қосу мен азайту дағдыларын қалыптастыра отырып,өз бетімен жүйелі қорытынды жасауға дағдыландыру, логикалық ойлау белсенділігін дамыту.
Тәрбиелігі:Өз бетімен жұмыс жасай отырып еңбектенуге, ізденімпаздылыққа,ұқыптылыққа, өзінің,өзгенің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс

  • Көрнекі құрал: Интерактивтік тақта
Сабақ кезеңдері Ұзақтығы Жұмыс түрлері Мұғалім қызметі Оқушы қызметі
1.Ұйымдастыру 1 мин.   Оқушының сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық.

 
2.Үй тапсырмасын тексеру 2 мин. Сұрақ -жауап 1топ.Тік төртбұрыш дегеніміз не?

 

2топ.Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

 

3топ.Ұзындығы-9см, ені 5см тең тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең болды?

-Қарамақарсы қабырғаларының ұзындығы тең геометриялық фигураны тік төртбұрыш дейміз.

— S= а∙в

 

— 45см2

3.Өткенді қайталау 2 мин. Ауызша есеп 1.Берілген сандардың көршілерін ата (слайд)

1топ-999

2 топ-818.

3 топ-459

2.Тақпақ есептер( слайд)

1 топ

Аулада 60 үйрек,

Қорада 20 үйрек,

10 үйрек тығылды,

10 үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек?

2 топ

11 түйе, бес жылқы.

2 сиыр, бір ешкі.

2 қоян, үш түлкі,

Неше болды барлығы?

3 топ

100 асықтың 30-ын,

Досым сұрап алады,

Және тағы 15-ін ,

Ағам сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолымда қалады?

3.Заңдылықты анықтау( слайд)

Мына сандар қатарынан қандай заңдылықты байқадындар?

Сандар қатарын жалғастырыңдар.

 

998 бен 1000

817 мен 819

458 бен 460

 

 

1 топ. Жауабы: 70 үйрек

 

 

 

 

2 топ. Жауабы: барлығы 24

 

 

 

 

3 топ. Жауабы: қалады 55 асық

 

 

 

 

 

 

1 топ

27,34,41..

2 топ

16,17,26,28..

3 топ

32,27,22..

4.Жаңа сабаққа даярлық 5 мин. Математикалық диктант Өрнектер ауызша оқылады,оқушылар дәптерге жазып отырып,мәнін табады

 

Жауаптары: 48, 68, 86, 22, 11, 13(слайд)

24 пен 2-нің көбейтіндісі,34 пен 2-нің көбейтіндісі,43 пен 2-нің көбейтіндісі,88 бен 4-тің бөліндісі,55 пен 5-тің бөліндісі,39 бен 3-тің бөліндісі
5.Жаңа тақырып 7 мин. Өз мүмкіндігін пайдалан Балалар,дәл осы өрнектерді жазбаша баған түрінде көбейтіп көрейік

-Өзгешелік бар ма?-

Бұл өрнектің мәнін кім таба алады?

Оқушылар арасынан шығара алатын болса, тақтаға шығарып баған түрінде орындатамын.(Егер ондай оқушы шықпаса, өзім көмектесемін)

 

 

 

Тақтада тағы әр топқа бірнеше мысал жазылады.(слайд)

 

24                 34              42

×  2               × 2            ×  2

48                 68              84

-Егер көбейтудің ауызша түрінде алдымен ондықтарды көбейтіп содан бірліктерді көбейтіп мәндерін қоссақ,  жазбаша түрінде керісінше (алдымен бірліктерді көбейтеміз, сонан соң ондықтарды көбейтеміз)

 

1топ              2 топ         3 топ

23                 31              42

 ×  2                × 3             × 2

46                  93               84

 

6.Алғашқы бекіту 8 мин. Оқулықпен жұмыс Әр топқа  жұмыс беріледі

Жауабы тексеріледі (слайд)

 

1 топ 238 бет-№ 3(1 баған),9 (1 баған)

2 топ 238 бет № 3 (2 баған), 9 ( 2 баған)

3 топ 238 бет № 3 ( 3 баған), 9 ( 3 баған)

Бағалау нормасы бойынша

 

7.Сергіту сәті 2 мин слайд Көзге арналған жаттығулар Көздерін жаттықтырады
8.Блиц сұрақтар 6 мин. Сұрақ-жауап 1 топ  (слайд)

Әжесі немересіне 8 қолғап тоқыды. Немересі нешеу?

2 топ

Жануар екі алдыңғы, екі артқы аяғымен жүреді және оның екі оң, екі сол аяғы бар.Жануар неше аяқты деп ойлайсың?

3 топ

Үңгірден тиіннің сегіз құйрығы көрініп тұр.Үңгірде неше тиін бар?

 

-4 немересі бар

 

 

-Жануарда 4 аяқ бар

 

 

Үңгірде 8 тиін бар.

9.Өзіндік жұмыс 5 мин. Есеп шығару Әр топқа есеп беріледі. Нәтижесі тексеріледі.(слайд) 1 топ 238 бет № 2 есеп

2 топ 239 бет № 7 есеп ( 1)

3 топ 239 бет № 7 есеп (2)

Бағалау нормасы бойынша

 

10.Қорытындылау 2 мин   -Бүгінгі сабақтан біз не алдық?

-Жаңалық болатындай біз не үйрендік?

-Қандай жұмыстар ұнады?

Үй жұмысы беріледі.

Бағалау нормасы бойынша бағаланады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *