Басы » Физика » Газ аппараттарының автоматикасы

Газ аппараттарының автоматикасы

 Қызылорда  құрылыс  және  бизнес  колледжі
Өндірістік оқыту шебері: Жолшораева Б
Сабақтың тақырыбы:Газ аппараттарының автоматикасы
Сабақтың білімділік мақсаты: Студенттерге әртүрлі типтегі газ аппараттарының  автоматикасының жұмысының қауіпсіздік блогының  атқаратын жұмыстарын көрсету.
Сабақтыңтәрбиелік мақсаты:     Студенттер өз бетінше жұмыс жасауға,мамандығына құштарлығын,еңбекке деген икемдилігін арттыруға ықпал жасау,жауапкершілікке ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық  мақсаты: Студенттерді жауапкершілікпен жұмыс жасауға,ұқыпты тиімді жұмыс жасауға тәрбиелеу
қазіргі заман талабына саймаман атануға  ұмтылдыру

Сабақтың материалдық – техникалық жабдықталуы:
Арнаулы киім, қауіпсіздік ережесі — 25 дана, технологиялық  нұсқау карта – 25 дана       
сабаққа арналған плакаттар газ аппараттарының автоматикасы,түтікшелер
Сабақтың пән аралық байланысы: Химия, Физика, Сызу, Арнаулы технология.
Сабақ барысы

 

I.                  Ұйымдастыру кезеңі   830 835
 Студенттердің  сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру;
Студенттердің  арнайы  киімдерін киіп отыруларын  тексеру;
II.         Кіріспе нұсқау              835 — 920
Жаңа сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау;

  • Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра отырып сұрақтар бойынша студенттердің  білімдерін тексеру.

Газ жанарғыларының түрлері?

  1. Газдың ерекше қасиетін ата?
  2. Инжекциялы жанарғылармен жабдықталған жағу құрылғысын пайдалану қалай жүргізіледі ?
  3. Өндіріс қазандықтарында  газ жанарғыларын неше адам орындайды ?
  4. Жағу құрылғыларын пайдалану кезінде  жанарғы туннелінде жұмыс қалай орындалады ?
  5. Туннелден жалын ажырап сөніп қалса не істейміз ?
  6. Жанарғы өнімділігін реттеу қалай жүргізіледі ?
  7. Қазандық агрегаттарына арналған жанарғы құрылғысын қатты отынға ауысуына, қабаттап жағу тәсілін қандай  жанарғыларда қолданылады ?
  8. Газды-мазутты жанарғы бүріккіштері айрықша  қандай бақылауды қажет етеді ?
  9. Вентиль арматурасы, задвижканы (ысырманы)  қай жерде қолданады ?
  10.  Тығынды шүмектер дегеніміз не ?
  11.  Өндіріс қазандық жағу құрылғыларын пайдалану кезіндегі  қауіпсіздік  техникалық ережелерін түсіндір

II.1  Студенттердің  жаңа сабаққа нұсқау беру ;

 Жаңа сабақ:

 1.Жалпы мағлұмат

2. Отандық газ жабдықтары әртүрлі типтегі автоматикалармен жарақтандырылады

3. Комплексті газ жағатын қауіпсіздік және реттеу автоматикасы

4. Газ реттеу автоматикасының құрылысы

5.Термосезгіш элементтеррі бар қауіпсіздік датчиктері бар қауіпсіздік блогы бар орнатылған имплуьсті мыс түтікшелері бар ал мембранд типіндегі реттеу датчигі – реттеу блогымен байланысқан.

6.Жалын датчигінің қалыпты ашық клапны бар, қалған барлық клапандар жабық клапандар.

7. Газ өткізгіштің шүмегін ашқан кезде газ қауіпсіздік блогындағы клапан серппенің астына келеді және бұдан каналдың бойымен тығын қақпақ арқылы реле инвератордың қуысына, ал одан әрі клапан мембрананың үсті саңылауына беріледі.

8. Қосу кнопкасын басқан кезде газ қауіпсіздік блогындағы газ қауіпсіздік блогындағым (Қ Б) клапан серппенің мембран асты қуысына және жылжымалы тұтандырғышпен жағылатын тұтатқышқа беріледі.

9. Автоматикада тұтандырғышқа және жанарғыларға газдың берілуін тоқтататын кнопка жасалған. Тұтандырғыш пен жанарғылар толық өшіп болғанша осы кнопканы басып тұрады.

 II.2.         Кіріспе нұсқауды пысықтау;

 1.Газ аппаратының автоматикасының түрлері?

2.Қауіпсіздік және реттеу автоматикасының құрылысы?

3.Реттеу датчигі немен байланысқан?

4. Газ өткізгіштің шүмегін ашқан кезде газ қайда келеді?

5. Одан әрі газ қайда барады?

6. Қосу кнопкасын басқан кезде не арқылы жылжиды?

7. Тұтандырғыштың жалын әсерінен датчиктің имплульс түтікшесі жабылады, қызады, ұзарады оның нәтижиесінде не болады?

8. Түтін шығаратын датчиктің жұмысы және немен қапталады?

9. Буы су қабатындағы бу қысымы артып кеткен кезде не болады?

10. Газ автоматикасын яғни газ қолданғандағы қауіпсіздік техникасының ережелері?

III.  Құрал жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын орындау:  09 20 — 0950

 1. Газ автоматикасын қолдануға жұмысқа дайындау.

2. Газ автоматикасының құрылысын тексеріп, жинап қалай қосылуын жасап көру қосу.

3. Газ автоматикасын күнделікті өмірде, тұрмыста қолданғанда, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

IV. Ағымдық нұсқау    09 50 –1400

 1-аралау .     Студенттерді  жұмыс орындары на бөлу, тапсырмалар беру.

2-аралау.      Тексеру мақсатында оқушылардың  жұмыс орындарын

аралау.

3-аралау.       Газ аппаратының автоматикасының технологиялық нұсқау

Картасын жұмыс жасауын қамтамасыз ету

4-аралау.       Газ аппаратының жұмыс қойылатын орны мен жұмысқа

жарамдылығын тексеру

     5-аралау .      Газ кауіпсіздік автоматикасының және кауіпсіздік реттеу   

автоматикасының нұсқауға сай жұмыс жасауын тексеру,

қадағалау

     6-аралау.Қауіпіздік реттеу автоматикасының аппараттарын қолданған

кезде құрал жабдықтарын ережеге сәйкес қолдануын

қадағалау.

7-аралау .     Жаттығу жұмыстарын  орындау кезінде     оқушылардың      жіберген  кемшіліктері мен

қателіктерін    ескеріп, түзету және  қосымша нұсқау беру.

8-аралау.      Студенттердің жаттығу жұмыстарын қабылдап алу.

 9- аралау.     Студенттердің  жұмыс орындарының тазалығын  және

құрал -жабдықтардың  талапқа сай орналасуын тексеру.

V.   Қорытынды нұсқау     1400– 14 35

 1.  Сабақты қорытындылау.

2.  Жаттығу жұмыстарының  орындалуы сапасына қарай,  оқушылардың

білімін  бағалау.

3.  Үйге тапсырма беру.  Газ жабдықтарымен жанарғыларын  қосу әдістері

мен ережелерін үйрену, қайталау.

Пайдаланылған оқулықтар мен әдебиеттер

 

1. «Жылу техникалары мен жабдықтарын жөндеу жіне пайдалану»-

Б. Дүрманов, Ж.Жәнібеков.Б.Тобжанова    Астана- 2011 ж

2. Мұнай-газ  ісінің негіздері

Х. Суербаев  Астана —  2008 ж

3. Санитарио-технические работы    Ф.И Грингауз   Москва -1975 г

4. Слесарь сантехниктерге  Слесарь монтажшыларға  құрылыс машиналарының машинистеріне арналған

материалтану.    Л.В. Мускат       Алматы -1974 ж

5. Основы газового хозяйство.К.Г. Кязимов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *