Қазалы қаласындағы М. Горький атындағы
№16 орта мектептің информатика пәні
мұғалімі Рахманбергенова Үміт
Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма?
Мақсаты:
- Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіру;
- Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп,қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
- Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру,оқушылардың тапқырлық,ізенімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс (пікір-талас)
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап(ситуация туғызу,шешу жолын айту,нақты дәлелдер
келтіру)
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты материалдар
Сабақтың барысы
І.Ұйымдасытру кезеңі
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға. -*дей отырып 9 сыныптар арасында өтіп жатқан «Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма?» атты пікір-таласымызға қош келдіңіздер!
—Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды .
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды. – деп компьютердің пайдасы мен зияны жайында айтатын оқушыларымызбен тынс болйық және де пікір таласымыздың әділдігін айтатын әділ-қазыларымызды таныстырйын.
Ал, енді пікір таласымыздың ойын шарттарынмен таныс болайық.
1тур: «Жақтаушы», «Даттаушы» топтардың өз пікірлері.Әр топ өз пікірлерін ортаға салып,компьютердің пайдалы екенін немесе зиянды екенін қорғап шығуы керек.Регламент 5-7 минутты сақтау керек
2-тур: «Сұрақ-жауап» Екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.Әділ-қазылар да сұрақ қоюға болады.
3-тур: «Үй тапсырмасын қорғау» Екі топ үйден шығарып келген газеттерін не тақырыпқа байланысты видео, слайдтарын қорғайды.
4-тур: «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Екі топқа компьютердің құрылғыларына байланысты сұрақтар жасырылады.
- Адамды өзіне бағындырған әлжуас (сыныптағы компьютер)
- Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп, қасқаятын ми? (жүйелік блок)
- Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін, құртатын жалмауыз (монитор)
- Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын,қорқақ компьютердің кенже баласы. (тышқан)
- Саусақтарды бейлететі, экранға мәтінді сый ететін,жоқ деп мүлде айта алмайтын,иә-ні қолдап қайталайтын береген. (пернетақта)
- Тышқанның ең жақын туысы (джойстик)
- Қалтаңдағы ақшаның тең жартысын бақилыққа жіберетін апан(принтер)
- Принтерден асып түсетін мешкей(сканер)
5-тур: «Кім жылдам?» Бұл турда әр түрлі қызмет салалары бойынша компьютерді қолдану тәсілдерін жазу керек.
ІІІ.Қорытынды.
. -Дүниедегі құбылыстың мәнінде,
Интернеттің, жаңалықтың бәрінде,
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде – демекші заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр – сырын білгенге не жетсін!
1.Пікір сайысымызға қатысып отырған психолог –дәрігерлерімізге сөз беру.
2.Әділ қазылар пікір сайысты қорытындылап, топтарды марапаттау.
[bws_related_posts]