Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » М. Мақатаев шығарамшылығы бойынша «Болашаққа аманат»

М. Мақатаев шығарамшылығы бойынша «Болашаққа аманат»

самал1Ақмола облысы Целиноград ауданы
Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Касенова Самал Болатовна
Тақырыбы: М. Мақатаев шығарамшылығы бойынша «Болашаққа аманат»
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Көрнекілігі: видео проектор, плакаттар, призентациялар
Сахнаның безендірілуі:
Жоспар: І бөлім  «Өмірім — Өлеңімде»
   ІІ    бөлім  «Автограф»
   ІІІ   бөлім  «Махаббат бағы»
   ІҮ   бөлім  «Естеліктер»
   Ү    бөлім   «Аманат»
Кештің жүру барысы.
Пойыз үні естіліп, сахнаға «Аманат — Болашақ» атты пойыз тоқтайды.
Сахна сыртындағы дауыс: «Құрметті жолаушылыр! Астана  қаласына «Аманат — Болашақ» атты пойыз тоқтады».
Жолсерік:  Құрметті жолаушылар! «Болашақ — Аманат» пойызымен «Өмірім — Өлеңімде», «Автограф», «Махаббат бағы», «Естеліктер», «Аманат» бекетіне билет алған жолаушыларды отырғызу басталды. Билеттеріңізді көрсетулеріңізді сұраймыз.
Жолсерік:  Құрметті жолаушылар! «Болашақ — Аманат» пойызына отырғызу аяқталды. Шығарып салушылардан вагондарды босатуларыңызды сұраймыз.( қолында кітабы бар жігіт вагонға кірмей теңселіп жүреді).
Жолсерік:  — Азамат сіз неге кірмейсіз?
—         Қарындасым тұра тұршы. Мен пойызға мінсем қайта түспейтін сияқтымын. Көктемгі ауа қандай таза! Аспан қандай ашық!(«Япыр-ай, неткен көктем!» өлеңін оқиды.
Япыр-ай!
Неткен көктем!
Көктем!
Көктем!
Дүние-ау,
Сен осылай көкпеңбек пе ең?!
Қымырандай ашимын қырға шығып,
Өзегiмдi жалайды өткен-кеткен.
Мына дала, мына өлке – жап-жас әлi,
Адамдардың жоғалды сан жасағы.
Бiр ұрпаққа бiр ұрпақ жалғасады,
Мына дала, мына өлке –жап-жас әлi.
Жап-жас әлi.
Ой да жас, орман да жас,
Елтiп тұр.
Көктемеге болған ба мас?!
Көзге күйкi жалғыз-ақ – қиырдағы
Құлазыған, мүжiлген қорған–қораш.
Япыр-ай!
Неткен көктем!
Көктем!
Көктем!
Дүние-ау, сен осылай көкпеңбек пе ең?!
Мәңгi-бақи түлеген қаз қалпыңда,
Табиғат керемет ең неткен, неткен?!
Жолсерік:  Мына кісі біртүрлі екен. Кімге ғашықпын дейді?  Жеке төлқұжатыңызды көрсетуіңізді сұраймын. Мен бұл пойыздың ең құрметті жолаушысымын, болашақта әлі танырсыз мені, қарындас!
2-жолсерік:- Қане, Зәуре, тексеріп жіберші.
(Ақын өзінің <<Менің анкетам >> атты өленің оқиды).
Туған жерің?
– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
– Туған жылың?
– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Жынысың кім?
– Еркекпін ғой, еркекпін!
Және-дағы тәуірмін…
– Партияда барсың ба?
– Жоқпын.
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
– Шыққан тегің?
– Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
– Білімің ше?
– Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
– Ана тілің?
– Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
– Қайда істедің?
– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
– Міндеттісің бе әскерге?
– Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
– Сөгіс алып көрдің бе?
– Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де…
– Шетелдерде болдың ба?
– Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
– Мекен-жәйің?
– Мекен-жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
Ән:
3-жолсерік:- Кешіріңіз, ақын аға, бізден бір білместік өтті. Қарбаласта тани алмай қалдық. Төр сіздікі, жоғары шығыңыз, бүгінгі тойдың иесі – Мұқағали аға!
1 –жүргізуші:- Қайырлы күн, жыр сүйер қауым! Мұқағали Мақатаевтің шығармагерлігіне арналған  << Болашаққа аманат>>  атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: — <<Мұқағалиды жұрт неге құмарта оқиды, ол қандай адам болған, нені аңсады, немен күресті, досы кім, неден тарықты, неге асықты?>> сияқты көптеген сұрақ бәрімізді мазалайды. Ал оның сырын ақын өлеңдерінен ғана таба аламыз.
<<Аманат – Болашақ>> пойызы  <<Өмірім – өлеңімде>> атты бекетке келіп тоқтады.
Мұқағали  күнделігінің беттерінен үзінді  (1976  ж. 14 ақпан)
<<…Егер  сіздер шынымен  менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңыздар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар . Мені өз өлеңдерімен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай>>.
Сахнаға 1 – Мұқағали  жүгіріп шығады да, <<Бүгін – менің туған күнім>> деген өлеңін оқиды.
Арыз жазып кетейін…..
Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай
Мына жұрттар неге жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім ақ
Тәңірдің бір жарытпай қойғаны ай
Мына дүние неге жатыр үндемей
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып
Мынау-шапан, мынау-атың мін демей
Мына жұртқа жақпады ма әлденем
Бекер өмір сүргенім бе әлде мен
Халқым сенің қасиетіңді білем деп
Босқа өмірім өтті мекен әуремен
Жырлаймын деп қуанышың, мұңыңды
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды
Халқым бәрібір сеніменен бір болам
Өзегінен тепсең дағы ұлыңды
Тойланбаса, тойланбасын не етейін
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін
Қаламымды берші маған бәйбіше
Болашаққа арыз жазып кетейін
1-жүргізуші: Көңілі асқақ биікке ұмтылған тау ұлының өмір өткелдері туралы біріміз білсек, біріміз білмейміз.  Ақының азан шақырып қойған толық аты – Мұқаметқали.
2-жүргізуші: <<Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады>> деп, әрі еркелетіп, әрі қысқартып Мұқағали атап  кеткен.Ол 1931 жылы 13 наурызда Алматы облысы, Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
Әкесі Сүлеймен мен анасы Нағиман – Мұқағали, Тоқтарбай, Көрпеш есімді 3 ұл тәрбиелеп өсірген шаруа адамдары. 1941 жылы әкесі Сүлеймен Мұқағалидың 10 жасында майданға  аттанады. Бұанасы бекімеген Мұқағали еңбекке араласты, ат соқамен жер жыртты, астық орды, шөп шапты.
1-жүргізуші: ……. Сен білесің бе, біздің Мұқағали ағамыз Пушкинмен тең дейді ғой?
2-жүргізуші: Иә, ағамыздың жыр маржандары біздерге қалған сарқылмайтын үлкен қазына.
1-жүргізуші: Ендеше  ақын ағамыздың сусындап, нәр алған қойнауына жазылған  арнауларын тыңдайық.
ПУШКИНМЕН ҚОШТАСУ
«Мы вольные птицы, пора, брат, пора…»
Узник
Ал енді қоштасайық, сардар аға.
Мен ертең кетем ұшып сардалама,
Қыранның қырандығы — кең далада,
Қыранның қырандығы — тауда ғана.
Мен ертең кетем ұшып сардалама.

Қош боп тұр, қош есен бол, сардар аға!
Сөкпей де өкпелемей қал балаңа.
…Ақынның ақындығы — атақта емес,
Ақынның ақындығы — арда ғана.
Айтатын арызым бар, аға, саған,
Көңіл — кермек, бой — күйез тамашадан.
Ақымақпын, кей-кейде арыма мен,
Өз қолымен күйені жаға салам.
Сен болған шақ бұлыңғыр, тұнжыр маған.
Әйтсе де аямапты құрғыр заман.
Болат Пушкин тіріліп кете ме деп,
Тұғырыңды болатпен шынжырлаған.
Қарадым сенің қола мүсініңе,
Қоланы да болады түсінуге.
Мені тәңірім жаратқан табынуға,
Сенің мәңгі қақың жоқ кішіруге.
Ортасына сауықшыл түсіп көптің,
Мастандым да, масайрап ісіп кеттім.
Мұң шаға келіп едім — ұш! — дедің сен,
Өзің ұш деп тұрған соң ұшып кеттім.
Ұшып кеттім тауларға бұлт басқан,
Төңкеріліп теңізге тұныпты аспан.
Теңіз бенен аспанның тыныштығын,
Долы дауыл барады жұлып, қашқан.
Хош бол, аға, әлемді тамсандырған,
«Тас мейманға» табиғи жан салдырған.
…Меніменен сайрандар жел жоқ, бірақ
Алатауым күтіп тұр қарсы алдымнан…

СЕРГЕИ ЕСЕНИНГЕ

Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей.
Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем,
Жаны ашып ақыл берген елге сенбей.
Мен-дағы сол жақтанмын, Ауылданмын,
Ауылдың ауруымен ауырғанмын.
Өзіңді Мәскеу қалай қабылдаса,
Алматы мені солай қабылдады.

(Менің де өкіндірер өткенім коп)
Атқа міндім, алысып, теппедім доп.
Мен-дағы малды сүйем, итті сүйем,
Інімнің мандайынан шерткенім жоқ.

Шаршағанда ширығам шарап ішіп,
Саған ұқсап менің де жанады ішім.
Құлағыма сыбырлап «құран» оқып,
Иектейді мені де «Қара кісі».

Мен де сендей, Серега, күнәдамын,
Жыр азабын тартамын, тіл азабын.
Туған ауыл, туған жұрт қайда барсам,
Қайда барсам — қасымда Рязаным…

Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Бір ауылдан екенбіз мен де, сен де.
Басым сынып барады, басым сынып,
Жөндесем де болмайды, емдесем де.

Сахна сыртынағы дауыс: «Аманат — Болашақ» пойызы «Автогаф» бекетіне келіп тоқтады.
2-жүргізуші. –Мұқағали жастардың іздеп жүрер ақыны болды. Енді назарларыңызға Мұқағалимен кездесу кештерінен үзінді ұсынамыз.
—         Бақыт деген не, аға? («Бақыт деген» өлеңі оқылады.)
—         Дұшпаның бар ма?
—         Ақын аға, неге құмарсыз? («Бәріне құмармын» өлеңі оқылады)
—         Айтыңызшы, ақын жары болу оңай ма? («Қызықпа қыз» өлеңі оқылады)
Ақын аға! Болашаққа қандай жоспарыңыз бар? (студенттер Мұқағалидан автограф беруін өтінеді) ол өзіні «Автограф » өлеңін оқиды.
(Сахнаға Мұқағалилар шығады).
Дұшпаның бар ма?
-Дұшпаның бар ма? -дейсің,
Қайдан білем…
Әйтеуір, жүрген жерім — сайран кілең.
Қазақтың қайсы үйіне барсам-дағы,
Алдымда — ақ дастарқан, жайған кілем.
Дұшпаным жоқ-ау деймін, түрі жаман…
(Сірә, мен бұл майданда тірі қалам.)
Қазақтың қайсысымен кездессем де
Қайрылмай кеткені жоқ бірі маған.
Достастым кішісімен, үлкенімен,
Өзімшіл өжетімен, үркегімен.
Ата-қазақ алыста той жасаса,
Алдымен тізіміне тіркері — мен.
Қайғырмаймын соңымнан сөз бөскенге
Білемін бұғатынын кездескенде,
Әйтеуір, жүздерінде жылылық бар,
Қазақтың қайсысымен кездессем де.
-Дұшпаның бар ма? — дейсің,
Қайдан білем…
Асыр caп ортасында ойнап жүрем.
Сірә, мен бақыттымын дұшпаны жоқ,
Үйден шықсам — сауық пен сайран кілең.
АВТОГРАФ
Көрер едiң,
Шаламын ба, отпын ба,
Бiлер едiң
Ақынмын ба, жоқпын ба…
Кектендiрген хан Жәңгiр де жоқ мұнда,
Кектенетiн Махамбет те жоқ мұнда.
Түсiнер ең,
Езбiн бе, әлде ермiн бе,
Байқар едiң,
Артықпын ба, кеммiн бе…
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенiң өзiң Цезарь болып көрдiң бе?!
Сырым да – осы,
Жырым да – осы,
Алдыңда
Байқашы бiр,
Бықсыдым ба, жандым ба.
…Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Жазылар естеліктер мен туралы 
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,
Қылығымды ұнатқан жұлынуды.
Жақсы көрген дер мүмкін «жылынуды»
Әйтеуір қазбас былық-шылығымды.

Жоқ жанды қиған емес жамандауға,
(Сол үшін рақмет адамдарға!!!)
Білемін, әйтеуір бір замандарда,
Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға…

Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе —
Кешеді өлең немесе өшеді өлең!

…Қулары, таудың қызыл түлкісі дер,
Момындар, біздің үйдің кірпіші дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!?

Сахна сыртындағы дауыс: «Аманат-Болашақ » пойызы «Махаббат бағы»бектіне келіп тоқтады.
  Ән: «Сенің көзің»
 Паркте бір-бірімен сырласқан қыз-жігіттер. Мұқағалидің өлеңдері мен індерін айтады.
«О, Муза!», «Ғашықпын», «Сезбейсің ғой сен мені», «Махаббат диалогы» өлеңдері орындалады.
Сахна сыртындағы дауыс: «Аманат-Болашақ » пойызы «Естеліктер»бектіне келіп тоқтады.
«Жазылар естеліктер мен туралы» өлеңі оқылады.
Арнаулар оқылады.
Сахна сыртындағы дауыс: «Аманат-Болашақ » пойызы «Аманат» бектіне келіп тоқтады.
1-жүргізуші: — Мұқағалиды ғасырда бір туатын, үлкен қанаты бар, адамның көзі талатын биікте ғана самғайтын алып құсқа теңеуге болады. Мұндай алып құстар жерге әр қонған сайын қанатының бір қауырсынын қңдырмай сындырып алып күйзеледі. Бірақ тынышталудың орынына, сол аспанда ала алмаған өші бардай, бүкіл күш-қайратын жинап, келесі  жолы одан да биікке ұшады.
2-жүргізуші: — Мұқағалидың жер жүзінің әдебиетінде теңдессіз, алабөтен бір шоқтықты шығармасы бар, ол- «Жан азасы». «Жан азасы» — ақынның жарық дүниемен жылай-жылай қоштасуы әрі бізге қалдырған өсиеті, оның үстіне бұдан былайғы мәңгілік мекені- қара жер қойыны – көрге ізетпен сәлем беруі…
1-жүргізуші: Құрметті жолаушылар! Біз ақырғы аялдама- «Аманат» бектіне де келіп жеттік. Бәріміз ақынның ақырғы  аманат сөзін естіп, «Болашақ» бекетіне шығарып салайық.
«Халқыма хат», «Табыт үні», «Халық үні» өлеңдері оқылады.
Ән: «Есіңе мені алғайсың»
2- жүргізуші: — Аманатын орындалды, ақын аға. Біздер сіздің өлеңінізді сүйіп оқимыз.
Өлең:
1-жүргізуші: Осымен «Болашақ — Аманат» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне де жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға Рахмет! Сау болыңыздар!
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *