ШҚО,Жарма ауданы,Суықбұлақ кенті
«Суықбұлақ орта мектебі»КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Қиықбаева Бақыт Шәріпқанқызы
Сабақтың тақырыбы: «Мемлекттік тіл – менің тілім»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға қазақ тілін білудің маңызы жайлы айту,тілді құрметтеуге үйрету.
Дамытушылық: Қазақ тілі туралы өлең,тақпақ,нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушылардың сөдік қорын молайту,тіл байлығын дамыту
Тәрбиелік: Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін ояту, елін құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі : Зерделілер сайысы
Сабақтың әдіс: Оқу,жазу, сұрақ- жауап, топпен жұмыс
Көрнекілігі: қабырға газеті,өлеңдер, нақыл сөздер,үн таспа, интерактивті тақта
Кіріспе.
Оқушылар:
— Қазіргі таңда ана тілін білу,үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз –қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы » күшіне енді.Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз -тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік:
Бүгінгі «Мемлекттік тіл – менің тілім» атты «7», «8», «9» сыныптар арасында өткелі отырған зерделілер сайысын бастаймыз. Орталарыңызға әр сыныптан қатысатын топтарды шақырып таныс болайық.
«7» — жасөспірімдер тобы
«8» — Болашақ тобы
«9» — Жас дарын тобы
- — Сайыс әрі қарай өз жұмысын жалғастыру үшін сіздерді әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.
(әділқазы алқасымен таныстырам)
— Тілім менің!
Ұлы Абайдай пірім менің!
Тұнығым, рухани жан азығым .
Ол бүлінсе , меніңде бүлінгенім.
Келесі бөлім «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы» деп аталады.
Оқушылар өлеңді жатқа оқиды.
Екінші сайыс «Ертегілер еліне саяхат», оқушылар дайындығы, ертегілерден үзінді көрсетеді.
-Ерте, ерте, ертеде… Ән алтын күннің астында, ақша бұлттың үстінде ұшып жүреді екен. Ән көркем ,әдемі жерлерді көргенде жер бауырлай ұшады екен. Сонда әсем әннің сазы тыңдаған адамға анық естіледі екен.
Кезекті сайыс «Ән көңілдің ажары». Арасында әуен шырқалады.
Келесі сайыс – «Жарнама». Қазақтың тілі – cұлу, қонымды да толымды тіл. Сол тіл кестелепөріп,өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырды, асыл нұр, қазынасы сарқылмас алтын сандық — ауыз әдебиетін жасады. Ауыз әдебиетінің інжу маржаны мақал мәтелдер.
«Мақалды жалғастыр» сайысы.
«Мақалды жалғастыр» деген сайысымызды бастаймыз. Ойынның шарты бойынша , мақалдың алғашқы сыңары айтылады,екінші сыңарын аяқтаймыз.
Қорытынды: «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту — бүкіл ата- бабамызды тарихымызды ұмыту» деген екен Бауыржан Момышұлы. Ана тілін құрметтеп сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік , білімді, мәдениетті болуы шарт.
Рефлексия кезеңі. Оқушылардың көңіл күйін анықтау.
[bws_related_posts]