ШҚО,Жарма ауданы,Суықбұлақ кенті
«Суықбұлақ орта мектебі»КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Қиықбаева Бақыт Шәріпқанқызы
Сабақтың тақырыбы: Сенімхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сенімхат сөзінің мағынасын түсіндіру, оны жазуға үйрету
Дамытушылық: Адамның бір біріне деген сенімін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу, Оқушылардың этикалық талапқа сай қарым — қатынасқа үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды логикалық ойлауға ,ғылыми ізденушілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : дәстүрлі
Сабақтың әдіс:
1. Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым –қатынас
2. Оқушы мен оқушы арасындағы сөйлесу
Көрнекілігі: Үлгі үлестірме қағаздар,Іс -қағаздар,құжаттар, үлгілер, Интерактивті тақта
Сабақ барысы:
Бүгін сыныпта кім кезекші?
Сабақта кім жоқ?
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ.
— Бүгінгі сабақ тақырыбы «Сенімхат».Бұл сөздің қалай жазылатынына көңіл аударайық. Бұл біріккен сөз. Сенімхатқа ұқсас қандай іс- қағазының атын білесіңдер?
— «Сенімхат», «Қолхат» дегенге ұқсайды.
— Дұрыс, екеуінде де хат деген сөз бар, яғни бұл екі тұрлі іс қағазы. Ал енді сенімхат сөзінің мағынасына назар аударайықшы (мысал келтіру). Сенімхат та, қолхат та іс қағаздары.
— Олай болса қолхат қандай құжат балалар?
Қолхат туралы анықтама тыңдалады.
— Дұрыс,сол себептен біздің мақсатымыз іс қағаздарын мемлекеттік тіл қазақ тілінде жазуға үйрену. Біз әрбір сабағымызда осыған баса назар аударып отырамыз. Балалар, іс қағаздарда тиісті терминдер жиі қолданылады.Сенімхат құжатында кездесетін кейбір сөздерге көңіл аударайық (Интерактивті тақтада жазулы тұрады)
— СЕНІМХАТ
ЖЕКЕ КУӘЛІК
ЖАЛАҚЫ
КУӘЛАНДЫРУ
СЕНІП ТАПСЫРУ
ҚОЮ,БАСУ
Оқушылар дәптерлеріне жаңа сөздерді жазады.
Сөйлем құрастырады.
1. Мен сенімхат жаздым.
2. 16 жасқа толғанда жеке куәлік аламын.
3. Сенімхатқа мөр басылады,қол қойылады т.б
— Балалар, алдарыңдағы «Сенімхат» деген кішкентай мәтін анықтаманы оқып, бұл құжат қандай реквизиттерден тұратынын біліп ұғынайық.
Екі үш оқушы оқиды.
Сенімхаттың негізгі мазмұны еркін түрде жазылады. Ол бір қатып қалған стандарт емес. Енді мына бір сенімхаттың үлгісіне қарайық.
Интерактивті тақтада жазылып тұрады. Оқушылар өз бетінше сенім хат жазады.
Балалар , біз сенімхатты жеке бір адамның атынан жаздық.
Ал сендер бір мекеменің болашақ басшысы,төрайымы, хатшысы болдыңдар, сол себептен мекеме атынан жазылатын сенімхатты жазып үйренейік.
Оқушылар екі топқа бөлінеді
1. Топ «Райымбек» фирмасы
2. Топ «Арай» АҚ
Фирмалардың төрағасы,төр айымы,хатшыларын ролін белгілеу. «Арай»АҚ банктен ақша алуды сеніп тапсырады, себебі оның басшысы Жапонияға кетеді.
«Райымбек» фирмасы Жапониядан «Арай»АҚ ның бастығына көлік алып келуді сеніп тапсырады.
Қорытынды.
Бүгін қандай құжатпен таныстыңдар?
«Сенімхат» пен «Қолхаттың» айырмашылығы?
Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Несі мен ұнады
Бағалау.
Үйге тапсырма:
«Алтын диірмен» фирмасына сенімхат,жазып дайындап келу.
[bws_related_posts]