Талдықорған қаласы
№16 орта мектеп-гимназиясы
Пән мұғалімі : Аитова А.А
Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тілін қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру, берілген тапсырмаларға бағдарламалар дайындау, нәтижесін алу, оқушылардың алған білімдерін арттыру, жүйелеу, блок-схема және бағдарлама құру практикалық білімдерін тексеру;
Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу, алган білімдерін бағдарлама құруда еркін қолдана білуге үйрету. Жаңа заман ағымына сай компьютерлік біліктілік қорларын өз беттерімен жетілдіре отырып, берілген жұмыстарды орындату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушылардың өткен тараулар бойынша алған білімдерін жинақтау, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде бағдарламамен жұмыс жасауда, әр-түрлі амал-тәсілдер арқылы алған білімдерін практикада қолдана білуге,интерактивті тақтаны еркін пайдалана білуге, ой — өрісін танымдылық қабілетін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптасытру
Сабақтың түрі : қайталау сабағы
Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру:
оқулық, жұмыс дәптері, электрондық оқулық,Activ studio Professional бағдарламасы.
Көрнекілік: интерактивтік тақта, плакат, суреттер
Ұйымдастыру бөлімі
топқа бөлу
Постер арқылы топты қорғау
Есеп шығару
Сұрақ жауап, блок схема
Қорытынды
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Ал енді сабақта бәріміз түгел болсақ, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы өздерін көріп отырғандай паскаль программалау тілін қайталау, яғни сендер бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бойынша қандай мақсат қоюға болады.
Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтейін отыр, өйткені топқа бөлініп топпен жұмыс жасаймыз. Ол үшін менің қолымдағы үлестірме карточканы таңдап алу арқылы топтарға бөлінесіздер. Карточканың сыртында компьютердің, ноутбуктың., планшеттің суреті жасырылған ,
осы суретті таңдау арқылы топқа бөлінеді. Тапсырмалармен таныстыру. Әр тапсырмалар мына төмендегі критери бойынша бағаланады.
Ең жоғарғы балл 10 30 балдан жоғары «5» пен бағаланады
Орташа балл «7» 30 балдан төмен «4» пен бағаланады
Төменгі балл «5» 20 балдан төмен «3» пен бағаланады
№ |
Топтың аты |
Постермен қорғау |
Есеп шығару |
Сұрақ жауап |
Блок-схема |
қорытындылау |
1 |
Шартты оператор |
|||||
2 |
Таңдау оператор |
|||||
3 |
Қайталау оператор |
1.Тапсырма
Әр топ өзінің атына қарай постермен қорғайды.
(Постерге жазу 3 минут ,қорғау 2 минут) -18 мин
2. Тапсырма
Есеп шығару 3 топқа :
3 минут
1 топтың есебі
Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.
Program e6;
Var x : integer;
Begin
Writeln (‘ adam jasin engiz’ );
Readln (x);
If x<=6 then writeln (‘ ali mektepke barmagan’ ) else
If (x>6) and (x<=17) writeln (‘ mektep okushisi ‘) else
If (x>17) and (x<58) writeln (‘ jumisshi’) else writeln (‘ zeinetker’);
End.
2 топтың есебі:
Апта күндерінің реттік нөмірі бойынша олардың аттарын анықтайтын программа құру керек.
Program kyn;
Var kyn: integer ;
Begin
Write (‘ kynnin aptadagi rettik nomirin engizinder: ‘ );
Readln (kyn);
Case kyn of
1: writeln ( ‘ duisenbi’);
2: writeln ( ‘seisenbi’);
3: writeln ( ‘ sarsenbi’);
4: writeln ( ‘ beisenbi’);
5: writeln ( ‘ juma’);
6: writeln ( ‘senbi’);
7: writeln ( ‘ jeksenbi’);
Else writeln ( ‘ 1… 7 araligindagi sandardi engizinder’);
End
End.
3 топтың есебі:
Экранда көбейту кестесі шығатын программа құр
3. Тапсырма
1.Сұрақ жауап тапсырмасы және есепті программаға салу 3 минут
2. блок схеманы флипчартта орындау
1 Шартты оператор тобының сұрақтары және есептерін салу, блок схеманы орындау
1.Паскаль программалау тілі туралы не білесің?
2. Паскаль тілінің негізгі элементтерін ата?
3. Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?
4. Компилятор дегеніміз не?
2. Есептерін салу және блок схемасы ,Таңдау операторының сұрақтарына жауап береді:
1. Тілдің алфавиті туралы айт
2. мәліметтер типі
3. DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?
4. интерпретатор дегеніміз не?
Сергіту сәті : қазіргі заманауи технологияның дамуы туралы видеороллик көрсету
3. Есептерін салу және блок схемасы, қайталау операторының сұрақтарына жауап береді:
Қайталау операторы
1. операторлар бөлімі
2. паскаль құрлымы
3. басқару операторлары
4. Паскаль программасын қалай ашамыз.
4.Қорытындылау критери бойынша әр топ бір-бірін бағалап қорытындысын шығарады.
Үйге тапсырма: Графика оқу