Алғашқы әскери дайындық
пәнінің мұғалімі Нысанов Манарбек Даулетович
Ашық сабақ тақырыбы: Бір орында бұрылу, бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және кері қайта сапқа тұру
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға саптық тұрыстар мен орнында тұрғандағы бұрылыстарына жалпы түсініктемелер беру.
2. Оқушылардың саптық тұрыстар мен пәрменер жайлы түсініктерін дамыту.
3. Оқушыларды Отанына деген сүйіспеншілігін нығайтып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекіліктер: Телевизор, бейне касеталар, слайдтар.
Жүргізілетін орын: АӘД оқу бөлмесі, сап алаңы
І. Сабақтың барысы:
1. Әскери сапқа тұрғызу
2. Кезекшінің баяндамасын тыңдау
3. Оқушылардың тазалығына, сабаққа дайындығына көңіл бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сап және оның элементтері:
2. Саптық тұрыстар.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Орнында тұрғандағы бұрылыстар «оң-ға», «сол-ға», «артқа бұ-рыл» пәрмендері бойынша орындалады.
Артқа бұрылу және солға бұылу сол қол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен, оңға бұрылу-оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі. Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:
— бірінші тәсіл-дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек.
— Екінші тәсіл-қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек. Бұл ретте денені бұрылатын жаққа бір мезгілде күрт бұрып және басқа аяқтың ұшына қатты тіреліп, дененің орнықты жағдайын сақтай отырып, дененің салмағын бұрылатын жақтағы аяққа көшірумен ұштастыру керек. Бұрылыстар саптық тұрыстың барлық ережелері сақталып орындалыды. Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және кері қайту сапқа тұру.
Бөлімше бір қатардан екі қатардан екі қатарға қайта сапқа тұру үшін алдын ала «Бөлімше, бірінші және екіншіге –САНАЛ» пәрмені бойынша «бірінші» және «екінші» болып санау жүргізеді.
Осы пәрмен бойынша оң жақ қапталдан бастап әрбір әскери қызметші кезек бойынша жылдам, оның сол жағында тұрған әскери қызметшіге қарай басын бұрып өзінің нөмірін айтады және басын тез тік ұстайды; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.
Сонымен қатар жалпы нөмірлеу бойынша санау жүргізіледі, ол үшін «Бөлімше, ретімен-САНАЛ» пәрмені беріледі.
Екі қатарлы сапта екніші қатардың сол жақ шетіндегі тұрған сапты санау аяқталғаннан кейін «Толық» немесе «Толық емес» деп баяндайды.
Бөлімшенің өз орнында бір қатардан екі қатарға қайтадын сапқа тұруы «Бөлімше, екі қатарға-САПҚА ТҰР» пәрмені бойынша жүргізіледі.
Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяқтан бастап, оң аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңға бір адым жасайды және сол аяғын қояды.
Бөлімшенің өз орнында екі қатарлы жиналма саптан бір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын ала бір адамға сиреңкірейді, содан кейін «Бөлімше, бірр қатарға-САПҚА ТҰР» пәрмені беріледі.
Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен солға қарай бір адым жасап оң аяғын қойып біріншілердің сызығына шығады.
ҮІ. Пысқтау бөлімі: Жаңа сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы пысықтау.