Басы » Биология » Кіндіктіде өсетін дәрілік өсімдіктер

Кіндіктіде өсетін дәрілік өсімдіктер

 итмұрынКіндіктіде өсетін дәрілік өсімдіктер
Берденова Мейрамгүл
Ғани Мұратбаев орта мектебінің география пәні мұғалімі
         Қазақстанның кең байтақ территориясы өсімдіктер түрлеріне өте бай. Оның ішінде маңызды болып саналатын медицинаға аса қажетті өсімдіктер тобы-дәрілік өсімдіктер болып табылады.Дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді зерттеу барысында биологиялық белсенді заттарды анықтауда тек бұрыннан белгілі  түрлердің ғана емес басқа да перспиктивті дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін ескеріп анықтау маңызды болып табылады.Қазіргі кездің өзінде Отандық медицинада 216-дан астам дәрілік өсімдік түрлері қолданылады.(2).
Ерте заманнан бері адамдар аурудың алдын алу және емдеу үшін табиғатты пайдаланып келеді(1).Сондай өсімдіктердің бірі:итмұрын.Итмұрын бізді екі рет қуантады.Көктемнің соңына таман бұта тұтас ашық әдемі гүлдерге оранып тұрады да жаздың соңында қып-қызыл жемістерімен қарсы алады.Итмұрынның жемістерінкүз бойы сақталып тұрады да қысқа қарай құстардың жеміне айналады.Дәрігерлер оны «витамин қоймасы»деп атайды.Адамдар итмұрынныңжемістерін жинап, кептіріп,қысқа әзірлейді. Итмұрынның кепкен жемістерінен қайнатқан сусын өте пайдалы.Ал халық медицинасында (раушан)итмұрын жемістерінен жасалған «шайды»туберкулезге, бауырдың, қуықтың қабынуына, өттас және бүйректас ауруларына, қан аздыққа, жалпы әлсіздікке, асқазан мен ұлтабар жолдарына қолданады.Сонымен қатар халық медицинасында жапырақтары мен тамырларын да емдік мақсатқа пайдаланады.Мысалы:раушан жапырақтарының қайнатпасын өт айдайтын, антисептикалық және іш өткенде тұтқыр дәру ретінде қолданады.Ғылыми медицинада итмұрын жемістерінің тұндырмасын, сиропы мен ұнтағын «гиповитаминозға»байланысты ауруларға, тұмау ауруларына деген қарсылықты күшейту үшін ұсынады.Жемістерінің қою экстрактісін «холосас» бауыр мен өт жолдарының ауруларына өт айдайтын дәрі ретінде пайдаланады.Итмұрын жемісінен дәруменді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланатын «құрғақ экстракт» және «таблеткалар» дайындайды.Жемісінен «шырын», «сироп», диеталық және емдік сусын дайындайды.Итмұрын жемісін «қайнатпа» және «поливитаминді»шай дайындау мақсатында, сондай-ақ тамақты витаминдеу үшін пайдаланылады. Тәжікстанның халық медицинасында «итмұрынның  гүлжапырақшаларының шырыны»көздің көруін жақсарту мақсатында пайдаланылады.Итмұрынның химиялық құрамында, яғни оның жемісті шырынында (мг%):С дәрумені 200-ге дейін, каротн 8,0-12,0,В1-0,25, В2-0,6дейін,В3-0,88,РР-1,3,Е-0,69,К-0,4.Басқа қосындылардна пектин заттары 1,8-2,8%,илік және бояу заттар 0,1-4,7,қант8,1-11,6, органикалық қышқылдар 0,7-2,6%,темір, эфир майлары бар.Дәнінде 12%-ға дейін майлы қышқылдар:олеин 83,3%,линол 11,4%,линолен4,6% кездеседі.Итмұрынның бақ учаскесіне отырғызылған 3-4 түп бұтасы қыста бір отбасын бағалы дәруменді азықпен қамтамасыз ете алады.(3)Бұл жерде өсетін өсімдіктердің бір түрі-шәңгіш.Шәңгіш-әдемі гүлдейтін көпжылдық бұталы өсімдік.Биіктігіне қарай бір жарым метрден аспайтын аласа бойлы және 4 метрлік түрлері кездеседі.Еліміздің көгалдандыру саласында кәдімгі шәңгішті,канада шәңгіші деп аталатын түрлері көп қолданылады.Шәңгішті көгалдандыруда әдемі гүліне, күздегі сарыала жапырағына және әдемі қызыл дәніне бола өсіреді.Ол ерте көктемнен күздің соңына дейін жасанып тұрады.Жаздың басында аппақ гүлдерге оранып,күзге қарай ол гүлдері ашық қызыл жемістерге айналады.Ол пайдасы жағынан  басқа өсімдіктерден кем емес.Оның жемісінде С витамині апельсинннен де, мандаринннен де, лимонннан да көп.Оның құрамында біздің ағзамызға қажетті темір де аз емес.Емдік мақсатта шәңгіштің гүлін, жапырағын, жемісін, діңінің қабығын және тамырларын пайдаланады.Жемісінің құрамында адам ағзасына қажетті қант, органикалық қышқылдар, танин, пектин, дубильды заттар, эфир майлары мен дәрумендер көп мөлшерде болады.Жемісіне ащы дәм беретінвибурниннің шипалық қасиеті өте жоғары.Шәңгіштен жасалған дәрілерді қан қысымы көтерілгенде, жүрек ауруында, қабынуға қарсы, несеп айдауда, қан тоқтатуға, жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдаланады.(4).
Қорыта айтқанда Тарбағатай жотасының Кіндікті ауылында кездесетін дәрілік өсімдіктерге толығырақ сипаттама берілген.Дәрілік өсімдіктер туралы ғылыми медицина мен халықтық медицинада қандай ауруларға дәрілік мақсатта пайдаланылатыны жайлы толық мағлұматтар берілген.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Г.Бектұрғанова,География және табиғат/2/2009,47бет.
2.Флора Казахстана.Т.1-9,Алматы (1956-1966).Ә.Исамбаев және т.б.Халық медицинасында пайдаланатын дәрілік өсімдіктер.Алматы.2000.193бет.
3.Г.Бектұрғанова,География, биология,экология орта мектепте/мамыр-маусым/2009,29бет
4.Шәңгіш-уикипедия, Қазақсша Ашық энциклопедия.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *