Басы » Тарих » Батыр Бауыржан

Батыр Бауыржан

бауыржан момыш9лыАлматы облысы Қаратал ауданы
Үштөбе қаласы
Ортатөбе ауылы И.В. Панфилов
атындағы орта мектеп
Бекмұханбетова Қарлыға Ештайқызы.
Сабақтың тақырыбы: Батыр Бауыржан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтін мазмұнымен таныстыра отырып, Бауыржан Момышұлы туралы білімін тереңдете түсу.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тіл байлығынмолайту, логикалық ойлау , көру, сезу, қабылдау қабілеттерін дамыту .
Тәрбиелік: Өзара құрмет сенімін тудыру. Басқаның пікірінсыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу. Ел намысын , халқын қорғайтын адам достыққа, бауырмшылдыққа, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың өткізілу әдіс-тәсілері: әңгімелеу, сұрақ–жауап көрнекіліктерімен жұмыс, үлестірмелі перфокарталармен  жұмыс, (оқулық, карта)
Стратегиялары: Сын тұрғысынан ойлау

Қызығушылықты ояту стратегиялары (әлемді шарлау, топқа бөлу, топтастыру)
Мағынаны ажырату стратегиялары ( ой шақыру, Венн диаграммасы)
Ой толғаныс стратегиялары ( бес жолды өлең, орындағы, эссе)
Көрнекіліктері: Б.Момышұлының суреті, кітап көрмесі. Дүниежүзілік географиялық картасы.
Сабақ барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) үй тапсырмасын сұрау

  • Оқушыларды топқа бөлу (3 топ)

Үй тапсырмасын тексеру. «Мәңгі жасар өмір», «Нүркен».

Үй тапсырмасын қорытындылауға арналған Венн диаграммасы

Жаңа сабақ:

-Қызығушылықты  ояту.

Топпен жұмыс сипаттама-асс.

Мейірімді

Батыр

Адал

Елін қорғайды

Күшті

Ақылды

Батыл

Мықты

Көрнекілікпен жұмыс

Әлемді  шарлау ( Дүниежүзілік географиялық картадан Германия демократиялық Республикасын және астанасы Берлиннің орналасқан жерін көрсетіп, таныстыру)
Мағынаны ажырату кезеңі
Ендеше бүгінгі сабағымыз «Батыр Бауыржан» деп аталады.
Ой қозғау
-Балалар, 1945-1945ж. аралығында  қандай оқиға болды?
— 1941 ж. Германия демократиялық Республикасы мен Кеңес Одағыт (Совет  одағы) арасында Ұлы Отан соғысы болды.Сол соғысқа қазақ азаматы Бауыржан Момышұлы да қатысты, ерен еңбегін көрсетті.Олай болса бүгінігі сабағымыздың басты кейіпкері Бауыржан Момышұлы және оның еңбегі (халқына деген , ұлтына деген құрметі) жайында айтылмақ.
Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқып,оқушыларға оқытады.
— Сұрақ-жауап әдісі.
1.Дивизия қайда келіп түсті?
2.Полк командирлері командирлерді не үшін шақырды?(Алда атқарылатын істерді айтып)
3.Жиналысқа 20 шақты қазақ командирлері келген еді.
4. Мәжіліс біткен соң қазақ командирлері кімнің қасына келді?
5. Бауыржан айналасына көз салып, жігітттерге не айтты?
Ендеше, балалар осы Бауыржанның сөзін бірнеше топқа бөлініп талдайық.
Бауыржанның сөздерін 6 топқа карточка арқылы жұмыс істеу.1 минуттан кейін оқушылар өз топтарының шешімі арқылы сұраққа жауап береді.
-Бауыржанның жігіттерге қандай нақыл сөздер айтты? (Бауыржанның нақыл сөздері)
Балалар осы мақалды дәптерге жазып алады.
Сергіту сәті: Мен осындаймын (қимылмен)
(Түртіп алу кестесі)
Мәтінді негізгі бөліктерге бөлу:
А) Дивизияның Волколомск стансасына келу.
Ә) Бауыржанның нақыл сөздері.
Б) Ел намысы –ер намысы.
Қорытынды кезең
Үйге тапсырма:

  •  Бес жолды өлең.Қазақ тілі пәніне сүйене отырып,мына кесте бойынша балалар Бауыржан Момышұлына арнап өз ойынан өлең шығарады.

Зат есім

Кім?

Сын есім

Қандай?

Етістік

Не істеді?

Сезімді білдіру сөзі

Не үшін?

Ой түйсіндеу

Өз ойын айтады.

Эссе жазу.( өлеңді ары қарай жалғастыру)

Бағалау

  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *