Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Адамдық борышың

Адамдық борышың

Ақмола облысы
Ерейментау ауданы
Павловка орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі
Саяси Алтынгүл

Сабақтың тақырыбы:        «Адамдық борышың»  

Сабақтың мақсаты:

                                 а)    Шәкәрім өлеңдері туралы түсінік бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

                                   ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

                                   б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:      аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,үнтаспа, дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                          Үйге берілген  Шәкәрімнің «Жолама қулар маңайға» өлеңін жатқа сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

   1. Шәкәрімнің қандай поэмаларын білесіңдер?

    2. Кімдердің шығармаларын аударған?

   3. Қандай әндерін білесіңдер?

                                            б) Жаңа сабақты түсіндіру:

        Шәкәрім өлеңдерінің тақырыбы,көркемдік мазмұны сан қилы. Абай өнерінен үлгі алған ақын өлеңдерінен шығыс,батыс әдебиетінің өрнектерін көреміз.

Шәкәрім өлеңдерінң келесі бір саласы адамдық,азаматтық тақырыпта жазылған Бұл шығармалары өзіндік таза Шәкәрімге ғана тән стильмен ерекшеленеді.

Топпен жұмыс:  .    хронологиялық таблицаны толтырады.

1858 жылы дүниеге келеді

1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барады.

1908 жылы елден жырақта тастақта тұрады

1931 жылы қайтыс болады

 Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1 Шәкәрімнің қоғам қайраткері жөнінде не білесің?

2. Шәкәрім өзіне кімді үлгі тұтқан?

 Білімді бағалау:

                       Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 Үйге тапсырма:    Шәкәрімнің «Адамдық борышың» атты өлеңін мәнерлеп оқып, адамгершілік туралы мақал жазып келу

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *