Тайланд
Ресми атауы: «Крун Тхеп Маханакхон Амон Раттанакосин Махинтараюттхая Махадилок Пхоп Ноппарат Ратчатхани Буриром Удомратчанивет Махасатан Амон Пиман Аватан Сатит Саккатхатийя Витсанукам Прасит».
Мағынасы: «Періштелер қаласы, Ұлы қала, Қазыналы мәңгі қала, Индра құдайының ауызсу қаласы, Әлемдегі Алып астана, Тоғыз асылтаспен нәрленген әлемнің маңғаз астанасы, Бақытты қала, Молшылыққа толы керемет Хан Сарайы, Құдайды еске алатын шіркеу, Индра құдайының сыйлығы және Вишвакарман құдайының құрастырған қаласы». Тай елі астанасын қысқартып «Крунтеп» — «Періштелер қаласы» деп атайды. Атауының осыншама ұзындығымен Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Тайланд әлемдегі туризмнің орталығы, мысалы: 2012 жылы шетелден 20 млн. адам келсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 24 млн. Тайлықтар туристтерді «фаранг» деп атайды. Ол ағылшын тілінің «foreigner» (шетелдік) деген сөзінен шыққан.
Таиланд әліппесінде 44 дауыссыз дыбыс бар, оның ішінде 4-еуі қазір қолданылмайды. 28 дауысты дыбыс және дауыстың ырғағына қарай 4 диакритикалық таңба бар. Кириллица немесе латын әліппесіне ешқандай байланыспайды. Қарапайым сөздердің арасында бос аралық қалдырылмайды.
Аптаның күндері әр түрлі түсті бояумен белгіленеді. Бұл будда дінімен байланысы бар. Апта жексенбіден басталады ол — қызыл түсті «ұстамдылық», дүйсенбі «татулық» күні — сары түсті. Сейсенбі «демалыс» күн — қызғылт түсті. Сәрсенб — жасыл түс, Бейсенбі — сарғыш түсті, жұма — көгілдір түсті, сенбі «қорғаныс» күні — күлгін түсті.
Қызыл түстің ерекшелігі көп. Мысалы: Келісім шартқа немесе барлық маңызды құжаттарға қызыл сиямен қол қою, бұл ұятсыздықтың, әдепсіздіктің белгісі. Егер адамның есімін қызылмен жазып қойса, сол адамға ажал шақыру немесе өлген адаммен теңестірілді деген белгі.
Көбінесе шаштараз сәрсенбі күні жұмыс істемейді, сәрсенбі олар үшін қолайсыз, сәтсіз күн болып саналады. (ол күні тойда, мерекелік кештерде ұйымдастырмайды).
Ырым бойынша. Бақыт әкелетін сан ол — тоғыз. Айдың ішінде 9,19,29 күндері жұмыстарына сәттілік, бақыт әкеледі деп осы күндерді асыға күтеді. Сауда орындарында да бағаның соңын 9,99 аяқтайды, ол сауданың жақсы жүруіне ықпал жасайды-мыс. Ең бақыт әкелетін ай өздерінің күнтізбесі бойынша тоғызыншы ай ол біздерше тамыз айы. Көбінесе үйлену тойларын киелі тамыз айына белгілейді. Керісінше13 санын сәтсіздікке бағалап, одан қорқады.
Жаңажылды 31желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сосын Сонгкран фестивалінде немесе Қытай жаңажылында тойлайды. Сонгкран фестивалін Тайландта сәуір айының ішінде бірнеше күн бойы бір-бірлеріне су шашып, мерекелік шаралар ұйымдастырады.
Будда күнтізбесі бойынша өмір сүреді. Будданың қайтыс болған күнінен бастап жыл санау басталады, яғни б.з.б 543 жылы қайтыс болған болса. Қазір олардың күнтізбесінде 2557 жыл.
Дереккөз: Блогтайм.kz
[bws_related_posts]