Ақмола облысы
Степногорск қаласы
№ 8 орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Даркенбаева Зәуре Қазбекқызы
Сабақтың тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов»
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың Ш.Уәлиханов туралы білімдерін толықтыру;
Балалардың дүниетанымдарын, ойларын, тілдерін дамыту.
2.Тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
Визуалдық , аудиалық , логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ұлы Шоқандай зерек , білімді ізденімпаз болып, адамгершілікті, тарихты қасиеттеуге тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: сабақ – презентация
Көрнекіліктер: Оқушылардың жасаған презентациялары, буклет , географиялық карта,интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс:Тарих, қазақ тілі, информатика, география.
Жобалар әдісінің кезеңдері
Жобаның мазмұны: қазақ әдебиеті,қазақ тілі, қазақстан тарихы, география, информациялық технологиялар.
Жобаға қатысушылар: 10 сынып оқушылары
І. Мотивтендіру
Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.
Бірінші кезең- жалпы зерттеу мәселесін ұсындым. шығармашылық топтарды ұйымдастырдым.
Тақырыпқа қызығушылық қалыптастыру
Тақырыптарды таңдап алу.
ІІ. Жоспарлау кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет келісіледі.
-әдіс-тәсілдерді,шығармашылық топтардың сұрақтары мен тапсырмаларын анықтау;
-әр топ ақрараттарды жинап, деректемесін анықтау.
ІІІ. Ақпаратты жинау кезеңі
Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді; алыңған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.
жиналған ақпараттарды анықтап,нұсқаларын талғау;
ақпаратпен жұмыс істеу; зерттеу жүргізу.
Мен кеңес жұмысын жүргіземін,оқушылардың жұмысын үйлестіремін.
ІV. Рефлексивтік бағалау кезеңі
Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікіірталасқа қатысады, өзіне өзі баға береді, мұғалім бағалайды.
-презентацияларды , кроссводтарды , бюллетеньдерді жасау;
V. Қорытынды.
-жұмыс нәтижелерін талқылау; қателерін түзеу; қорыту, бағалау
Осымен оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды, олардың танымдық белсенділігі арттылады, ұжымдық қарым қатынастар арқасында қоғам
дағдылары жетілдіріледі. Шығармашылық қабілеттері арттырылады.
Жобалау технологиясының элементтерін сабақта да қолдануға болады. Оны мен төмендегі сабақ жоспарының үлгісінде ұсынып отырмын.
VI. Жобаны қорғау
Сабақ жоспары
1. Кіріспе сөз.
2. Жобаларды қорғау.
3. Жұмыс нәтижелерін талқылау; қателерін түзеу; қорыту
4. Бағалау
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.
2.Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру
II. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бүгінгі сабағымыз Шоқан Уәлихановқа арналады.
- Сабақтың ойқазығы ретінде мына өлең жолы оқылады:
Өміріңді сарп қып өлгеніңше, Жоба тап, Жол көрсет, Келешек қамы үшін. Қайтадан қайрылып, Қауымға келмейсің. Барыңды, Нәріңді тірлікте бергейсің, Ғибраталар артыңа із қалдырсаң, Шын бақыт, Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!
|