Нугуспанова Шынар Туленовна
ШҚО, Семей қаласы,
«№3 жалпы орта білім беретін
мектеп-кешені» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар
Пәні: Дүниетану | Күні: | Сыныбы: 2 | ||||
Сабақтың
тақырыбы |
Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар | |||||
Сілтеме | 1.Әдістемелік құрал 52-54 бет
2-сыныпқа арналған дүниетану оқулығы Авторлары : Қ.Аймағамбетова, Н.А.Ким, Г.Д.Мырзақанова Портал материалдары |
|||||
Мақсаты
|
Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру, жан-жануарларға қамқорлық жасауға баулу, бүкіл жанды табиғаттың қорек тізбегі арқылы бір-бірімен байланысы туралы ұғым қалыптастыру. | |||||
Күтілетін
нәтижелер
|
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды танып біледі. | |||||
Сабақтың түрі | Жаңа білімді меңгерту | |||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі | |||||
Қолданылатын әдістер | Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы. | |||||
Керекті жабдықтар
|
Демонстрациялық материалдар, «Жануарлардың көптүрлілігі», «Маған суық» ойынына керекті карточкалар. | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақ
кезеңдері |
Уақыт | Мұғалімәрекеті | Оқушы әрекеті | |||
Кіріспе
|
1 мин
3 мин |
Ұйымдастыру
Топқа бөлу Сыныптың оқушыларын пазылдар арқылы топқа бөлу
Психологиялық ахуал туғызу «Жануарлардың көптүрлілігі» плакатымен жұмыс. — Плакатты мұқият қарап, қандай жануарлар бейнеленгенін анықтау. — Осылардың әрқайсысы қай топқа жатады?
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, тест жұмысы алынады. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
|
оқушылар пазыл бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды. Критерийлер: «5»- 0 қате «4» — 1 қате «3»- 2-3 қате |
|||
Тұсаукесер
|
2 мин | «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Тақтадан су, жарық, тамақ, жылу бойынша суреттер көрсетіліп, сұрақтар қойылады.
— Нелердің суреттерін көріп тұрсыңдар? — Олардың қажеттілігі бар ма? — Қандай маңызы бар? |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. | |||
Негізгі бөлім
Білу
|
5 минут | Плакатта көптеген өсімдіктер бейнеленген. Өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайларды еске түсіру.
-Ал бүгінгі сабағымыз жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы болады. — Ауаның қандай жерлерде болатынын болатынын есіңе түсір. -Жауын құрты қандай пайда келтіреді? — Балық қалай тыныс алады? |
1.Оқулықпен жұмыс, 84-86 бет. | |||
Түсіну
|
5 мин
|
Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
1.Оқулықпен жұмыс Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу. Мұғалім мәнерлеп оқиды. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі. |
Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына мәтіннің мазмұнын түсіндіреді. | |||
Қолдану
|
5 мин
|
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу. Топтық жұмыс. «Аукцион» ойыны Мұғалім өтілген тақырып бойынша сынып оқушыларына арнап сұрақтар дайындайды. Ойынды жүргізу үшін гонг керек. Жүргізуші аукцион өткізеді: сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды, жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жауап үшін көп фишка жинаған оқушы жеңімпаз атанады. |
Оқушылар тапсырмаларды топпен орындайды.
|
|||
Сергіту сәті
|
2 мин | «Торғай мен мысық» өлеңі бойынша сергіту сәтін жүргізу. | Оқушылар әуен сазымен қимылды орнында жасайды. | |||
Талдау
|
5 мин | Мақсаты:
Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру. «Мен қандай баламын?» ойыны «Ойтолғаныс» кезеңі «Ауаның маңызы» шағын эссе жазу |
Оқушылар эссе жазады.
|
|||
Жинақтау
|
8 мин | Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау «Маған суық» ойыны. Жануарлар суыққа қалай бейімделеді? Жануарларды олардың тұратын баспанасымен сәйкестендіріңдер. |
Оқушылар топпен тапсырманы орындайды, ортаға шығып қорғайды.
Оқушылар көрші топты бағалайды. |
|||
Қорытынды
Рефлексия |
6 мин | Өзің білетін/ үйренген 3айғақ, өзіңді толғандыратын 2сұрақты және жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қолдануға болатын 1 іс- әрекет түрін ата. | Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
|||
Үйге тапсырма | 1мин | Үй маңайына бақылау жүргізу. Қандай құстарды көрдің, олар немен қоректенеді? Өзің қалаған бір жануардың тіршілігі туралы дәптеріңе жаз.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. | |||
Бағалау | 2 мин | Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. | Оқушылар бағалау парақшалары арқылы топтағы көршілестерін бағалайды. | |||