Басы » Аттестатция » Мұғалім неліктен өзгеруі керек?

Мұғалім неліктен өзгеруі керек?

mugalimШҚО, Семей қаласы,
«№3 жалпы орта білім беретін
мектеп-кешені» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі

Нугуспанова Шынар Туленовна

Мұғалім неліктен өзгеруі керек?   (Эссе)

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. «Маған мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ы.Алтынсарин бекер айтпаған.

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында

Мұғалім неліктен өзгеруі керек? Оқытудың  мақсат- міндеттерін, бағасын білгендіктен өзгереді. Дұрыс жұмыс істеп, басқаларға үлгі бола білу үшін өзгереміз.  Қазіргі заман ағымына сай тұлға тәрбиелеу үшін барымызды саламыз, өз білгенімізді бала бойына сіңіріп, жақсы тәрбиеленген, алғыр, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі кезде жан-жақтан берілетін ақпарат құралдары көп болғандықтан оқушылар оны тез қабылдайды. Соның салдарынан олардың тіл байлықтары дұрыс жетілмейді. Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін оқушымен жан- жақты дұрыс жұмыстар жүргізілу қажет. Ұстаздар қауымы өздеріне жүктелген міндеттерге мойынсұнып, үздіксіз жұмыс жүргізуіміз керек.

Мұғалімнің негізгі басты мақсаты — рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болып, өзгеру керек.Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.

Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу.

Мұғалімнің негізгі басты мақсаты — рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.

ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

Осыдан түйгенім: жаңа ақпараттық технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген  ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмірдің өзі дәлдеп отырған жоқ па?!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *