Қызылорда облысы
Арал ауданы
Сексеуіл кенті
№177 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Айдаралшиева Ләззат
Сабақтың атауы: |
Ө.Тұрманжановтың «Малсақ бала» өлеңі |
|
Сілтеме: | Жоспар, 3 сынып оқулығы, слайд, бастауыш сыныпта оқыту журналы, әдістемесі, энциклопедия, әдістемелік кітапшалар, топтамалар, ғаламтор. | |
Жалпы мақсаты: | ü Оқушылардың Ө.Тұрманжанов туралы білімдерін кеңейте отырып, «Малсақ бала» өлеңінің идеясы мен мазмұнын ашу және сауатты оқуға бейімдеу.
ü Балалардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын ірікпей айтып, дәлелді сөйлей білуге үйрету және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, актерлік шеберлікке бейімдеу ü Оқушыларды қазақтың ұлттық кәсібі төрт түліктің күтімі мен олардың атауларын білуге үйрету және оларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. |
|
Күтілетін нәтиже: |
|
|
Міндеттері: | ü Өлеңнің негізгі ойын түсініп, қорытынды жасайды;
ü Топқа бөлініп, өзара пікір алмасады, қорғайды; |
|
Тапсырмалар: | Топтық, жұптық, ұжымдық. | |
Сабақтың барысы: | — Ұйымдастыру кезеңі;
— Психологиялық дайындық; Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат, Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат. Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық, Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық. |
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қызығушылығын ояту: | Сыныпты топқа бөлу (төрт түлік пірлері бойынша), топ ережесін еске түсіру. | Әр оқушы өзіне тиісті орынға отырады, топ басшысын сайлайды. |
Үй жұмысын тексеру: | «Кешегі күн» тақырыбына әңгіме жүргізу
(І топ — С.Сейфуллин “Дала” өлеңі ІІ топ — Ғ.Мүсірепов туралы мағлұмат ІІІ топ — “Көлде“ мәтіні ІҮ топ — Сурет бойынша әңгіме |
Әр топтан бір-бір оқушы шығып, бөлімдер бойынша түсінік айтады. Топ топты өзара бағалайды. |
Жалпы сұрақ
|
Шапшаң жауап беру. | |
Жаңа сабақ: | 1. Төрт түлік туралы мағлұмат
2. Бүгінгі сабақта Ө.Тұрманжановтың «Малсақ бала» өлеңімен танысатындығын хабарлау. 3. Автор туралы мағлұмат беру. 4. Өлеңді оқу. |
Оқушылар мұқият тыңдайды |
Оқулықпен жұмыс: |
Әр топ бір-бірін бас бармақпен бағалайды |
|
Сұрақ-жауап | Сұрақтар қою | Жауап беру |
Сергіту сәті |
||
Тақтамен жұмыс: | Тақтаға қойдың суретін шығару. | Қойды сипаттау және оның пайдасын жазу |
Топпен жұмыс |
||
Сөздікпен жұмыс (І топ): | Тақтаға өлеңде кездескен жаңа сөздерді шығару | Тақтада көрсетілген сөздердің орысша мағынасын табу |
“Мың бір мақал” ойыны (ІІ, ІІІ топтар) | Бір оқушы мақалды бастайды екіншісі жалғасын табады. | |
Тыйым сөздер (ІҮ топ) | Оқушылар төрт түлікке байланысты тыйым сөздер айтады. | |
Сахналық қойылым: | Оқушылар өлең кейіпкерлерін сомдайды. | |
Қой туралы әңгіме | Қойға қатысты қазақ даналығын айту | Тыңдау, ой түю |
Постермен жұмыс: | Қадағалау, бағыттау | Тақырыпқа байланысты бейнелеу |
Сабақты қорыту: | Бұл сабақтан қандай ой түйдік? | Оқушылардың жауабы |
Үйге тапсырма: | І топ – Қой, ешкі атауларын жазу
ІІ топ – Қой туралы эссе жазу ІІІ топ – Қой туралы өлең шығару ІҮ топ – қой туралы жұмбақтар жазу |
Күнделіктеріне жазып алу |
Оқушыларды бағалау | Журналға жиынтық баға қою | Топ басшысы бағалайды. |
Рефлексия | Оқушыларға стикерлер таратылады | Оқушылар ҰНАДЫ, ҰНАМАДЫ, СҰРАҚ жазады |