Басы » Баяндамалар » ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Қызылорда облысы
Арал ауданы
Сексеуіл кенті
№177 орта мектебінің
бастауыш сыныпмұғалімі
Айдаралиева Ләззат
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Білім — шамшырағы жұрттың күнде
Жанып ап, жаңылдырмас жеті түнде»Жүсіп Баласағұни
«Технология» — ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы,  даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің  мәнін  анықтап, сипаттама беруді қажет етеді.
Оқытып — тәрбиелеудегі негізгі мақсат — оқушыларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек ете білуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілген жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәнді ойын түрлері, оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеді. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету жас бүлдіршіндердің білімге ынта — ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. Бір сарынды сабақтар баланы жалықтырып, оқушының сабаққа ынтасын төмендетіп жібереді. Бастауыш сынып оқушылары ойын баласы болғандықтан, сабақ тақырыбына байланысты ойын элементтерін көбірек енгізіп сабақты түрлендіріп, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырып отыруы қажет. Ойын арқылы баланың сөйлеу қабілеті, оқуға деген ынтасы, белсенділігі арта түседі.

Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмыстың дұрыс таңдалып алынып, құрастырылуына байланысты болады.
Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет — журналдармен, интербелсенді тақтамен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен жұмыс істеуге талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Осы тұрғыда мен өз тәжірибемде қолданған сындарлы оқыту теориясының әдіс-тәсілдерімен бөліскелі отырмын.

Сабақтың атауы:

Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

Сілтеме: Жоспар, 3 сынып оқулығы, слайд, бастауыш сыныпта оқыту журналы, әдістемесі, энциклопедия, әдістемелік кітапшалар, топтамалар, ғаламтор.
Жалпы мақсаты: ü Оқушылардың құстар және олардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейте отырып, құстардың адам өміріндегі маңызды рөл атқаратындығын ұғындыру.

ü Оқушыларды табиғатты қорғауға аялап күтуге, бірлікке, ынтымаққа, ауызбіршілікке, өзара бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелеу.

ü Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, тіл байлығын, сөйлеу және актерлік шеберлікке бейімдеу.

Күтілетін нәтиже:
  • Ø Оқушылар құстар туралы толық мағлұмат ала отырып, олардың адам өміріндегі маңызды рөл атқаратындығын ұғынады.
  • Ø Құстардың қасиеттерін зерделеу арқылы оқушылар бірлікке, ынтымаққа, ауызбіршілікке, өзара бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады.
  • Ø Сабақ барысында оқушылар сөйлеу, сахналау арқылы  сөйлеу және актерлік шеберлікке бейімделеді.
Міндеттері: ü Ертегінің негізгі ойын түсініп, қорытынды жасайды;

ü Топқа бөлініп, өзара пікір алмасады, қорғайды;

Тапсырмалар: Топтық, жұптық, ұжымдық.
Сабақтың барысы: — Ұйымдастыру кезеңі;

— Психологиялық дайындық;

Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту: Сыныпты топқа бөлу (жыл мезгілдері бойынша), топ ережесін еске түсіру. Әр оқушы өзіне тиісті орынға отырады, топ басшысын сайлайды.
Үй жұмысын тексеру: «Кешегі күн» тақырыбына әңгіме жүргізу

(І топ — «Әке мен бала»

ІІ топ — «Әкенің шеберлігі»

ІІІ топ — «Жаз»

ІҮ топ — «Әнге құштарлық»)

Әр топтан бір-бір оқушы шығып, бөлімдер бойынша түсінік айтады. Топ топты өзара бағалайды.
Жалпы сұрақ — «Әкенің тәлімі» — деген сөзді қалай түсінесіңдер?

«Әннің құдіреті» — деген не?

Шапшаң жауап беру.
Жаңа сабақ: 1. Картадан Үндістанды көрсетіп, қысқаша түсінік беру.

2. Бүгінгі сабақта үндінің «Құстар айтысы» ертегісімен танысатындығын хабарлау және ертегіні мазмұндау.

3. Ертегі кейіпкерлерімен жұмыс

4. Құстарды жіктеу.

Оқушылар мұқият тыңдайды
Оқулықпен жұмыс:   Ертегіні тізбектей оқу. Әр топ бір-бірін бас бармақпен бағалайды
Сөздікпен жұмыс:   Тақтада көрсетілген сөздерге мағлұмат беру.

Сергіту сәті

Топпен жұмыс: І топ – “Ынтымақ”

ІІ топ – “Алауыздық”

ІІІ топ – Тордағы құстар

ІҮ – Құстардың пайдасы

(Әр топ тапсырмалары тақтада көрсетіледі)

Әр топ оқушылары берілген тақырып бойынша постерге бейнелейді. Өзара топта бағдаршам арқылы бағалау
Сахналық қойылым:   Оқушылар ертегі кейіпкерлерін сомдайды.
Қорытынды: Бейнефильм көрсету Бейнефильмде көрсетілген құстарды есте сақтай отырып, дәптерге түсіру
Үйге тапсырма: І топ – Құстар туралы жұмбақ

ІІ топ – Құстар туралы мақал-мәтелдер

ІІІ топ – Бірлік туралы мақал-мәтелдер

ІҮ топ – “Құстар-біздің досымыз” шығарма

Тақтада берілген тақырыпты әр топ оқушылары күнделіктеріне жазады
Оқушыларды бағалау Журналға жиынтық баға қою Топ басшысы бағалайды.
Рефлексия Оқушыларға стикерлер таратылады Оқушылар ҰНАДЫ, ҰНАМАДЫ, СҰРАҚ жазады

 

Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалардың да сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсете қоймас еді. Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен сабақ өтуім оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл әрине қазіргі қоғам мен мектептің басты талабы болғандықтан, осы талаптарды әрі қарай дамыту әрине әр мұғалімнің парызы.

Оқытудың әр сатысында мұғалім мен оқушының іс – әрекеті бір-бірімен үйлесімін табу керек. Мұғалім оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе, оқыту барысында алдына қойған мақсатына жетіп, нәтижесі де жоғары болмақ.

Мен өз баяндамамды: «Оқушы толтыратын ыдыс емес, оқушы — бұл алау, оны жаға білу керек» — деген ұстанымыммен аяқтаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *