Басы » Биология » Сүт қоректілер

Сүт қоректілер

sytШҚО ,Тарбағатай ауданы ,Кіндікті ауылы
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бектурова Балжан Алдабергенқызы
Тақырыбы: Сүт қоректілер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: жануарлар әлемі туралы түсінік бере отырып, алған білімдерін тексеру
2.Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, алған білімдері бойынша қорытынды шығара білу қабілеттерін арттыру.
3.Тәрбиелік: балаларды табиғаттың жанашыры болып, оны қорғауға, үлестерін қосуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызбалар, аңдардың суреттері, плакаттар, интерактивті тақта.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:    
Сәлемдесу. Түгендеу.                                                                                                                              
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
  2.1Сұрақ-жауап.
1.Рептилия дегеніміз не?  (Бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы)
 2.Панцирь дегеніміз не?  (Тасбақалардың тас сияқты терісі)
 3.Қызыл кітапқа енгізілген бауырымен жорғалаушы (сұр келес)
4.Жыланның уын қайда пайдаланады (медицинада)
  2.2.Шығармашлық жұмыс. Балалар сендерге үйге өздеріңнің қалауларың        бойынша бір жорғалаушыға сипаттама жазып келуге берілген. Қане соны қазір тыңдайық.
ІІІ.Жаңа сабақ. Сүтқоректілердің барлығы баласын тірідей туып, емізіп сүтпен қоректендіреді. Сүтқоректілердің бас қуысындағы миы үлкен және сезім ағзалары жақсы жетілген. Жыртқыштардың аяғында жақсы дамыған тырнақтары бар. Сүтқоректілердің табаны мүйізді тұяқтардан тұрады. Ал түйенікі жалпақ етті табан. Балалар мына көрсетілген суретте қандай сүтқоректінің аяғы көрсетілген. Мен сендерге жұмбақ жасырайын сонда сендер қай сүтқортектінің аяғы екенің табасыңдар.
 
1.Аң, патшасы десекте піл, керіктен жасқанған.
Мысық текті хайуан, зебра көрсе бас салған,
Білсең айт,
Білмесең келіп қайт. (Арыстан)
Суда тіршілік ететін сүтқоректілер итбалық, морждың аяқтары қанат сияқты ескекті. Кит пен дельфиндерде артқы аяқ мүлдемге жоқ. Ал жарқанаттардың алдыңғы аяқтары нағыз қанатқа айналған. (Суретке қарап жануарлар тобын жіктеу.) Сүтқоректілердің маңызы алуан түрлі. Біреуінің терісі, екіншісінің еті мен терісі бағалы.
2.  Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып
Емге шипа бұл-дағы
Ол не? (Бұғы)
Бұғының мүйізі дәрі-дәрмек алу үшін пайдаланылады. Үй жануарлары адамды етпен, жүнмен, терімен, сүтпен қамтамасыз етеді. Кейбіреулері көлік ретінде пайдаланылады. Сүтқоректілердің ең үлкен тобы – кемірушілер: тышқан, егеуқұйрық, ақтиін, атжалман, саршұнақ, суыр, ондатр, кәмшат, т.б.
3. Тұмсығы насос, кранда,
Таң қаламын бұл аңға
Шөпті қорек етеді
Тиіспейді еш жанға (Піл)
Піл – басқа жануарларға ұқсамаған. Ең ерекше ағзасы – ұзын тұмсығы. Тұмысғымен ауыр бөренелерді көтере алады.
4. Арғы тегі жағынан
Адамға жақын келетін
Мәңгі жасыл орманда
Африкада өмір сүретін
Аса үлкен маймылды
Кім айтады айбынды? (Горилла)
Маймылдар арасындағы адамға ұқсасы және ақылдысы горилла, орангутан, шимпанзе. Аңның балалары туғаннан бастап көп нәрсені ата-анасынан үйренеді. Алғашында өзінің ата-анасының қайсысы екенін  жаттаса, кейіннен туысқандарын танып білуге тырысады. Түлкі, аю, кірпілер-өзінің жанұясымен, бұғы, елік, бұлан-отарымен, қасқырлар болса –үйірімен танысады. Алғашқы екі жылында аңның балалары ұя салуға, және ін қазуға үйренеді.
ІV. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз
Мойнымызды бұрамыз
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып жұмамыз,
Содан соң төмен түсіріп,

 

Алақанды соғамыз,
Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз,
Жаттығу жасап осылай,
Үлкен боп ертең шығамыз.
Ү.Бекіту кезеңі.

Кестені толтыр.

Тұяқты Су жануары Кеміруші Жыртқыш
СиырБұғы ИтбалықДельфин Егеуқұйрық Арыстан

Тест сұрақтары

1.Сүтқоректілерге қайсысы жатады?

А)Балық, құс              Ә)Сиыр,Бұғы
2.Жыртқыш аңдарды тап
А)Арқар, Құлан, Түйе                  Ә)Қасқыр, Түлкі, Аю
3.Балықтар қайда тіршілік етеді?
А)Суда                Ә)Орманда
4.Бауырымен жорғалаушылар қайсысы?
А)Жылан, Кесіртке                  Ә)Қоңыз, Көбелек
5.Бақа жануарлардың қай түріне жатады?
А)Қосмекенді                 Ә) Бауырымен жорғалаушы
Суретке қарап үй жануарларының біреуін таңдап, әңгіме құрастыр.
ҮІ.Бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма. сүтқоректілердің біреуіне шағын шығарма жаз.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *