Басы » Өзін - өзі тану » Табиғатқа құштармын

Табиғатқа құштармын

tabigatБҚО,Теректі ауданы,Айтиев БМ

Пән: Өзін-өзі тану

Мұғалiм:Танатарова Шолпан Каратаевна

Тақырып: Табиғатқа құштармын                   

Құндылық:қиянат жасамау

Қасиеттер:сүйіспеншілік,қамқорлық.

Сынып:1

Мақсаты: «Қиянат жасамау»ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

—          Табиғат қамқорлық қажет ететінін туралы білімдерін кеңейту.

—          Оқушылардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту.

—          Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Ресурстар:/құралдар,мәліметтер/
Барысы:1)Ұйымдастыру бөлімі.1.Сәлемдесу.    2.Оқушыларды түгіндеу.3.Ережелерді қайталау:сабақта біз….тәртіп,талап,тыныштық,татулық,тазалық қатан сақтауымыз керек.

4.Балдарды ұсыну.Сабаққа дайындығын тексеру:оқулық,дәптер,қарындаш,өшіргіш,

ұштағыш.

2)Тыныштық сәті:
-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

3) Үй жұмысын тексеру: -Мәтінді оқып келдіңдер ме?/Ә.Ысқақовтың «Табиғат деген не?»әңгімесі/Әңгіменің мазмұнын сұрау.

Сұрақтар:

-Сонымен, балалар Табиғатқа не жатады екен?

-Неліктен табиғатты Анаға теңейміз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өзін-өзі тану»оқулығы 1 сынып,27-сабақ

 Дәйексөз.

«Таза болса табиғат,аман болар адамзат»    Ф.Оңғарсынова

-Табиғатсыз өмір сүру мүмкін бе?

-Егер адамдар ағаштарды кесіп,гүлдерді жұлып,ауаны,суды,жерді ластаса не болады?Қалай ойлайсыңдар?/балалардың жауаптары/

-Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті  түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы болады. Табиғатты аялап, оған еш қиянат жасамай,сүйіп,оған қамқоршы болуымыз керек. Сонда ғана  бәріміз де аман боламыз,бақытты өмір сүре аламыз.Адам үшін табиғат – кең сарай,мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!

Бүгінгі сабағымыздағы дәйексөзді дәптерге жазып алайық/дәптер,47бет/

 
Әңгімелесу.   «Екі түп алма ағашы»

/аңыз әңгіме/

      Бір бағбанның қолына екі түп алма ағашының көшеті түседі. Бағбан әлгі көшеттерден өздерін қай жерге отырғызғанын қалайтындықтарын сұрайды. Сонда біріншісі

-Мені көлеңке емес, үнемі күннің көзі түсіп, су тиіп, елдің көз алдында болатын жерге отырғызыңыз. Және жиі қопсытып, қарап тұрғаныңызды қалаймын, -дейді. Ал екеншісі болса:

-Маған бәрібір, сіздің онсыз да бақта басқа шаруаларыңыз жеткілікті, сондықтан мені, не түспеуі де міндетті емес. Орын болмаса, басқа алма ағаштарының қасына еге салыңыз, — дейді.

Бағбан оларды өз тілектеріне сай отырғызады. Бірінші түп алма ағашы тез бой көтеріп, жайқалып күн астында құлпырып өсе бастайды. Бағбан күнде оны суарып, түбін қопсытып жүреді. Өсе келе ол керемет жеміс береді. Жан-жағына төгіле пісіп, көздің жауын алады. Көрген адамдар оған таң-тамаша еді. Екінші түп алма болса, сол күйінде баяу өсіп, берген жемісін құрт басып кетеді. Адамдардар да оған аса мән беріп қарай бермейді.

-Бағбанның сұрағына қай алма ағашы дұрыс жауап берді деп ойлайсыз?

-Екінші алма ағашы неліктен жеміс бермеді?

«Өзін-өзі тану»журналы
Шығармашылық жұмыс:

Жағдаяттар шешу:

1 топ: Сен келе жатырсың,  екі бала жас шыбықты сындырып жатыр екен. Сенің әрекетің?

2 топ: Тәртіпсіз бір бала құстарға тас атқылап жүр. Соны көргенде, сенің іс әрекетің?

Талдау: неліктен осындай әрекет жасадыңыз?

 
 Топпен ән айту. «Жас дәуірдің түлегіміз»

Сөзін жазған: Е.Өтетілеуов

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев

1.Бау-бақша, белдер,

Орман тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз!

2.Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз.

 
 Үй тапсырмасы: «Орманшының баласы»мәтінін оқып келу.

Өздеріңе ұнаған табиғат көріністерінің суретін салып келесіңдер.

«Өзін-өзі тану»оқулығы 1 сынып,28 сабақ. Дәптер,35б.
Тыныштық сәті./баяу музыка ойнатылады;оқушылар көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып,іштей өздеріне,мұғалімге,барлық әлемге тыныштық,сүйіспеншілік жолдап,ризашылықтарын білдіреді/Сабаққа қатысқандарына рахмет!  

 

  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *