Балқаш қаласы
Жалпы білім беретін №9 орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі
Баймуратова Дина Байжановна
Тақырып: Адамның шығу тегі, Қазақстан территорясындағы ежелгі адамдар.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Адамның пайда болуы туралы эволюциялық және діни ілімдердің қалыптасып, даму тарихы және
адамның даму сатысы туралы білім беру.
Дамытушылық: Адамның пайда болуы туралы түсініктерін дамыту. Адам дамуының әр сатысындағы қол жеткізген жетістіктерін салыстары отырып , айырмашылығын, ортақтығын тауып, ой қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға бүгінгі адамзат баласы осындай қалыпқа детуі үшін ұзақ та қиын кезеңді басынан кешіргенін, оған еңбектің арқасында жеткенін айта отырып, еңбексүйгіштікке, ал адамның пайда болуы туралы діни түсінікті қалыптастыра отырып оларды имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: суреттер, карта, оқулық
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Оқу-құрал жабдықтарының даярлығын тексеру
Зейіндерін сабаққа бұру.
- ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Тарих дегеніміз не?
Адам түрі |
Табылған уақыты |
Табылған жері |
Еңбек құралдары |
Ерекшелігі
|
гоминид | 2,5-3 млн. жыл бұрын | Африка мен Азия | Адамға ұқсас тіршілік иесі | |
Австралопитек | 2,5 млн жыл бұрын | Шығыс Африка | Бір жағынан өткірленген тас құрал | Қолдары дамыған бас бармағы мықты болған |
Тік жүретін адамдар:
1) Питекантроп
2) синантроп |
800-500 мың жыл бұрын
500-200 мың жыл бұрын |
Ява аралы
Қытайдан
|
Тас қару-жарақтар, аңшылыққа, шаруашылыққа қажетті тас құралдар |
Бел омыртқасы мен тізе сүйегі тік жүруге бейімделген.
Австралопитектің миы 600-650 см3болса, синантроп пен питекантроптыке 1000 см3 |
Неандерталь «Ақылды адам»
|
Б.з.б. 200-40 мың жыл бұрын | Германия | Ағаш, тас, сүйек құралдарын пайд. | От жаққан баспана салған, діни түсініктері қалыптасқан. |
Саналы адам
Хамо сапиенс |
40-35 мың жыл бұрын | Франция Кро-маньон үңгірі | Адамның қалыптасу үрдісі аяқталды. |
- Тарихи жәдігерлерге нелер жатады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Адамның пайда болуы және дамуы
Қазақстан жерінде алғашқы адамдар осыдан 1 миллиондай жыл бұрын пайда болған. Әрине, алғашқы адамдардың сүйегі біздің жерімізден табылған жоқ. Бірақ олар пайдаланған құралдар, алғашқы адамдардың тұрақтары көптеп табылған.
Алғашқы адамдардың тіршілік етуіне әсіресе Қазақстанның оңтүстігі өте қолайлы еді. Қазіргі Жамбыл облысыныңи Қаратау маңынан табылған ежелгі адамдардың тұрағы осыны дәлелдейді.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
- Австралопитек қашан өмір сүрген?
- Тік жүретін адамдарды ата?
V. Үй тапсырмасы: 13 параграфты оқу.
[bws_related_posts]