Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы
Мойынқұм ауылы
№8 Мойынқұм колледжі
Наушабекова Айгүл Айтбайқызы
«Қарапайым HTML файлын жасау» Зертханалық жұмыс
Экрандағы мәтін орналасу түрін өзгерту.
Мақсаты:
HTML тілінің негізгі командаларын үйрену;
Қарапайым HTML файлын жасау;
Экранға мәтін орналастыруды үйрену;
Экрандағы мәтін орналасу түрін өзгерту
Қарапайым HTML файлын жасау
Блокнот редакторы терезесінде қарапайым HTML файлын теру керек:
Файлды br.html атымен сақтаймыз да, Блокнот терезесін жауып қоямыз.
Жасалған құжатты көру үшін, br.html файлын тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, ашылған мәзір терезесінен «Отқрыть с помощью — кез келген интернет браузерді таңдап аламыз, мысалы Google шертеміз. Интернет браузер ашылған соң, төмендегі суреттегі Web құжатты көреміз.
Экрандағы мәтін орналасу түрін өзгерту
HTML файлында төмендегі тэгалар қолданылады:
Жолдарға өту үшін <BR> тэгасы, ал азат жолдардан бастау үшін <P>…</P> тэгасы .
br.html файлын Блокноттан ашып, оған келесі өзгерістер енгіземіз:
Web құжат келесі түрге өзгереді
Жеке симводар мен сөздерді бейнелеуді басқару
Жеке символдар мен сөздерді бейнелеуді басқару үшін мәтін үзінділерін бөліп алу тэгасы қолданылады.Мәтін үзінділерінбөліп алудың 3 түрлі тэгасы бар,олар:<В> – қарайтылған мәтін;<I>-қисайтылған мәтін;<U>-асты сызылған мәтін. Бұл тэгаларды ашқан соң, міндетті түрде жабу керек
br.html файлын Блокноттан ашып, оған тағы өзгерістер енгізейік:
Web құжатта өзгерістер төмендегіше:
Тақырып стильдерін қолдану мен құжаттар өлшемін беру
Тақырыптардың 6 тэгасы қолданылады, олар <H1>… </H1>, <H2>…</H2> … <H6>…</H6>
Жазылу форматы :
<Hn> мәтін </Hn> , мұндағы n=1.2. …6
Блокнотта жасап отырған файл мәтініне келесі жолдарды жазамыз:
Блокнотта жасаған өзгерістерді сақтауды ұмытпау керек.
Web құжаттын түрі мынадай болды.
Мәтіндерді көлденең бағытта туралау
HTML тэгалары арқылы мәтіндерді көлденең бағытта туралауға болады. Ол үшін ALIGN=:атрибуты қолданылады. Атрибуттан кейін мәтіндерді қай бағытқа туралайтын тэг жазылады:
ALIGN=CENTER — ортасына туралау
ALIGN=RIGHT — оң жақ шетіне туралау
ALIGN=LEFT — сол жақ шетіне туралау
Web құжатта мәтін фрагменттері жол ортасына, оң жаққа ығыстырылып орналасқаның байқауға болады.
Тапсырмалар
1 тапсырма:
-
Алдынғы №1 зертханалық жұмыста жасап, сақтаған HTML файлынды Блокнот редакторында аш.
<HTML>
<HEAD> ОП-230 тобы
<TITLE> МОЙЫНКУМ КОЛЛЕДЖ</TITLE>
</HEAD>
<BODY>
ЭЕМ ОПЕРАТОРЫ
</BODY>
</HTML>
-
<HEAD> ОП-230 жазуын Н1 тэгасымен жаз.
<HEAD><H1><B> ОП-230 тобы </B></H1>
-
ЭЕМ ОПЕРАТОРЫ мәтінің келесі мәтінге ауыстыр:
<H2 ALIGN=CENTER><U> ЭЕМ ОПЕРАТОРЫ </U></H2> <BR>
-
Келесі қатарға мына мәтінді теріп жаз:
<H4 ALIGN=RIGHT> <I> он жакка ыгыстырып кисайтылган жазу </I> </H4> <BR>
-
Одан кейін мына мәтінді жаз:
<H4 ALIGN=LEFT> <B> cол жакка ыгыстырып карайтылган жазу жазу </B> </H4> <BR>
Ескерту: Блокнот редакторына өзгеріс енгізген сайын, оны сақтауды ұмытпа.
Егер тапсырма дұрыс орындалса, онда төмендегі Web-құжатты көресіндер.
2 тапсырма:
1 тапсырманың 4 және 5-ші пунктерін өзгерту арқылы Web-құжатты төмендегі түрге келтір.
Бақылау сұрақтары:
-
Келесі жолға өту үшін қандай тэг қолданылады?
-
Азат жолдан бастау тэгі қандай?
-
Қисайтылған мәтін жазу үшін қандай тэг қолданылады?
-
Тақырып стильдерін жазу үшін тақырыптардың қанша тэгасы бар?
-
Мәтіндерді көлденең бағытта туралау үшін қандай атрибут қолданылады?
-
Мәтінді ортасына туралау қалай жүзеге асырылады?
-
Мәтінді оң жаққа қалай туралаймыз?
-
Тэгтерді жабу символы қандай?