Басы » Ғылыми жобалар » Мәшһүр – Жүсіптің әулиелігі

Мәшһүр – Жүсіптің әулиелігі

mashurПавлодар облысы Баянауыл ауданы
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Тақырыбы: Мәшһүр – Жүсіптің әулиелігі
Секция: Тарих
Жетекшісі: тарих пән мүғалімі Каукенова Алия Қанатқызы
Мазмұны:
І. Кіріспе:

Данышпан ата-Мәшһүр Жүсіп.
ІІ. Негізгі бөлім.
Әулие, дара, тұлға.
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр арасындағы алтын көпір.
Адамзаттың әулиесі атанған Мәшһүр Жүсіп (Машһүр жайлы бірер сөз).
ІІІ. Қорытынды.
Қазақ халқының маңдайына қасқайып біткен азамат
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Пікір. 
Кіріспе
 
Жаратушы Алла халқымызға аса талантты, өнерлі, қасиетті, кемеңгер адамдарды мол берген. Сол адамдардың бірі ХІХ – ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген,өзіміздің Баянауыл өңірінен шыққан данышпан атамыз Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Мәшһүр – Жүсіп Көпеевтің шығармашылығына терең үңілген сайын оның әдебиетімізге қосқан үлесі айқын аңғарылып келеді. Мәшһүр – Жүсіп Көпеев әр туындысында сөз зердесіне үлкен көңіл бөлгендігін айқын аңғаруға болады.
         Мәшһүр – Жүсіп Көпеев қазақ халқының мәдени мұрасына ерекше сүйіспеншілікпен қарап мол мұраны жинау арқылы өзіндік ғылыми ой-қабілетін айқындатып,мойындатқан жан. Көпеевтен қалған мол мұра ішінде әлеуметтік мәселесіне арналған неше алуан шағын көлемді шығармалар, ұзақ оқиғалы хикаялар, айтыстар, шежірелер, тарихи материялдар, фольклор үлгілері бар.
Заманында және бүгінде аты жер жарған Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының есімі әйгілі, Алланы аузынан тастамайтын, Алаш жұртының көз алдында өшпейтін, өлмейтін нағыз әулие екенін айғақтайтын аңыз — әңгімелер өте көп.
         Ал аңыздың ақиқат екенін ескеретін болсақ, әулиелік,дарындылықтың әркімнің пешенесіне жазыла бермейтін ерекше қасиеттер екеніне көзіміз жеткендей болады. «Әулие,дара тұлға» деген киелі сөз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы біртуа тұлғаға айтылғандай. Қазақтың кең даласында өскен, дархан мінезді, дуалы ауыз,әулие Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, бөгеліп қалған бұлақ көздерін ашып, кейінгі жас ұрпаққа таусылмас рухани азық,жұтамас байлық қалдырды.
Мәшһүр өз халқына бір ғана ақындығымен ғана емес, ауыз әдебиетінің небір асыл үлгілерін жинап, хаттаумен, өмірге ерекше бір философиялық көзқарастарымен, сол сияқты ғажайып болжамдармен танымал болған жиһанкез – ғұлама ғалым. Мәшһүрдің тағы бір ерекшелігі өзінен бұрынғы, не тұстас ақын – жыраулардың сөздерін жинақтап,зерттеуі, оны ел игілігіне айналдыра білуі. Сонымен қатар шежіре,ел,жер тарихы жайлы көп мағлұмат жинаған адам. Сондықтан біз бұл тақырыпты таңдадық.
Біздің бұл тақырыпты зерттеуімізге мынадай мақсат қойдық:
         1. Мәшһүр – Жүсіп бабамыздың қыруар өлеңдерін оқып, ғибрат ала білу;
2. Бабамыз ең басты уағыздағаны білім мен дін екенін, ақыл – кеңестерін оқу, тыңдау, жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу;
3. Бабамыздың аузынан шыққан уәлі сөздерді жаңғыртып, кейінгі ұрпақтарға «Ғылым мен білім пайғамбардан жеткен мұра» деген өсиет сөзін үлгі тұтуға баулу;
4. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының дара тұлға, әулие, көріпкел әулиелігімен бүкіл әлемге есімі танымал жан.
Ғылыми жобамның мақсаты:
Халқымыздың ғасырлар бойы атадан балаға,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген тәлім-тәрбиелі бай мұраларын,бүгінде арамызда сиреп бара жатқан тарихи орындар деректерін бейнеге түсіріп,мұраларды жинақтау.

 

(ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ ТОЛЫҚ ЖҮКТЕ)

(Презентацияны жүктеу)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *