Алматы қаласы
№5 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Халивалипова Эльмира Абденовна
Сабақтың тақырыбы: Апамның сүйікті гүлі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Гүлдердің түрлері туралы түсінік беру.
Тәрбиелік:Табиғатты сүюге, әдемілікке деген құштарлықты оятып, елімізді жасыл желекке айналдырып, гүлденуіне үлес қосуға тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын кеңейту.Тақырып бойынша өзара сұхбаттаса алуға, мәтін мазмұнын қисынды жеткізіп, өзіне ұнайтын гүлі туралы ой бөлісе алуға үйрету.
3.Сабақ түрі:Білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру.
4.Сабақты ұйымдастыру түрі:әңгімелесу, практикалық
5.Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі:гүлдердің суреттері, мәтін жазылған қима қағаздар,интербелсенді тақта, стикерлер
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сыныптағы оқушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Шаттық шеңбері» әдісі.Достарына жақсы тілек білдіру.Өздеріне ұнайтын гүлдерін таңдау арқылы топқа бөліну.
II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үй жұмысын тексеру.
Ең қымбат заты туралы әңгімелеу.
III Оқушының субьект тәжірибесін өзектілеу кезеңі
Балалар, сендер қандай гүлдердің аттарын білесіңдер?Ал, біз гүлдерді кімдерге сыйлаймыз?Сендерге қандай гүлдер ұнайды?
Бүгінгі сабақта осы гүлдердің түрлерімен танысып және олардың адам өміріндегі рөлі туралы әңгімелесеміз.Сөздік қорымызды байытып, өзара сұхбаттасып, өздеріңе ұнайтын гүлдерің туралы ой бөлісеміз.
IY Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі
1)Жаңа сөздермен жұмыс.
-Жаңа сөздерді дұрыс оқып жаттығу.
-Сөйлемдер құрастыру.
-Сөздік дәптерге көшіріп жазу.
жұлдың
жұлмасаң
қурап қалады
егеміз
2)Гүлдердің аттарын сызбаға толтырып жазыңдар.
Y Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі
1.Диалогты екеуара оқыңдар.Диалогтың тәрбиелік мәнін ашу.
-Сенің анаңа, әжеңе қандай гүдер ұнайды?
— Балалар ,гүлдерді аяқпен басуға бола ма?
— Ал, оларды жұлуға бола ма?
— Гүлдерге біз не құйсақ өседі?
2.Өзара сұхбат құрастырып, досыңмен сөйлесіңдер.
YI Жаңа білімді және іс-әрекеттер амалдарын бекіту кезеңі
1.Үш топ өздеріне берілген мәтінді оқып, тірек сызба құрастырып әңгімелейді.
Бәйшешек
Көктемнің көрікті гүлдерінің бірі — бәйшешек. Бәйшешектің 80-ге жуық түрі белгілі.Олар Қазақстанда Іле, Жетісу, Алатау, Қаратауда өседі. Кейде оны қарғалдақ деп те атайды. Оның биіктігі 15см. Бәйшешектер наурыз ,мамыр айларында гүлдейді. Раушан
Раушан гүлдері 5000 жыл бұрын пайда болған. Оның 300-ге тарта түрі, 30000 мыңға жуық сорты бар. Қазақстанның“Қызыл кітабына” енгізілген.Раушан гүлі АҚШ, Англия және Иранның ұлттық гүлі болып табылады. Әлемде ең бір көне раушан гүлі Германияда кездеседі.
Қызғалдақ
Қызғалдақ — Қазақстанда жиі кездеседі. Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады.Бұлардың биіктігі 3 — 50 см.Гүл түсі ақ, қызыл не сары .Қызғалдақтың Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, түрлері бар. Олар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
YII Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын қорытындылау,жүйелеу кезеңі
Жоспар бойынша өзіңе ұнайтын гүлдің суретін салып, сипаттап бер.
1)Гүл атауы
2)Қандай?
3)Қайда өседі?
4)Иісі қандай?
5)Кімге сыйлайсың?
Осы гүлдерді қалай күту керек деп ойлайсыңдар? қандай гүлдер туралы білдіңдер? Өздерің білетін осы гүлдер сияқты өмірлерің де гүлдей жайнай берсін деп тілеймін!
YIII Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі
Гүлдер туралы қосымша мәлімет жинау. «Маған ұнайтын гүл» туралы ойтолғау жазу.
IX Рефлексия кезеңі
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.Стикерлерге өз ойын жазу,айту.
-
Сабақ саған несімен ұнады?
-
Қай досыңның жауабы ұнады?
-
Қай сұрақ қиын болды?
- [bws_related_posts]