Басы » Кембридж бағдарламасы » Орыс сыныптарындағы 6-кластарына қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспарлары

Орыс сыныптарындағы 6-кластарына қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспарлары

М .Мәметова атындағы ЖББОМ
Жаңа форматтағы мұғалімнің  орыс сыныптарындағы  6-кластарына қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспарлары.
Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру-уақыт талабы
Құрастырған:К.Д.Избасарова

Сайқын-2014 жыл
М.С.Бабажанов атындағы ЖББОМ жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кажипанова Какима Уақасқызынынан
Пікір

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Д.Избасарова6-сыныпта өткізген сабақтары мазмұндылығымен , оқушылармен жүргізілген жұмыстардың жан-жақты ұйымдастырылуымен ерекшеленеді.Қазақ әдебиетінен бір сыныпта өткен сабақтардың ұқсастықтары да,айырмашылықтары да бар.Мұғалім қазіріг заман технологиясына лайық жаңа технологияны,жаңаша әдіс-тәсілдерді орнымен шебер қолданады және сабақ барысында оқушылардың іс-әрекеті бірінші орынға қойылып,олар үнемі оқу,үйрену,іздену үстінде бірлесе топтық жұмыстарды орындайды.Әр сабақтың күтілетін нәтежиесі  нақты көрсетіліп,оқушылардың жатық сөйлеу,әсерлі мазмұндау, ойлау,жазу,шығармашылықпен жұмыс жасау дағды қабілеттерін дамыту мақсат етіледі.Камшат Джумахметовнаның сабақтары көпшіліктің назарына ұсынылып,іс-тәжірибе алмасуға,үлгі ретінде пайдалануға лайық деп ойлаймын.

ІІ деңгей бойынша сертификатталушы А.Құсайынов атындағы ЖББОМ мұғалімі Сапарова Г.М

Пікір

Бұл топшамада орыс сыныптарының 6-кластарына қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспарлары енгізілген.Қысқа мерзімді жоспарды қолданғанда жеті модуль,атап айтсақ ,« Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау,білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану,талантты және дарынды балаларды оқыту,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық»осыларды   негізге ала отырып құрастырған.Тірек-сызбалар,флипчарт тапсырмалары оларды қорғау топтық ,жұптық жұмыстар енгізілген.Авторлық жұмыста дана халқымыздың ұрпақ болашағына бей-жай қарамағанын,тәлім-тәрбиелік мектебінің тағылымдығын танытқан.Сабақ тақырыбының мәні айқын,мысалдары нақты ,желісі жүйелі,тақырыбы ауқымды,мазмұнды.

 

Кіріспе бөлімі

«Әлемнің өзгеруін қаласаң,сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» ,- деп Махатма Ганди айтқандай Кембридж тәсілдеріне негізделген орыс сыныптарының 6-кластарына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарлары енгізілген.Сабақ жоспарларында « Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау,білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану,талантты және дарынды балаларды оқыту,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық» атты жеті жеті модуль негізге алынған.Сабақта  нақты бір мақсатпен күтілетін нәтиже  белгіленеді.Жаңа форматтағы сабақ жоспарларын ұсынудағы басты мақсат-педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдыларды алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру,мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу.Абай,Ахмет,Жамбыл,Сәкен,Ыбырай,Сапарғали,Ілияс ХІХ ғасыр әдебиетінің өкілдерімен өмірімен шығармашылығымен оқушылар өз бетімен ,ізденіп танысады.Бұл топшамадағы сабақ барысында оқушылар  топта жұмыс істеуді,өзгелермен санасуды,бірлескен жұмыста ортақ жауап табуды ,өзін-өзі реттеуді,өзін және өзгелерді бағалауды,оқуда ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалануды үйренеді.Құрметті ұстаздар! Егер оқушылардың сабаққа ынтасы құлдыраса, әдістемеңізді мүлде өзгертіңіз.Топтарға бөліп жіберіп,бірнеше дөңгелек үстел ұйымдастырып,сабақты қалай қызықты өткізуге болатындығы жайлы әңгіме өткізіңіз.Бала сезімталдығы ғажап дүние, кейде керемет идеялар ұсынуы мүмкін.Ал,тіпті  идеялар ұсына алмаған күнде мұғалім рөлінде болу арқылы жауапкершілікті сезініп,сабаққа көзқарасы өзгереді.Сондай-ақ,сіздерге көмек болар деген үмітте жаңа технологиялар жайлы ақпарат ұсынып отырмын.

   Іске сәт.

Пән Қазақ  әдебиеті Сынып 6  
Тақырыбы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба » өлеңі

 

Мақсаты  

Оқушылардың ұлы ақын туралы білімдерін тереңдету, өлеңдерінің тақырыптары туралы түсінік беру.«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мазмұнын ашу,мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, сөздік қорларны толықтыру,жамандықтан жиреніп, жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже  

Өз ойларын еркін жеткізе білуі.Ұжымда ынтымақтастықпен жұмыстану.Өлеңнің мазмұнын жете түсіну.

 

Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Жіктеу бағалау Ресурстар
І. Ұйымдастыру бөлімі

 

 

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Қиылған кәртішкелер арқылы топ құру.Сыныпты үшке бөлу.

 

Ы.Алтынсариннің әңгімесі бойынша сұрақтар.

Топтарына орналасу.

 

 

 

 

Ауызшы жауаптар қайтару.

 

 

 

 

 

Өз беттерімен қол көтеірп жауап беру.

Фишкалар жинақтау арқылы бағалау . Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева әдістемелік нұсқаулық қазақ әдебиеті  орыс тілінде сабақ беретін 6-сынып мұғалімдеріне арналған нұсқаулық

 

 

 

Ақпараттық-коммуникативтік технология

 

 

 

 

 

 

ІІІ.Жаңа сабақ

Сұрақтарға жауап беру арқылы фишкалар жинау.

«Ғылым таппай мақтан ба» мәнерлеп оқу.

Флипчарт тапсырмасын түсіндіру.

 

 

Абай Құнанбаев өмірінен шағын конспект жасату.

 

Жауаптар береді.

 

 

Өлеңнің мазмұнын ашу , талқылау.

Бірінші топ-Абайдың өмірі  бойынша тірек , сызба,екінші топ- Біз атаммен бірге Ұлжан апамның үйіне талай барғанбыз … Абай өзі қара торы… мінездеме беру , үшінші топ- венн  диаграммасы Абай мен Ыбырай. Топтық жұмысты қорғау.

Дәптермен жұмыс.

 

 

 

Топтық жұмыс.

 

 

 

 

 

Жеке (өзіндік)жұмыс.

Мұғалім тарапынан мадақтау, түзету. Флипчарт, желім, қайшы ,  түрлі түсті маркерлер , фламастерлер , қарындаштар . қажетті құралдар.

 

Оқулық.

ІІІ.Бекіту

 

 

 

Шағын 5 сұрақтан тест.

 

Үйге  тапсырма : өлеңді жаттау.

 

Пән Қазақ  әдебиеті Сынып 6  
Тақырыбы А.Байтұрсынұлының «Аққу , шортан һәм шаян» мысалы

 

Мақсаты Ақын туралы  оқушы білімдерін тереңдету, « Аққу , шортан һәм шаян» мысалының мазмұнымен , түйінімен таныстыру.Әдебиет теориясынан түсінік беру.Тапсырмалар , сұрақтар , ойын арқылы балалардың ойлау , шығармашылық қабілеттерін  дамыту.Тілді қастерлеуге , ақынды құрметтеуге , шығармаларын сүйіп оқуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Өз ойларын еркін жеткізе білуі.Топта жұмыс жасай білулері.Мысалдың мазмұнын жете түсінуі.

 

Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Жіктеу Бағалау Ресурстар
І. Ұйымдастыру бөлімі

 

 

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Қиылған кәртішкелер арқылы топ құру.Сыныпты екіге бөлу.

 

А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңің  жатқа сұрау.

Топтарына орналасу.

 

 

 

 

Мәнерлеп нақышына келтіріп айту.

 

 

 

 

 

Өз беттерімен қол көтеірп жауап беру.

Фишкалар жинақтау арқылы бағалау . Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева әдістемелік нұсқаулық қазақ әдебиеті  орыс тілінде сабақ беретін 6-сынып мұғалімдеріне арналған нұсқаулық

 

Ақпараттық-коммуникативтік технология

 

 

 

 

 

 

ІІІ.Жаңа сабақ

Мысал туралы .Оқушыларға әртүрлі жанрдағы шығармаларды үнтаспадан тыңдау ұсынылады.Шығама жанры анықталады.Мысалды екі  тілде , орыс және  қазақ тілдерінде тыңдатуға болады.Теориялық материалмен оқушылар  оқулықтан танысады.Мысалдың анықтамасын , жазылу тәсілін жазып алады.

Слайдпен жұмыс.Мысал туралы алған түсініктерін топтау сызбасы арқылы көрсету сол бойынша сұрақтар.

Топтық жұмыстың тапсырмаларын беру.

«Аққу ,шортан һәм шаян » мысалымен жұмыс.

 

 

 

 

Мысал мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар беру.

Дәптерге күннің жадаын , сабақтың тақырыбын мысал туралы түсінікті жазып алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мысал қандай шығарма? Мысал түйіні деген не? Мысалшыларды ата.Крыловтың мысалдарын кім аударды? Аллегория деген  не? Кейіпкерлері қандай? Кейпкерлері нелер? Кімдер? Сұрақтарын жауап береді.

Бірінші топ – ақын шығармашылығына арналған тірек сызба жасайды.Екінші топ- ақын шығармашылығына арналған хронологиялық кесте  жасайды.

Үнтаспадан мысалды тыңдайды.

 

Сұрақтарға ауызша жауаптар қайтарады.

 

 

 

Топтық жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке (өзіндік)жұмыс.

Мұғалім тарапынан мадақтау, түзету. Флипчарт, желім, қайшы ,  түрлі түсті маркерлер , фламастерлер , қарындаштар . қажетті құралдар.

 

Оқулық.

ІІІ.Бекіту

 

 

 

Бірінші топ – мысал мазмұнын мәтін түррінде жазу, айту. Екінші топ- мысал түйінінен байланысты өмірден мысалдар келтіру.

Блиц-турнир сұрақтарына жауап.

А.Байтұрсынов-… ,… , ….

Ол … туған.

Әкесі …, …, ….

1886-1891 жылдары…

1909 жылы…

1911 жылы …

1937 жылы…

… , …, …, … аударған.

…, …, … мысалдарын …

 

Үйге тапсырма: А.Байтұрсынұлының аудармасын И.А.Крыловтың орыс тіліндегі баламасымен салыстыру.Ақынның қосқан жаңалығын табуға тырысу.Хрестоматияда берілген мысалдарды түсініп оқып , түйінін анықтау , дәптерлеріне жазып келу.Өздері мысал жазып көру.

 

Пән Қазақ  әдебиеті Сынып 6  
Тақырыбы Ы.Алтынсарин « Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі

 

Мақсаты Ы.Алтынсариннің  өмірі мен шығамашылық жолы туралы  оқушылар түсініктерін , Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиетіндегі орны туралы оқушы білімдерін толықтыру , тіл дамыту, сөздік қорларын молайтуға  жағдай туғызу.Әдебиет теориясынан  түсінік беру.« Бай баласы мен жарлы баласы » әңгімесіндегі еңбек тақырыбының ашылуы.Оқушылардың ағартушы –жазушыға деген құрмет сезімін тәрбиелеу , еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсінулеріне ықпал ету.
Күтілетін нәтиже Әңгімені мазмұндаудың жоспарын құра білу.Асан мен Үсенге салыстыра мінездеме беру.Ақын өмірі туралы толық мәліметті айта білу.«Бай баласы мен кедей баласы » әңгімесінінің мазмұнын терең аша білулері.

 

Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Жіктеу Бағалау Ресурстар
І. Ұйымдастыру бөлімі

 

 

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Ы.Алтынсарин  туралы оқып-білгендерін «Эстафета » ойын тапсырмасын  орындау арқылы тексеру.Ол үшін сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.Әр топ өзі оқып –үйренуге тиісті мәтін бөлігімен жұмыс істейді.Үш топқа парақ таратылады.Белгі  бойынша бір уақыт ішінде бір-бірін қайталамай , үндеместен , естерінде қалған мәліметті, оқиғаны, мерзімді параққа жазып, бір-біріне жылжытып, беріп отырады.Қай топ неғұрлым көп мәлімет берсе , толық ,нақты жауап беріп,мерзімді дәл крсе , сол топ жеңімпаз болады.

Интерактивті тақтада мәтінге байланысты жасалған сөздік көрсетіледі.

 

Ы.Алтынсариннің өмірі  мен шығармашылығына  арналған оқулық мәтінімен өз беттерімен оқу арқылы танысады.

 

Бір-біріне парақ таратады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайдпен жұмыстанады, сөздердің  қолдану аясын анықтап , лексикалық жұмыс жүргізеді.Сызба бойынша жұмыстанады.

 

 

 

Р.с сөздер синонимдер Оқулықтағы қолдану аясы Менің мысалым
1. Дүниеге келу      
2. беделді      
3. Пайдалы болу      
4. қызмет      
5. ғимарат      
6. тұңғыш      
7. насихаттау      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба бойынша бағалау.

Топ басшылары  топ мүшелерін бағалайды.

Қ.Әбдезұлы , С.Ч.Тұрсынғалиева әдістемелік нұсқау қазақ әдебиеті  орыс тілінде  білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық-коммуникативтік технология

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.Жаңа сабақ

Әдебиет теориясынан түсінік беру.

 

 

«Бай баласы мен жарлы баласы » әңгімесі бойынша жұмыс ұйымдастыру.

Әңгіме мазмұны бойынша «Мәтін бөліктері » атты  ойын тапсырмасын орындау.Қайтадан сыныпты төртке бөлу.Толықтыру тобы әр топтан соң сөз алып, жауаптарды толықтыруға тырысады.

Дәптермен жұмыс.Әңгіме туралы.

 

 

 

Әңгімені мәнерлеп оқиды.

Сөздікпен жұмыстанады.

 

 

 

 

 

 

 

Топтарына барып орналасады.Бірінші топ-кіріспе, екінші топ- негізгі бөлім, үшінші топ – қорытынды, төртінші топ – толықтыру.

 Ауызша орындау тапсырмасы.

 

 

 

 

Өз еріктерімен қол көтеру бойынша жауап беру.

 

 

 

 

Топтық жұмыс.

 

 

 

 

Мұғалім тарапынан түзету, қолдау, мадақтау   .

 

 

 

Формативті бағалау.

 

 

Бағалау критерийлері.

 Түрлі – түсті маркерлер , флипчарттар, бағалау парақтары, слайдтар
ІІІ.Бекіту

 

 

 

Оқулықты жауып, дәптерлеріне әңгіменің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазады.Сөздерден мәтін мазмұнымен байланысты сөз тіркесін , сөйлемдер құрастырады.Сөйлемдерді байланыстырып, өздері құрастырған мәтін нұсқасын жазып  шығу тапсырлады.Қандай мәтін пайда болды

Өздерін жазғандарын әңгіме деп айтуға  бола ма  екен

 

Әңгіменінің кейіпкері Қандай
   

Әңгіме мазмұнын қандай мақал-мәтел ашатынын айтып беру.

Үйге  тапсырма׃ Хрестоматия материалдарын пайдаланып , өздеріне ұнаған Ыбырай әңгімесінің мазмұнын дайындау.Әңгімені мазмұндаудың жоспарын құрастыру.Жоспар бойынша парталастармен сұхбаттасу.

Рефлексия׃Әңгімеден қандай ой түюге болады? Қысылған кезде жол табу  мүмкін бе?

Оқушының аты-жөні «Эстафета» Лексикалық жұмыс Мәтін бөліктері Әңгіме құрастыру Әңгіме кейіпкері туралы кесте
Жадраева С          
Саламатов Р          
Калиев Р          
Мухамбетжанова А          
Мұстах А          
Максутова А          
Менеев А          
Матуров  Ш          
Габдулманнапов Р          
Кабдулов А          
Нуркатова А          
Машканова В          
Касымов Б          
Супалдияров Т          

 

Пән Қазақ  әдебиеті Сынып 6  
Тақырыбы С.Бегалин «Бала  Шоқан» повесінен үзінді
Мақсаты Сапарғали Бегалиннің өмір жолымен таныстыру.Сын тұрғысынан ойлауға негізделген тапсырмалар топтамасын орындату.Повесть алынған үзінді арқылы оқушыларды адамгершілікке ,еңбексүйгүштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже С.Бегалиннің өмір жолын толық меңгеру.Берілген тапсырмаларды уақытылы орындау.

 

 

Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Жіктеу Бағалау Ресурстар
І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

 

 

 

 

ІІІ.Жаңа сабақ

Амандасу тренингін өткізу.

Сыныпты топқа бөлу.

Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеудің тірек сызбасын құрастыру арқылы  жауап беру.

 

 

 

 

Слайд арқылы ақынның өмірімен таныстыру.

Мұғалімнің қимылын қайталайды.

Топтарына орналасады.

Сызба бойынша айту, талдау.Оқу қателерін түзету, толықтыру.

Дәптерге хронологиялық сызбаны толтыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік жұмыс.

Бағалау  критерийларына сүйене отырып өзін-өзі бағалау.

 

 

 

 

Мұғалім тарапынан мадақтау, түзету , бағыттау.

Қ.Әбдезұлы , С.Ч.Тұрсынғалиева әдістемелік нұсқаулық қазақ әдебиеті орыс тілінде білім  беретін орта мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған нұсқаулық

 

 

 

Флипчарт , маркерлер, түрлі түсті фламастерлер, қарындаштар,желім қажетті жабдықтар.

 

АКТ , қазақ тілі мен қазақ әдебиеті журналы орыс-қазақ сыныптарында.

 

 

«Бала  Шоқан» повестін қысқаша әңгімелеу.

Сөзжұмбақ шешкізу.

Топтық тапсырманы түсіндіру.Кім? Қайда? Қашан? Ақындардың портіретін көрсету арқылы кім екенін табу.Қайда қашан дүниеге келгенін айту.

Өлеңнің үзіндісін жалғастыру.

Салыстырмалы мінездеме.

Шаттастырған баулар.Тақырыпқа байланысты алынған мақалды ретімен орналастыру.

 

Басты кейіпкерлерін дәптерге жазып алу.

Жауап беру, тақтаға жазу.

Белгілі уақыт ішінде тез арала жауап беру.

 

 

 

Өткен өлеңдерді еске түсіріп жалғасын тауып айту.

Мысық пен Шоқанға мінездеме айтады.

Әрбір топқа  екі мақалдан беріледі соны тездетіп , қатесіз шешеді.

 

 

Топтық тапсырма.

 

 

 

 

Әркім өз еркі бойынша жауап береді.

 

 

Топтық жұмыс.

 

 

Топтық тапсырма.

 

Бағалау парақтарына әрбір тапсырма сайын өздерін  жинаған жауап берген ұпайларына қарай баллдық жүймен өздері белгілеп отырады.

Қ.Әбдезұлы , С.Ч.Тұрсынғалиева әдістемелік нұсқаулық қазақ әдебиеті орыс тілінде білім  беретін орта мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған нұсқаулық

 

 

 

Флипчарт , маркерлер, түрлі түсті фламастерлер, қарындаштар,желім қажетті жабдықтар.

 

АКТ , қазақ тілі мен қазақ әдебиеті журналы орыс-қазақ сыныптарында

 

 

 

 

ІV.Бекіту.

 

 

Шағын 5 сұрақтан тест.

Тест сұрақтары оқылады.

Р:с Ж Д ж б
1 1 1 1
2 1 1 1
3 3 3 1
4 2 2 1
5 3 3 1

 

Жеке ( дара) өзіндік  жұмыс.    

 

Үйге тапсырма: С.Бегалиннің «Бала Шоқан» 136-142 б.оқуХрестоматияда берілген үзінділерді де пайдаланып, кестені толтыру.

 

Пән Қазақ  әдебиеті Сынып 6  
Тақырыбы Ж.Жабаевтың «Алатау» өлеңі

 

Мақсаты Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылғы туралы қысқаша түсінік беру.Суырыпсалма ақын екендігін түсіндіру, өлеңдерінің тақырыбы мен мазмұны туралы мәлімет беру.Жамбылдың «Алатау» өлеңінің мазмұнына тоқталу.Мәнерлеп оқу дағдысын , тілін дамыту, сөздік қорларының баюына ықпал ету.Ақын шығармаларына деген ықылас , сүйіспеншілік , отансүйгіштік сезімдерді тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Балалар , сендер туған жерлерін жайлы толғанып көрдіңдер ме?Оның тауы, тасы, төбесі , суы немесе құмы қандай ыстық! Сен талай ойнаған аула, шанамен сырғанаған төбе, жемісін терген тоғай –бәрі қымбат.Жамбыл аталарың  да өзіңе ыстық Алатауды жырға арқау еткенін ұғындыру, суреттеу.

 

Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Жіктеу бағалау Ресурстар
І. Ұйымдастыру бөлімі

 

 

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Мозайкалар арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.

 

 

А.Байтүрсынұлынының аудармасын И.А.Крыловтың орыс тіліндегі баламасымен салыстыру.Ақынның қосқан жаңалығын табу.

Топтарына орналасу.

 

 

 

 

 

Дәптердегі үй жұмысын оқу , талдау.

 

 

 

 

 

Өз беттерімен қол көтеірп жауап беру.

Фишкалар жинақтау арқылы бағалау . Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева әдістемелік нұсқаулық қазақ әдебиеті  орыс тілінде сабақ беретін 6-сынып мұғалімдеріне арналған нұсқаулық

 

 

 

Ақпараттық-коммуникативтік технология

 

 

 

 

 

 

ІІІ.Жаңа сабақ

 

 

Жамбыл туралы мәліметті  оқушыларға оқулықта  берілген мәтін бойынша түсіндіру.

Оқушыларға берілген сөздер қиындық тудыруы мүмкін.Сондықтан   әрбір сөздің мағынасын ашып, мысалдар арқылы түсіндіру.Мысалы: «Күнкөріс қамын жеу»-фразеологизм болып табылады.Бұл тіркестің орысша баламасы –«думать о хлебе насущном».Жамбылдың да  балалық шағы басқа кедей балаларының өмірі сияқты ауыр болды, ол күнделікті  жейтін наны үшін таңертеңнен кешке дейін байдың жұмысын істеді.

 

Слайдпен жұмыстану.

 

Алатау туралы мәлімет.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Өлең мазмұнын сурет арқылы қалай бейнелер едіңдер? Суреттеріңде қандай бояу көп орын алады деп ойлайсыңдар?Неге?  Оқулықтағы сурет  бойынша Алатауды суреттеңдер.

Қ.Мырзалиевтің «Алатау» өлеңінің интерактивті тақтадан оқыту.

Н.Тілендиевтің «Алатау» әнін үнтаспадан тыңдату.

 

 

Қажеттісін дәптерге жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс.Лексикалық жұмыс орындау.

 

 

 

Топтық жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке (өзіндік)жұмыс.

Мұғалім тарапынан мадақтау, түзету. Флипчарт, желім, қайшы ,  түрлі түсті маркерлер , фламастерлер , қарындаштар . қажетті құралдар.

 

Оқулық.

Синомдерін жаз   Антонимдерін жаз    
әлем   Дүниеге келу    
есімі   шындық    
Дүниеге келу   Белгілі    
мәлім   кедей    
шындық   жарық    

Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған тірек сызбаны толтырып, ауызша әңгімелеу.

Өлең  мазмұнын шағын мәтін түрінде жазып көру.

Қысқаша жауаптар қайтарады.

Қ.Мырзалиевтің өлеңің оқиды.

Ж.Жабаевтың «Алату» Қ.Мырзалиевтің «Алату» Н.Тілендиевтің «Алатау»
     

Бұл үш топқа берілген флипчарт тапсырмасы.

 

ІІІ.Бекіту

 

 

 

Алатау табиғатын  ақындар жырлаған қалпында сақтап қалу үшін қандай іс-шараларды қолға алушы едіңдер?

 

Үйге тапсырма: Жамбыл туралы тірек сызбаны пайдаланып, әңгімелеп беру.«Алатау » өлеңін жаттау.

 

 

Пән Қазақ  әдебиеті Сынып 6  
Тақырыбы І.Жансүгіров «Көкшетау» Құлагер поэмасынан үзінді

 

Мақсаты  

І.Жансүгіровтың  өмірі мен шығармашылығы  туралы қысқаша мәлімет беру.«Көкшетау» өлеңінің мазмұнымен таныстыру.Ақынның Көкшетаудың сұлу табиғатын бейнелеуін өлең мазмұнында ашу, оқушылардың дүниетанымын , ойлау қабілеттерін , тіл байлықтарын дамыту; танымал ақынға ,қазақ тіліне  деген құрмет сезімін тәрбиелеуге ,табиғатты аялауға , қорғауға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже Құлагер поэмасынан алынған « Көкшетау»  өлеңінен үзіндісін сұлу Көкшенің табиғатын , өлеңнің мазмұнын аша білуі.Топта ұжыммен жұмыс жасай бірлесе ынтымақтастықта жұмыстану

 

 

Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Жіктеу Бағалау Ресурстар
І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

 

ІІІ.Жаңа сабақ

Сыныпты топқа бөлу.

С.Сейфуллиннің өлеңдерңн мәнерлеп оқу.

 

 

 

 

Ақын туралы оқулық мәтінімен таныстыру.

Топтарына орналасу.

 

Өлеңді нақышына келтіріп , мәнерлеп оқу.Қойылған сұрақтарға жауап беру.

Тыңдайды.

  Формативті бағалау.

Бағалау парақшаларымен жұмыс

 
 

 

 

Ақын өмірі  мен шығармашылығына арналған тапсырмаларды орындау.

 

 

 

Көкшетау өлеңінің мазмұнын ашу.

Көкшетау, Бурабай танымдық материалмен таныстыру.Флипчарт тапсырмалары.

 

Мерзімдер Болған оқиғалар
1894 жыл Алматы облысы, Ақсу ауданында І.Жансүгіров дүниеге келген.

Бірінші топ –мәтіндегі жалқы есімдер нені білдіреді?

Жалқы есімдер Ол не? Жалқы есім Бұл кім?
Алматы облысы Оңтүстік Қазақстандағы жер атауы Ілияс Жансүгіров ?
       

 

 

Дәптермен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс.

 

Мұғалім тарапынан мадақтау,бағыттау.

 

 

 

 

 

 

ІV.Бекіту.

 

 

 

 

 

 

Өлең мазмұнын  қандай сурет берер едіңдер?

«Көкшетау» неге  жер жаннаты деп аталады?

Көкшетаудың ақын өлеңіндегі қалпын сақтап қалу үшін қандай шаралар істеу қажет деп ойлайсыңдар?Өзімізді қоршаған ортаға, туған табиғатқа ризашылығымызды қалай білдіреміз?

Екінші топ-Көкшетау туралы берілген танымдық  материалдарды пайдаланып , берілген топтау сызбасын толтыру.Үшінші топ-сұлу Көкшенің  әсем табиғатын суреттеу.

Топтық жұмысты қорғау.

Өз ойларын толық жеткізу.

     

Үйге тапсырма: І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеудің тірек сызбасын құрастыру.Қазақстан таулары туралы шығармашылық жұмыс орындау:

Тау атауы Орналасқан жері Қысқаша сипаттамасы  
Алатау Оңтүстік Қазақстан Орта Азияны, Сібірді тұтастыратын таулардан құралған.Тянь-Шань,Алтай тауларымен ұласады.Табиғи ерекшеліктеріне қарай «Алатау» деп аталған.Тау қойнауында арқар,таутеке, елікпен қатар барыс сияқты жыртқыш  аңдарды да кездестіруге болады.  
                            ?                            ?                              ?  
Пән Қазақ  әдебиеті Сынып 6  
Тақырыбы С.Сейфуллин «Дала» өлеңі
Мақсаты С.Сейфуллиннің өмірі  және шығармашылық  жолымен қысқаша таныстыру.«Дала » өлеңіндегі табиғат көрінісінің суреттелуімен , «Наурыз» өлеңіндегі жаңарған тіршілік көрінісімен таныстыру.Әртүрлі  тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы оқушылар  дүниетанымын кеңейту , ойлау  қабілеттерін  дамыту , ауызша , жазбаша тілдерін дамыту.Оқушыларды халқын , ақынды , тілді құрметтеуге , табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже С.Сейфуллиннің шығармашылығына арналған сызба , өміріне   арналған  тірек сызба арқылы таақырыпты толықтай меңгерту.
Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Жіктеу бағалау Ресурстар
І. Ұйымдастыру бөлімі

 

 

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Сыныпты топқа бөлу.

 

 

 

 

 

Ж.Жабаевтың «Алатау» өлеңін жатқа айтқызу.

Топтарына орналасу.

 

 

 

 

 

Мәнерлеп ,нақышына келтіріп айту.

 

 

 

 

 

Өз беттерімен қол көтеірп жауап беру.

Фишкалар жинақтау арқылы бағалау . Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева әдістемелік нұсқаулық қазақ әдебиеті  орыс тілінде сабақ беретін 6-сынып мұғалімдеріне арналған нұсқаулық

Ақпараттық-коммуникативтік технология

 

ІІІ.Жаңа сабақ

 Қазан төңкерісі , ұлт-ахаттық күресі туралы қысқаша.

Оқулықтағы С.Сейфуллин туралы мәліметпен жұмыс жүргізіледі.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Сәкен шығармашылығына арналған сызбамен жұмыс.

 

 

ДАЛА ӨЛЕҢІМЕН ЖҰМЫС.

 

 

 

 

Тақтада дала суретін  бейнелеген суретшілер жұмыстары көрсетіледі.Суреттердегі дала қандай екендігіне мысалдар келтіру.Ақын өлеңіндегі далаға сәйкес келетін суреттерді таңдау.

Теңеу , эпитет туралы түсінік беру.

Топтық тапсырма . Берілген санаулы уақыт ішінде билет суыры арқылы сұрақ-жауап.

 

 

Оқушылар берілген мәтінді оқып шыққан соң, бір-біріне кезек-кезек сұрақтар қояды.Сұрақтар мен жауаптар қысқа  да нұсқа болуы керек.

Слайдта берілген тірек сызба арқылы Сәкен Сейфуллин туралы ауызша баяндайды.

 

Дәптермен жұмыс.

 

Топтық жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке (өзіндік)жұмыс.

Мұғалім тарапынан мадақтау, түзету. Флипчарт, желім, қайшы ,  түрлі түсті маркерлер , фламастерлер , қарындаштар . қажетті құралдар.

 

Оқулық.

 

Поэзия

 

проза

 

драматургия

 

Роман,повесть,әңгіме

     
 

Көкшетау, Альбатрос, Өткен күндер, Асау тұлпар.

 

 

 

Бандыны қуған  Хамит

 

 

 

Бақыт жолында, қызыл сұңқарлар

 

 

Жемістер, Айша, Жұбату, Тар жол тайғақ кешу.

 

 

 

Өлең мәтінін  үнтаспадан  тыңдап ,мәнерлеп оқиды

Дала суретін сызба арқылы көсету .Өлеңнің мазмұнын ашу.

Әдебиет теориясынан алған білімдерін дәптерге түсіру.

Бірінші үстел тапсырмасы .

1.С.Сейфуллин қашан қай жерде дүниеге келген?

2.Тұңғыш өлеңдер жинағы не деп аталады?

3.Ақынның қандай драмалық шығармаларын білесіңдер?

Екінші үстел тапсырмалары.

1.Сәкен Сейфуллиннің әке-шешесі  туралы не білдіңдер?

2.Тұңғыш өлеңдер  жинағы қай қалад басылып шықты?

Үшінші үстел тапсырмалары.

1.Сәкен поэзиясының тақырыптары қандай?

2.Проза саласында қандай еңбектер жазған?

3.Сәкен Сейфуллин кім?

     
ІІІ.Бекіту

 

Флипчартпен жұмыс.Дала суретін салу арқылы ақын өлеңімен теңеу.Топтық жұмысты  қорғау.

 

Үйге тапсырма: Хрестоматияда берілген ақын өлеңдерімен танысу, мәнерлеп оқуды дайындау.

Қолданылған  әдебиеттер:

Қ.Әбдезұлы,С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті»Әдістемелік нұсқау орыс тілінде білім беретін 6-сынып мұғалімдеріне арналған

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы Мұғалімге арналған нұсқаулық үшінші(негізгі) деңгей

Қ.Әбдезұлы,С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті»орыс тілінде білім беретін 6-сынып мұғалімдеріне арналған«Арман-ПВ» баспасы ,2009

Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал

Қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ,орыс сыныптарында) 2013-2014 жылдар

www.45minut.kz

www.sabaq.kz

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *