Басы » Бастауыш сыныптар » Сиқырлы қоржын

Сиқырлы қоржын

sandyk

Мусина Дариға Сатыбалдықызы
№5 «Жеткіншек» балабақшасы, тәрбиеші
Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Сиқырлы қоржын
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Мақсаты: Балаларды ойын арқылы баланың тілі мен ойлау қабілетін арттыру, нақты ойлаужүйелерін қалыптастыру, ойнай және ойлай білуге үйрету, жан-жануарларды қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Жануарлар туралы әңгімелеу
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар
Қажетті көрнекі құралдар: Қоржын, жылан, ойыншықтар, суреттер.
Қостілділік компонент: Сиқырлы-волшебный, үй, дала жануарлар- домашние, дикие животные
Себепті кызығушылығын ояту кезеңі
— Амансың ба, Алтын күн,
Жарқыраған жарқын күн.
Маған мейірім мен шуақ бер,
Қуаныш пен бақыт бер.
Балалар қолдарынан ұстап,
бір-біріне күлімсірей қарайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Қане, балалар орнымызға отырамыз.
— Балалар мен қолымдағы сырнайды әуенді ойнағанда ғажайып сәт болады, соны тамашалайық. (Әуен ойнайды, қоржынна жылан шығады.)
Жылан жылы:
— Сәлеметсіздер ме,балалар мен сіздерге қоржын алып келдім,
бұл жәй қоржын емес, Сиқырлы қоржын!
— Балалар қоржынды ашайықшы, ішінде не бер екен көрейік (қоржын ашылады)
— Қоржынның ішінде суреттер бар екен, қане, балалар алып тақтаға ілейік.
— Балалар біз жылдың қай мезгілін
құрастырдық?
— Қане, балалар кім қыс туралы әңгіме айтып береді?
— Өте жақсы, балалар!
— Қане, балалар қоржында тағы қандай тапсырма бар екен, қарайық.
— Балалар қоржында тағы не бар екен?
Балалар бір-бірлеп үй жануарлары туралы сипаттап айтып береді
— Балалар, кім айтады, мысық қалай дыбыстайды?
Ит қалай дыбыстайды?
Әтеш қалай дауыстайды?
Олай болса біз ойын ойнайық.
Қимылды ойын: «Соқыртеке»
Мақсаты: Балалардың дауыс арқылы тез таба білуге, есте сақтау қабілетін арттыру.
Шарты: көз байлаған бала бір баланы ұстап алады, сол баладан «сен кімсің?» деп сұрайды, «Мен мысықпын мяу-мяу» дейді.Көзі байлаған оның кім екенін тапса, сол бала соқыртеке
болады. Ойын жалғаса береді.
Дидактикалық ойын: «Не артық?»
Мақсаты: Көре білу, байқау қабілеттерін дамыту, өз сөздерінің дұрыстығын дәлелдеу.
Балалар әр суреттерге зер салып қарайық,
не артық соны атаңдар?
Жылан жылы:
— Балалар, сендер тапқыр, ақылды балалар екенсіңдер, сендер менің тапсырмамды орындадыңдар, сендерге рахмет,
сау болыңыздар.
Іс – әрекетті бақылау кезеңі
-Балалар бізге кім келді?
-Ол не алып келді?
— Қандай тапсырмаларды орындадық?
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Жануарларды ажыратып,жануарлардың мекенін, ерекшелігін, үй жануарларының атауын, пайдасын айта біледі.

Баланың меңгеруі: Сиқырлы қоржындағы тапсырмаларды мүдірмей орындай білді.

Баланың жасай алуы: Дидактикалық, қимылды ойындарды қызығушылықпен ойнай біледі.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *