БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы,
№5 «Жеткіншек» балабақшасының тәрбиешісі
Халиуллина Гульайман Кенжешовна
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: «Ақ ұлпа қар»
Бөлімі:Қоршаған орта
Мақсаты: Әңгіме құрастыруда тәрбиешінің көмегі арқылы үйретуге жалғастыру.
Көрнекі құралдар: үлгі, геометриялық фигуралардың суреті
Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ойын.
Алдын ала –жұмыс: Қыс туралы түсіндіру, балаларды әңгіме құрастыруға үйрету.
Қостілділік компонент: Қар-снег
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз.
Ренжуді де білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
— Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері болады?
— Балалар, жұмбақ шешкілерің келе ме?
«Мамықтай жұмсақ болады,
Ұстасаң қолың тоңады.» ол не?
Таңғажайып сәт: (жұмбақтың шешуін тауып, шардың ішінен қар шашу)
— Қардың түсі қандай?
— Қар қандай, салқын ба, жылы ма?
— Балалар, біз қазір тәжірибе жасап көрейік. Қар тағы қандай болады екен? Міне, мынау ұлпа қар. Оны алақанымызға салып кішкене ұстасақ, ол қандай болады?
— Міне, қараңдар ол дымқыл. Ал, егер алақанымызда көбірек ұстасақ ше?
— Ол неге еріп кетті алақанымызда?
— Олай болса, «Ұлпа қар»әнін жаттайық.
(ән жетекшісімен бірге)
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Соқ-соқ-соқ, шапалақ соқ.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топ-топ топылдап билейміз.
Тоңса біздің денеміз,
Тон киіп аламыз.
Зу-зу шанамен зулаймыз.
«Қыс келбеті»
Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Күн суық, аяз. Ағаштардың бұталарын қырау басқан. Балалар аулада ойнап жүр. Біреуі коньки теуіп, ал кейбірлері жотадан төмен қарай шанамен сырғанап келеді. Балалардың бәрі көңілді, жүздерінен шаттық нұры ойнайды. Балалар қардан аққала жасады. Аққаланың көзін көмірден енді біреуі мұрнын сәбізден жасады. Ал басына қалпақ кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатып қойды.
Ойын: «Кім тапқыр?»
Ойын шарты: Қыс мезгіліне байланысты суреттерді ажыратып айтып, қыстырғышпен жіпке орнату.
Мақсаты: Балалардың саусақ моторикасын дамыту.
Іс-әрекетті бақылау кезеңі
Сұрақ-жауап
“Дала ақ тонын киіп, аяз үскір болады, үйлердің терезелеріне қырау тұрады. Балақайлар айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?”
“Қоян аппақ болады, аю ұйқыға жатады. Балақайлар айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?”
“ Ақ ұлпалар аспаннан ақ мамықтай жауады. Аяз, боран тек осы кезде ғана болады. Балақайлар айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?”
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктері, қыс мезгіліндегі табиғаттағы тірішілік туралы біледі.
Меңгеруі: Балалардың қысқы көрініс бойынша әңгіме құрастыру мен әңгіме барысында бір-бірін тыңдай
білуді меңгереді.
Жасай алуы: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында жұмбақтарды шешіп, дидактикалық
ойындарды берілген шарт бойынша орындай алады.
[bws_related_posts]