Басы » Бала бақша » Бауырсақпен саяхат

Бауырсақпен саяхат

KoloBOkМектеп:БҚО,Теректі ауданы,Айтиев БМ-ң жанындағы
«Балбөбек»шағын орталығы
Тәрбиеші:Сарбупеева Гульмира Сансызбаевна
Тақырып: Бауырсақпен саяхат
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»,»Денсаулық»,»Әлеуметтік орта»,
«Шығармашылық».
Оқу іс әрекеті: «Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру» «Жапсыру».
Мақсаты: -Балалардың ой өрісін, сөздік қорларын , сұрақ-жауап арқылы есте
сақтау қабілеттерін дамыту.
-Жабайы аңдарға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдары: табиғат макеты, ойыншықтар, сандар, бетперделер.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, саяхат жасау,ойын.

Билингвальді компонент:  Қайырлы таң-доброе утро,қоян-заяц, аю-медведь, қасқыр-волк, түлкі- лиса, сау болыңыз-досвидания.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

 

Балалар, бүгін бізде ерекше күн.Бізге апайлар келген. Қане қонақтармен амандасайық.

Жылулық  шеңбер:

/шеңберге тұрып амандасып, көңілімізді көтерейік/

Күлім қағып қолымды

1,2,3 деп соғайын

Қарап тұрған көршіме

Мен қолымды бұлғайын

Жылы-жылы жүзіңнен

Маңдайыңнан сипайын

Жылы-жылы сөзбенен жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақанымен қолынды бер қысайын

Амандасып өзіңмен құшақтасып алайын

Қайырлы күн- доброе утро.

Балалар амандасып, бірі-біріне жылы лебіздерін білдіреді

Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәт:

Балалар  бізде бүгін ерекше күн, бізге қазір қонақ келеді, қане, назар аударайық.

/осы мезгілде топқа бауырсақ кіреді де /

Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме балалар!

Тәрбиеші:

Балалар бұл кім екен бізге қонаққа келген.

Дұрыс. Ал бауырсақ қандай?

Қане, мен бауырсақты ұстап көрейінші. Ой ыссы екен, қолым күйіп қалды. Қандай ыссы.

Бауырсақ: Абайла, мен ыссымын, жаңа ғана пештен шықтым. Балалар, ал сендер үрлендер, мен суймын.

Рахмет балалар!

Білесіндерме балалар, өмірде неше түрлі қызықтар бар, сондықтан мен көп нәрсені көргім келеді.

Ендеше келіңіздер бәріміз мына әдемі, тамаша табиғатта отырып демалайық.

Шеңберге отырып саусақ ойынын ойнайық, ал сен бауырсақ ағаштың үстіне барып отыр және бізбен бірге жаттығуды орында.

/саусақ ойыны ойналады/.

Енді  айналамызға назар аударайықшы, мына жерде ерекше шырша өсіп тұр, ал шыршаның түбінде бір нәрсе көрінеді, жақындап көрейікші бұл не екен?

Балалар: Қояндар.

Бұл қандай аң?

-Неше қоян бар?

— Альбина  олардың құлақтарын санап берші?

-Бекзат  айтшы қоян үлкен бе, кіші ме?

-Бекзат  3 қоян дедің, ал үш санды тауып берші.

 

-Перизат  барлық қояндардың құлақтары нешеу?

-Ал, 6 санды тауып берші?

-Оның құлағы ұзын ба, әлде қысқа ма?

Жарайсыңдар балалар!

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырам, ал сендер жауабын айтыңдар. Алдымен  мен оқимын, ал сендер мұқият  тындаңдар.

Өзіне болған қорған,

Орман ішінде бірақ

Етеді қорбаң-қорбаң. 

 

Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері, айқай шу

 

Орғыған қорқақ, көзі қыли,

Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.

 

Аузы бейне, шалғы орақ,

Шөп емес, бірақ малды орады.

Балалар бұл аңдар қандай ертегінің кейіпкерлері?

Енді маған кім  қасқыр, аю, түлкі, қоян туралы тақпақ айтып береді?

Енді  жабайы аңдардың суреттерін  уақтап  қиылған жіп, қағазды пайдалана отырып жапсыру өнері арқылы аяқтауымыз керек.

Алдымен серігіп демалып алайық.

 

Сергіту сәті.

 

Аю қайда барасың?

Бал жинауға барамын

Қасқыр қайда барасың?

Қойларды іздеп барамын

Түлкі қайда барасың?

Тауық іздеп барамын

Қоян қайда барасың?

Сәбіз іздеп барамын.

 

Енді орнымызға отырып, тапсырмамызды орындайық. Әдемі етіп, суреттін сыртына шығармай орындайық.

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсізбе!

 

 

Бауырсақ

Әдемі, дөңгелек, көңілді, түсі сары.

 

 

/Балалар үрлейді/

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынды іс-әрекет арқылы көрсетіп, орындай отырып ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жабайы аңдар

Үш қоян бар

1,2,3,4,5,6

 

Қояндардың көлемі  әр түрлі

3санды көрсетеді

 

/алтау/

6санды көрсетеді

 

 

ұзын

 

 

 

 

 

 

Аю-медведь.

 

 

 

Түлкі-лиса.

 

 

Қоян-заяц.

 

 

Қасқыр-волк.

 

Бауырсақ ертегісінен.

 

 

Балалар тақпақтарын айтады

 

 

 

 

 

 

Балалар өлең жолдарын қайталап,қимыл-қозғалыстар жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

-Сонымен бүгінгі оқу іс әрекеті ұнады ма?

-Бізге қонаққа кім келді?

-Ал, ерекше шыршаның түбінен біз не тауып алдық?

-Аю, қасқыр, түлкі, қоян қандай аңдар?

-Неге оларды жабайы аңдар дейміз?

Осы жабайы аңдарды қорғаумыз керек.

 

 

 

Бауырсақ: Балалар мен сіздерге құр келгенім жоқ, сіздерге сыйлық алып келдім. Мен енді үйіме ата мен әжеме қайтуым керек. Сау болыңыздар.

Балалар біз енді келген қонақтармен қоштасайық.

 

Ұнады

Бауырсақ

 

Қояндар

 

Жабайы аңдар.

 

Себебі олар орманда тіршілік етеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сау  болыңыздар- досвидания.

Рахмет.

 

Күтілетін нәтиже

Біледі: аңдардың аттарын атауды, қамқорлық жасап, қорғауды.

Игереді: цифрларды танып, көрсетуді,  нешеу деген сұраққа толық жауап беруді.

Меңгереді: берілген сұрақтарға жауап беруді, берілген тапсырманы жапсыру арқылы бейнелеуді.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *