Сабақтың тақырыбы : Жақсылыққа жаным құмар
Сабақтың мақсаты : Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелей отырып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Адамға қажет қасиеттер туралы пікірлерін білу. Жүректеріне адамгершілік қасиеттерін ұялату.
Сабақтың көрнекілігі : Постерлер, даналық сөздер
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру
Сынып оқушыларын білім, денсаулық, тәрбие атты қима қағаздарын таңдап алу арқылы екі топқа бөлу.
Мұғалім: Оқушылар сендерді білім, денсаулық, тәрбие деп үш топқа бөлдік. Енді өздерің ойланып әр топ осы екеуінің адамға не үшін қажет екені туралы өз ойларыңды білдіріңдер.
— Білімнің адам өмірінде қандай маңызы бар?
— Тәрбие деген не сендердің ойларыңша?
Жақсы , тамаша . Енді осы білім, тәрбие екі топқа да ортақ бір ойынды сендермен бірге ойнағым келіп тұр. Ойынның ережесі былай : достық шеңберін құрып бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бір арман, бір шындық айтамыз. ( Оқушылар өздерінің армандарын образға кіре отырып айтады және бір шындық айтады. Екеуі ұқсас болуы керек , оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып екеуінің ара жігін ажырата білулері қажет, эмоцияларын шығара білулері тиіс).
Мұғалім : Құрметті оқушылар сендердің арман тілектерің өте көп екен. Армансыз адам, ормансыз бұлбұл сияқты.Мен сендердің осы армандарыңның орындалуына шын жүректен тілектеспін.Алайда, мына өмірде кез-келген нәрсеге қол жеткізу үшін адамға ең бірінші талап пен көркем мінез керек.Келесі тапсырмамыз адамға қажет иінездер төңірегінде болмақ.Тапсырманы бастамас бұрын сендерден адамның мінезіне , адам бойындағы қасиеттерге байланысты қандай өлең жолдарын ,мақал-мәтелдер білетіндеріңді сұрағым келіп тұр.Әр топтан оқушылар өз білетін мақал-мәтелдерін,даналық сөздер мен өлең жолдарын айтады.
Тапсырма .Екі топқа ортақ тапсырма. Адамның бойында кездесетін жақсы қасиеттер мен жаман мінез бен әдеттер туралы өз ойларыңды постер бетіне топта ақылдаса отырып, ортақ шешіммен қағаз бетіне түсіріңдер.Тапсырма аяқталған соң топтан бір оқушыдан шығып қорғауы тиіс.
Келесі тапсырмамыз жеке дара орындайтын тапсырма. Алдарыңда бес стикерден жатыр сол стикерлерге әрқайсыларың адамға қажетті бес асыл қасиетті жазыңдар.Кезекпен сол қасиеттерін маған береді, ең соңында өздерінде бір қасиет қалу керек . Қолдарында қалған адамға қажетті қасиеттерін айтады. Бір-бірінің пікірін біледі. Дауыстап оқиды, не себепті сол қасиетті алып қалғандығы туралы түсіндіріп береді.
Мұғалім: Балалар мен сендердің осы көркем мінездеріңнің , талаптарыңның арқасында болашақта еліміздің туын биік көтеретін тұлға болатындықтарыңа сенемін.
Хор : «Егемен ел» әні