Басы » Кембридж бағдарламасы » Біріккен сөздердің емлесі

Біріккен сөздердің емлесі

sozАлматы қаласы 
Алмалы ауданы
№67 жалпы білім беретін мектеп
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
 Тажиева Бейбіткүл Мұратқызы

Біріккен сөздердің емлесі

Сабақ  жоспары:                        Сыныбы: 6-сынып
Пәні:   Қазақ  тілі
Сабақтың  тақырыбы:         Біріккен сөздердің емлесі
Сілтеме: СТО.Нұсқаулық. Александер (2001,2002). 6 сынып оқулығы. Әдістемелік құрал. Әдіс-тәсілдері: Блум таксономиясы
Жалпы мақсаттар: ü Біріккен сөздердің емлесін есте сақтау, әсіресе дыбыстық өзгеріске түскен біріккен сөздердің жазылуын білу;

ü  Берілген мәтіндер арқылы оқушының  ұлттық құндылықтарды сүйе білумен қатар грамматикалық дағдыларын дамыту:

Негізгі мақсаттар:
  • Ø Ынтымақтастық  атмосферасын  құру;
  • Ø Өзін-өзін бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру:
Оқыту нәтижелері:
  • Оқушылардың жауапкершілігі артады;
  • Мәтін жазу арқылы сауаттылыққа үйренеді;
  • Сын тұрғысынан ойлауға жетелейді;
  • Сабақ алдында қойылған мақсаттардың орындалуын анықтайды:
Түсіну
                              Біріккен сөздердің емлесі
1.Түбір тұлғалары сақталып,бірге жазылады.

М:Ақтау,көкқұтан,

шекара,бірқыдыру т.б

2.Әрбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске түскен қалыпта жажылады. М:сөйткендіктен,

Қаракөз-Қарагөз, жаздыгүні-жаздың күні т.б

3.Еш,бір,әр,кей,әлде деген сөздер есімдіктермен бірігіп жазылады.М:ешкім,бірталай,

әрқашан,әлдекім,кейбіреу т.б. Ал жеке тұрып,зат есімдердің анықтауышы ретінде жұмсалғанда,бұл сөздер олардан бөлек жазылады.М: еш адам, кей жерде,бір мектепте т.б

Қолдану

Оқулықпен жұмыс:

«Шарлау» стратегиясы

Көру диктанты. 83-жаттығу.Берілген сөздерді бір рет қарап жазылуын еске түсіре отырып қалмай жазу.

Жазған көрме диктантарын тексеріп шығу.

86-жаттығу. Біріккен сөздерді теріп жазу

 

Талдау Тақтамен жұмыс.84-жаттығу.Түбірмен бірігіп жазылған сөздерді дефиспен бөліп жазу.

85-жаттығу. Ауызша талдау.Мазмұн айту

Жинақтау АКТ-дан электронды оқулық арқылы берілген сурет бойынша жұмыс.

Берілген суретке қарап отырып, біріккен сөз қолдану арқылы сөйлем құрау.

 

             Үлестірмелі қағазбен жұмыс.

Еш…, халық…, …аралық, …ішілік, жаратылыс…, …тану, кино…, …сақал, …бір, әр…

Бағалау критерийлері:       Бағалау әр тапсырма орындалғанда жауаптарына ынталандыру мақсатында түрлі-түсті фишка беріліп отырады.

Қызыл түс-5, көк-4, сары-3

 

Бағалау парағы
Критерий бойынша бағалау Ұпай жиынтығы Баға
А С Е 16-18 5
А С Е 14-15 4
А С Е 11-13 3
А С Е 8-10 2

 

 

 

 

Оқуға арналған  тапсырмалар: 42 бет оқу.87-жаттығу.Күрделі сөздерге 5 мысал жазып келу.

Ережені жаттау.

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *