Ақтөбе облысы
Темір ауданы
№3 Шұбарқұдық орта мектебі
Атраубаева Бибігүл Қожашқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Дүниетану
Класы: 3
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы туралы
мағлұмат беру. Табиғаттағы зат айналысымен таныстыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін және ойларын толық жеткізе білу, өздігінен,
топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Білім алуға
қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларға табиғатты аялауға және қоректену тізбегін құруға
үйрету.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау,
әңгімелеу,талдау, көрнекілік, сто
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: «Өмір айналысы» сызбасы,тірек-сызбалар,
үлестірмелі карточкалар,жануарлар мен
өсімдіктердің суреттері, интерактивті тақта Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: А3 плакаты, желім, түрлі түсті фломастерлер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, биология
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық
Қорқытпаймыз құстарды,
Қызықтаймыз ұшқанды.
Үркітпейміз аңдарды
Жасамаймыз дұшпандық!
II. Үй тапсырмасын тексеру
— Үйге берілген «Ұлу» тақырыбын оқып, мазмұнын айту
— Ұлудың суретін салу.
— Сұрақтарға жауап жазу
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Жануарлар» тақырыбында тест жұмысы
1. Тіршілік ету ортасы дегеніміз не?
А) Жануарлардың мінез-құлқы
Ә) Жануарлардың тіршілік етуіне қолайлы жер
Б) Жануарлардың сыртқы түр-келбеті
2.Ұлудың денесінде «үккіш» деп нені атайды?
А) Бақалшық Ә) Мүйізі Б) Тістері мен тілі
3. Төмендегі өрмекшітәрізділердің қайсысы улы және адам өміріне қауіп төндіреді?
А) Өрмекші Ә) Бүйі мен қарақұрт Б) Қанқыз
4. Ұлудың бақалшықты ұлулары неше күннен кейін шығады?
А) 18 Ә) 24 Б) 27
5. Зиянды паразит құртты көрсет.
А) Ішекқұрт Ә) Сүлік Б) Жауынқұрт
6. Ұлу неше сантиметр тереңдікке дейін кіріп, ұйқыға кетеді?
А) 4-6 см Ә) 7-9 см Б) 5-10 см
7. Ішекқұрттың жұмыртқаларын қандай жәндік таратады?
А) Шыбын Ә) Шегіртке Б) Маса
8. Қазақстандағы ең ірі өрмекшіні ата?
А) Орман кенесі Ә) Бүйі Б) Қарақұрт
IV. Жаңа материалды меңгерту.
1.Қызығушылықты ояту
«Орманның адам өміріндегі рөлі» тақырыбындағы әңгімеден басталады. Әрі қарай балалар Ғабдолла Тоқайдың «Бала мен көбелек» атты өлеңін сахналайды.
Бала: Гүлзар көркі көбелек,
Ұштың неге тынбай?
Нені қорек етесің?
Қай әлемнен келесің?
Көбелек: Көгалдарда, бақтарда,
Орманда менің тұрағым.
Күн нұрынан нәр алып,
Гүлді қорек қыламын.
Тағдыр берген бір күнім
Тыныш өтсе, тілегім.
-Көбелектің өмірі неге байланысты екенін талдаңдар.
Гүлдер Көбелек
-Өмір сүру белгілерін атаңдар. (Қоректену, қозғалыс, тыныс алу, өсу, даму, өлу)
Жүзеге асыру.
1. Балалар жануарлар туралы материалдарды еске түсіреді, соған қатысты әр топ басшысы карточкадағы сұрақтарды таңдайды.
-Шөпқоректілерге қандай жануарлар жатады?
-Етпен қоректенетін немесе жыртқыштар
-Өсімдіктермен де, аңдармен де қоректенетін жануарлар.
— Жәндіктермен қоректенетін жануарлар.
2. Тірі табиғат өкілдерінің тіршілік айналысында маңызды рөл атқаратынын әңгімелеп беріледі; топырақтың осы тіршілік тізбегіндегі атқаратын рөлін, егер топырақ жойылса, осы шеңбердің де құрып кететіні туралы айтылады.
2. Мағынаны тану.
Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын, ал топырақтан су, түрлі тұз және басқа қоректік заттар сіңіреді.Алынған қоректік заттардан күн сәулесінің әсерімен жапырақта қант мен крахмал түзіледі. Олар өсімдіктің өсуіне жағдай жасайды. Өсімдікпен адамдар мен жануарлар қоректенеді.Қорытылмаған тамақ қалдықтары, өлген жануарлар мен өсімдіктер топыраққа түседі.Олар топырақта қарашірікке айналады, микробтар оларды минералдық тұздарға ажыратады. Минералдық тұздармен қайтадан өсімдіктер қоректенеді. Тізбек тұйықталды. Осылайша табиғаттағы зат айналымы жүреді.
Шірінді
Микроорганизмдердің ықпалы
Тұздар
Өсімдіктер қорегі
Жануарлар қорегі
Өсімдіктер, жануарлар өледі
Топыраққа түседі.
Міне, табиғаттағы заттар осылайша шеңбер бойымен тіршілік етеді.
Өзекті сұрақ. Жер бетінен осы тіршілік шеңберіндегі құрамдас бөліктерінің бірі жойылса не болады:
Қыран тобы: «Өсімдіктер жойылса»
Сұңқар тобы: «Жануарлар құрып кетсе»
Барыс тобы: «Топырақ жойылса»
Бұл сұрақтарды алдымен топ ішінде талқылап, содан соң дауыстап айтылады.
Жалпы сұрақ: «Саңырауқұлақтар мен бактериялар жойылса»
Мұғалім: Жердегі барлық тіршілік иелері бір-бірімен қорек тізбегі арқылы байланысады. Сарышұнақ егістікте өсетін дәнмен қоректенеді. Саршұнақтың өзін түлкі ұстап жеуі мүмкін. Яғни, «дән- саршұнақ- түлкі» қорек тізбегі пайда болды.
Бұғы шөп жейді. Бұғының өзі-қасқырдың жемі. «Шөп-бұғы- қасқыр» қорек тізбегі пайда болды. Жәндіктер өсімдік жейді. Көлбақа жәндіктермен қоректенеді. Көлбақаны құтан жейді. Қорек тізбегі: «өсімдік-жәндік- көлбақа- құтан».
Бірінші буыны- өсімдік
Екінші буыны- өсімдікпен қоректенетін жануарлар
Үшінші буыны- жыртқыштар
V. Бекіту. Ой- толғаныс
Тапсырма. Үлгі бойынша қорек тізбегін құрастыру:
Астық- тышқан -түлкі
Шөп- киік- қасқыр
Гүлдер –жәндіктер- құстар
Жапырақ- шірінді- құмырсқалар
Сұрақ: Неліктен қорек тізбегін бұзуға болмайды?
VI. Сабақты қорытындылау. Сөздерді орналастыр.
1.Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді.
2.Қоректік заттардан жапырақта крахмал мен қант түзіледі.
3.Өсімдікпен адамдар мен жануарлар қоректенеді.
4.Қорытылмаған тамақ қалдықтары, өлген жануарлар мен өсімдіктер топыраққа түседі.
5.Топырақта қарашірікке айналады,микробтар оларды минералдық тұздарға ажыратады.
6. Минералдық тұздармен өсімдіктер қоректенеді.
Балалар табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктер байланысы туралы білгендерін пысықтайды.
Қорытынды. Барлық тірі организмдер мен топырақ-біздің планетамыздағы біртұтас тіршілік шеңберінің мүшелері.
Ағаш, бұта және шөптерді қорғау арқылы сен сол жерде тіршілік ететін аңдарға, құстарға және жәндіктерге көмектесесің.
VII. Үйге тапсырма беру
— Оқулықтағы мәтінді оқу
— Сұрақтар мен жауаптар
— Табиғаттағы зат айналымы суретін салу
VIII. Бағалау
(ЖҮКТЕУ)
[bws_related_posts]