Қарағанды облысы
Жезқазған қаласы
№1 қазақ орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Жакупова Марзия Саментовна
Сабақтың тақырыбы: Ер Тарғын
Сабақтың мақсаты: халық ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстыру, түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру; мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту. Батырлар жыры туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру. Елін қорғау, Отанын, халқын сүю батырлар жырының басты қасиеттері екендігін оқушыларға ұғындыру. Ер Тарғынның ел намысын ту етіп, елін қорғау үшін қиындыққа төзе біліп, жауын жеңетіндігін түсіндіру. Ой дамыту: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын, халқын шын сүйетін нағыз патриот етіп батылдыққа, жігерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
1.Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
2.Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру.
Сабақта күтілетін нәтижелер:
1.Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
2.Сол сезімін әңгімелеп беруге ынталандыру.
Сабақта қолданылатын стратегиялар:
1.Ой қозғау.
2.Галереяны аралау.
3.Түртіп алу жүйесі.
1.Топпен жұмыс.
Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: ватман, қағаз, маркер, түрлі-түсті батырлардың, Ер Тарғынның суреттері, батырлар жыры туралы көрме, күйтабақ, үнтаспа, карточкалар т.б.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Ой ашар.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген ерлік туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту, сол мақалдарға арнап сурет салу әңгімелеу тапсырылған. 2, 3 оқушыдан сұралып, қалған оқушылар “Галереяны аралау” стратегиясы бойынша үй жұмысын пысықтайды.
ә) күз туралы суреттер көрсету, әңгімелеу.
Жаңа сабақ: Ер Тарғын жырынан үзінді.
Сабақты бастамас бұрын бір шумақ өлең оқылады.
Ой қозғау: Енді “Ер Тарғын” сөзіне түсінік берейік, жұпта ой толғау. Ер сөзіне түсінік: ойларын тізбектеп жазамын: ер, ерлік, батыр, ер жүрек, жауынан қорықпайды, жалғыз жауға шабады, мықты т.б. Ер Тарғын жыры туралы айтып, суретін көрсетемін, не байқағандарын сұраймын, басқа да қазақ батырлары туралы сұрақ-жауап аламын.
Ал, балалар, енді кітаптың (27-бетіндегі) “Ер Тарғын” жырынан үзінді берілген, соны оқып танысамыз. Қалам алып, түртіп алу жүйесі бойынша (+, ?, v, –) жұмыс жүргізіп, сөздік жұмысты жүргізетінімізді ескертемін.
Мәнерлеп оқытамын. Диалог сұраққа жауап аламын.
— Жыр кімнің атынан баяндалған?
— Жырда қанша кейіпкер бар? т.б. сұрақтар қоямын.
Сөздік жұмысын (—) жүргіземін. Түсінбеген сөз, сөз тіркестерін өздерінен сұрақ-жауап алып, күрделі сөздерге түсінік беремін. Рольмен оқытамын. Топта талдау жұмысы, топпен жұмыс стратегиясы бойынша әр үй тобына сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Әр топқа (5 минут) уақыт беріледі.
Топпен жұмыс:
І топтың сұрағы: Жырда қандай батырлар бар?
Оқиға қай заманда болған?
Тарғын кіммен кездесті?
Не үшін кездесті?
Оның сырт бейнесінен нені байқадың?
ІІ топтың сұрағы: Домбауыл қай елдің батыры?
Ол қандай адам деп ойлайсың?
Саған үнады ма?
Жоқ әлде ұнамады ма?
Неге ұнамады?
ІІІ топтың сұрағы: Жырдан қалмақ батырларының сөзін тап.
Ол Ноғай елінің батырын неге теңейді?
Дұрыс па? Неге?
Келісесің бе?
Келіспейсің бе?
ІV топтың сұрағы: Ер Тарғын қай елдің батыры?
Оның жауабын тауып бер, саған ұнады ма?
Тарғын қандай деп ойлайсың?
Мінездеме бер.
V топтың сұрағы: Тарғын қалай аман қалды?
Оқиға қалай жалғасты?
Екі батырдың шайқасуы туралы не айтар едің?
Кім жеңіске жетті?
Топпен жұмыс талданып болған соң әр топқа уақыт беріліп, қағаз таратылады. Сонан соң ақ ватманға қорытынды ой жазылады.
Сабақты қорыту.
— Біз бүгін не үйрендік?
— Батыр болу, елін қорғауға дайын болу т.б.
Сабақты бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға шашу ретінде сыйлықтар таратылып, бағаланады.
Үй тапсырмасы: Жырдан үзінді беріліп, музыка тыңдату, сыйлық үлестіру, қонақтарға дулығаның суретін тарату. Тілек: “Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!”