Көп жылдар бойы ұстаздық еткен Сарыағаш қаласында мектепте информатика пәнінен сабақ беретін Бақытжан ағамның ФБ-тағы мына жазбасын сіздерге ұсынып отырмын.
Баланың рухын түсірме!
Жасөспірімнің өз болашағына сенбегенінен, өз болашағынан түңілгенінен асқан трагедия бар ма екен?!.
Бір баланы әкесі алдыма ертіп келіп, басынан нұқып тұрып ұрсады. Жер-жебіріне жетіп, «мұның басында түк те жоқ, бұл адам болмайды!» деп таусыла сөйлейді. Бала… әкесіінен қорыққанынан одан жасырып, менен компьютер программасын жазуды әжептәуір үйреніп жүрген жап-жақсы жасөспірім. Мінезі де бар. Сол мінезінің арқасында, сүйемелдеп, бері қаратып алғам. Ол маған жалтақтай қарайды. Көз алдымда жүнжіп кетті.
«Ә!.. Солай ма?!. Бұл оқи ма?.. Басы істей ме?!.» дегендегі түрін көрсең. Алдымен абыржып қалса да, кейін әке де, бала да еңсе көтерді. Сол сәтте олар да, мен де бақытты едік.
Сол шәкіртім, інімдей болып кетті, қазір кәсіби айтишник. Алматыда. Оған ақжол
Немесе керісінше, тек өз баласы ғана бәрін біліп тұрғандай, басқа балалардан бірнеше есе артық санап, мұғалімдермен «алысатын» ата-аналар да бар. «Менің балам президент болады»,- деп қартайғанда тапқан жалғыз ұлын бір пәннен нашар баға алып қалса, ұстазын да, баласын да өлтіруге дайын аналар да көбейіп кетті.
иә, ондай көп немесе сыныпта басқа балалрмен баға үшін бақталасатындарда көп. Мәселе баға емес, білім деп ойлаймын!