Басы » Баяндамалар » «12 жылдық білім беруге көшуде сандық білім беру ресурстарын қалыптастырудың маңызы»

«12 жылдық білім беруге көшуде сандық білім беру ресурстарын қалыптастырудың маңызы»

«12 жылдық білім беруге көшуде  сандық білім беру ресурстарын қалыптастырудың  маңызы»

Қасен Сержан

        Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық  қатарына өзіне  лайық  орнын белгілеген  біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай  өзіндік көзқарасы,саяси түсінігі бар, білімді, әрі жоғары білікті  жас ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі  бізден 12 жылдық  білім беру жүйесіне  өтуді талап етіп отыр. Сол талапқа сай  мұғалімде 12 жылдыққа сай болу керек, яғни 12  жылдық білім беретін мектептер толығымен қалыптасқан кезде біз 21-ғасырдың бірінші ширегін аяқтауға бет аламыз, жаңа заман бізге өзінің жаңа талаптарын қоя бастйды,  осы  негізде мен өзімнің қысқа ғана мұғалімдік  тәжірибемде көңілге түйген ойларыммен бөліскім келеді,  менің ойымша 12 жылдық білім беруге көшудің алдында біз қазақ тіліндегі сандық білім беру ресурысын қалыптастырып үлгеруіміз керек.

Қазақстан Республикасында білім дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі, білім беру процесінің барлық  қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету екендігі атап көрсетілген. Қоғамның  жəне  экономиканың  индустриялық-инновациялық  даму сұраныстарына  сəйкес  дәстүрлі білім  жүйесін  жаңғырту,  əлемдік  білім  беру кеңістігіне кірігу, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу білім беру саласындағы кезек күттірмес ауқымды мәселелерінің бірі, осы мақсатта елімізде жүргізіліп жатқан реформалар ауыз толтырып айтарлықтай, деседе республикалық деңгейдегі осыншама үлкен бағдарламаның іске асуы үшін, болашақ ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде барлық ұстаздардың өзара байланыста, тәжірибе алмаса отырып жұмыс істеуі айырықша маңызды деп ойлаймын. Ғылым-техника ұшқан құстай дамыған 21-ғасырда білім беру жүйесін интернетсіз елестету мүмкін емес, йә біздің көпшілігіміз  интернеттен материал көшіріп алуды үйрендік, ал енді Интернеттегі сайттарға қазақша материалды кімдер салып отыр? Бұл жағы ешкімді ойландырмайды.  Интернетте қазақша материалдар жеткілікті дәрежеде ме? Әрине жеткіліксіз екендігі бәрімізге аян.

Ұстаздар арасында интернет арқылы бір – бірімен тәжірибе алмасып виртуалды байланыс орнатқан мұғалімдер көп пе? Өте аз саусақпен санарлық деуге болады.

Міне сондықтан да мен бұл жобамда осы мәселелерді қарастырып шешу жолдарын ұсынбақпын.

Жобаның негізгі мақсаты:

  • Ұстаздардың интернет кеңістігінде өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
  • Жаңа ақпараттық технологиялардың білім беру ұйымдарында жалпыластыру.
  • Білім беру ресурстарының неғұрлым қолжетімді болуына жағдай жасау.

Сөз бастамас бұрын интернет әлемінде кеңінен қолданылатын ұғымдарға қысқаша тоқтала кетсек;

Сайт —(ағылшынша website: web — желi  site — орын, желiдегi орын,)-  электрондық құжаттардың   компъютер желiсiндегi (домен атымен немесе IP — мекенжаймен) бiр мекенжайға бiрiккен  жиынтығы.

Электрондық почта –(ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламаларды жеке адамдарға жеткізу қызметі.

Модератор – веб сайттарға жаңадан материалдарды қосып немесе ескі материалдарды жойып отыратын сайт басқарушы адам.

Интернет кеңістігінде білім беру саласына қатысты қазақша материалдар көбейе түсуі үшін алдымен жеке пәндерге арналған сайттар құрылуы керек. Сайт құру технологиясы қазіргі кезде өзінің күрделілігі мен құпиялылығын жоғалтып оңайласа бастады, сайт құрудың әдістері өте көп, оның ішінде ешқандай шығынсыз ақ сайт құруға мүмкінік беретін тәсілдер де жетерлік. Егер қаржы мәселесі шешілген жағдайда ақылы түрде сиымдылығы, мүмкіншілігі жоғары сайт құруға да болады. Әрине әрбір мұғалімнің сайт құрып отыруға уақыт жағынан да, техникалық жағынан да мүмкіншілігі жоқ, оның үстіне бұлай істеудің қажеті де жоқ. Ол үшін әр ауданда және әр облыста пәндерге арналған жеке-жеке сайттар ашылуы керек. (мысалы «Көксу ауданының биология мұғалімдерінің сайты» деген сияқты.) облыстық деңгейдегі сайттар мүмкіндігі жоғары болуы үшін сайт ақылы негізде жасалуы керек. Бір сайттың жасалып интернетке орналасуы үшін ары кетсе 50 мың теңгеге жуық қаражат керек. Әрбір сайтқа модератор ретінде сол аудан немесе облыс бойынша икемі бар деген мұғалімдер сайлану керек, немесе білім бөліміндегі әрбір әдіскер бұл жұмысты қоса атқара алады деп ойлаймын.Тек бұл жобадағы негізгі талап әрбір ұстаз электрондық почта қызметін пайдалана білсе жеткілікті, Аудандағы әрбір мұғалім ай сайын өз сайттарына мектебінде өткізген ашық сабақтарын, тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс сабағын, флипчарттары мен слайдтарын сабақта қолданылатын оқыту технологиялары мен әдіс тәсілдерінің жүзеге асырылу барысын жіберіп отырса, сайт уақыт өткен сайын кемелденіп барлығына ортақ білім көзіне айналар еді, әрі бір-бірімен тәжірибе алмасу жүзеге асар еді. Ал ауданның пәндік сайттарына жинақталған материалдардың ішінен таңдаулы  деп саналғандарын аудандық білім бөлімі облыстық деңгейдегі сәйкес сайттарға жіберіп отырса, интернетте  ең үздік материалдарымен толыққан білім қоры қалыптасады.

Жобаны іске асыруда мынадай тетіктер қарастырылуы керек:

  1. Сайт құруға кететін қаржы мәселесін шешу,(облыстық деңгейдегі сайттар үшін)
  2. Ақысыз негіздегі сайт құруды техникалық жағынан қамтамасыз ету.(төменде әдістерін қарастырамыз)
  3. Сайтқа материал жіберіп отыруды әрбір ұстазға міндеттеу.
  4. Әрбір сайтқа модератор тағайындап сайттың дамып кемелденіп отырыуын қадағалау.

Сайтты қалай құру мәселесіне келесек, ақылы негіздегі сайттарды қаражат мәселесі шешілсе веб студияларға тапсырыс беру арқылы жасату керек.

Ал енді аудандық деңгейде ақысыз, ешқандай шығынсыз сайт жасауға болады, сиымдылығы азырақ болса да аудандық сайттарға әбден болады, ол үшін интернет кеңістігінен бізге тегін орын ұсынатын веб сайттардың қызметіне жүгінеміз, солардың ішіндегі ең қолайлы әрі танымалы: www.ucoz.ru cайты, осы сайтқа тіркелген соң СОЗДАТ САЙТ деген бөліміне кіріп, ары қарай көрсетілімі бойынша істесек, 15 минут ішінде толыққанды бір сайт құрып шығуымызға болады. Сайттың ішін мынадай разделдерге бөлуге болады: Сабақ жоспарлары, Ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, Көрнекіліктер, Үйірме жұмыстары, Қызықты биология т.б.

Мұнан басқа www.narod.ru , www.fo.ru cайттары да осындай ақысыз қызметін ұсынады. Мысал ретінде өзімнің www.ucoz.ru сайтының қызметін пайдаланып ашқан  биология мұғалімдеріне арналып ашқан сайтымды айтқым келеді, www.biologia.my1.ru cайттың ашылғанына бір жыл бола қоймаса да еліміздің түкпір-түкпіріндегі биология пәні мұғалімдерінің қызу қолдауына ие болды және бір –бірімізбен тәжірибе алмасуға үлкен септігін тигізіп келеді.

 

Жобадан күтілетін нәтижелер:

  • Ұстаздардың бір-бірімен тәжірибе алмаса отырып жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
  • Интернеттегі білім саласына қатысты материалдар көбейеді.
  • Әрбір пән мұғалімдеріне арналған қолжетімді, кемелденген білім қоры құрылады.
  • Жаңа ақпараттық технологиялар барлық білім беру мекемелерінде тең дәрежеде  жалпыласады.

Қорыта келгенде білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу. Міне сондықтан да аталған жобаның іске асуы, тәуелсіз еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпаққа сапалы білім беріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда берер мүмкіншілігі мол деп санаймын.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *