Басы » Кембридж бағдарламасы » 1 ай бойы мен не үйрендім?

1 ай бойы мен не үйрендім?

cambridАқмола облысы
Егіндікөл ауданы
№ 1 Егіндікөл орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Абишева Жанат Б.

1 ай бойы мен не үйрендім?

Ең бірінші мен өзіме 1 ай бойы не үйрендім? Осы оқуға келгендегі мақсатым не? Ертең осы оқудың 1 кезеңін бітіріп, «алла қаласа» елге барсам осы оқығандарымды іс – тәжірибемде қолданып, әріптестеріммен бөліссем деген ой мені күнделікті мазалайды. Дұшпанға таба болмай оқыған еңбегімнің жетістігіне жету менің басты мақсатым. Осы жерде оқып жатқан бәріміздің арман – мақсаттарымыз осы. Білім саласында жұмыс істеген соң, әр таңымыз ізденіс пен талпыныста өту керек сынайлы. Осы мақсатқа менің де арманым ұштасқандай. Таңдағаным ұстаз болу, елімізді алға жетелейтін ұлтжанды ер – азаматтар мен қыздар тәрбиелеп өсіру болғандықтан, жасымыз елуді өкшелесе де заман ағымынан қалып қоймай, әлі де болса білімімізді шыңдаудан шаршаған емеспін. Осының бір дәлелі ретінде мектебімізден 1 деңгейлі оқуға алғашқылардың бірі болып «Тек қана алға!» ұранын ұстанып жазылып едім. . Білімімді кеңейтіп, тәжірибемді жетілдіру менің басты ұстанымым еді.Алғаш келген кезде жатырқап, қорқақтап оқуды бастап кеттік. Алғашқы күні сергіту жаттығулары мен топқа бөлінуден бастап, таныстық кезеңі өтті. Жан – жақтан жиналған ұстаздар қауымы бірден тіл табысып, үйренісіп кеттік. Сол күні оқыту дегеніміз не? Ол қалай жүзеге асырылады? сынды сұрақтар төңірегінде ой қозғап, пікір алмастық. Оқушылармен өзара ынтымақтастық пен өзара іс – әрекеттегі жұмыс маңыздылығы айтылды. Топтарға бөлініп отырып, мінсіз оқушы қандай болу керек? деген тақырыпта топпен сурет салып, ойларымызды ауызша кезекпен түсіндірдік. Әр адам сөйлеген сайын топ ережесі есімізде болды. Яғни, ешкімнің сөзін бөлмеу, жоқ деп айтпау, кезекпен сөйлеу, бір –біріңді тыңдау. Әр оқушы бойында бар дарындылық, ептілік пен ерекшелік қасиеттерді үздік ұстаз ғана байқай алады. Олардың эмоциялық, әлеуметтік және танымдық әрекеттерін де жіті ұғына білген абзал екен. Топтық жұмыстар арқылы оларды бірлестікке, достық пен жанашырлылыққа баулуға болады. Мінсіз оқушы ең басты – отбасы тәрбиесінен негізделетінін де айта кету керек. Топтық жұмыс жүргізудің 3 түрі бар екен. Бірі үлкен топ, бірі шағын топ болады. Құрамында 4-5 оқушыдан тұрады. Топпен жұмыс жүргізудің нәтижесінде оқушылар бір – бірне көмектеседі, қолдау көрсетеді, ойларын түсінеді. Осыған сай мұғалімдер де өзгерулері керек. заманға сай болу үшін жаңа технологияны меңгерулері қажет. Бізге тәжірибе беру мақсатында күнделікті тақырыптар интерактивті тақта арқылы көрсетіліп, сабақтың маңызы айқындалып, түсіндіріліп отырылды. Бақылаушы, тыңдаушы, үйренуші болып 3 адамнан тұратын топ құра отырып, өз білетіндерімізді өзгемен бөлісу үшін тәжірибе алмастық. 7 модуль арқылы сабақ жүргізу, осы қағидаттарға сүйену басты құралымыз екендігін түсіндік. Жан – жақты пікір алмасып, ой бөлістік. Тренер айтқан ақпарат пен қасымыздағы адамның пікірлері өзіміздің пікірге ұласа отырып, біраз мәліметтермен қанық болдық. Бүгінгі таңда кешегі дәстүрлі сабағымыз бен осы әдіс – тәсілдерді салыстыра отырып, біздің білетініміз 1 тоғыз болса, білмейтініміз 99 екендігін ұғындым. Өзімізді сыныпта мұғалім деп санап, өз білетінімізді ғана айтып, оқушының еркін сөйлеп, ойын ашық айта білуге, өзін – өзі бағалауына мүмкіндік бермеген екенбіз деген ой келді. Оқытудың жаңа тәсілі болып саналатын диалогтік оқытудың өзі 3 ке бөлінеді. Олар: әңгіме — дебат, кумулятивтік, зерттеушілік деп зерттеген екен. Осылардың біреуін пайдалану сабақтың нәтижесіне ықпал етіп, пайдаланылатын 7 модульдің бірі болып табылады. Сондай – ақ талантты және дарынды оқушыларды анықтай біліп, олардың бойларындағы қасиеттің одан ары жандануына жол аша білу біздің басты мақсатымыз. Сын тұрғысынан ойлата отырып, проблемалық сұрақтар қоя отырып, оларды сыни ойлауға үйрету. Содан жан – жақты саралай алатын, пікірін ашық айтатын, өзін – өзі бағалай білетін өскелең ұрпақ тәрбиелеу. Сандық сауаттылықтың осы орайда маңызы зор болса керек, себебі тек қана айта бергеннен көзімізбен көрген ақпаратты көбірек сақтарымыз анық. Сол үшін интерактивті тақтаны, сандық фотоаппараттар мен өзге де техникалық жабдықтарды пайдаланған жөн деп білемін. Осының барлығын тұжырымдай келе өзім үшін көп ақпарат алдым. Білмеген технологиялар бойынша хабар алып, жаңа заман ұрпағын тәрбиелеу жолдарын үйрендім. Өзім сынды мұғалімдермен пікір алмаса отырып, тәжірибеме көптеген өзгерістер енгіздім деп санаймын. Біздің жұмыс барысындағы сабақ беру әдісіміз бар сарынды. Оны айтпаса да түсінікті. Мұғалімге арналған нұсқаулықтан көп нәрсені ұғындық. Әрине осының басында алғашқы бастан бізді алып, көмегін аямаған тренеріміз Айгүлдің көмегі көп болды. Екі аптаның ішінде бізге көп мағлұмат берді. Екі аптадан соң келген Гүлмира апайға үйрену бізге біраз қиындық туғызды. Біз де өзімізді бастауыштың оқушыларындай сезіндік. Бүгін біз біраз үйренісіп қалғандаймыз. Үйге берілген коуч сабақ жайлы мереке қарсаңында қатты қиналдым. Менің бар ойым топта алты адам болсақ та мен коуч өткізуге дайындықсыз барсам, ұят екенін сезінуім. Бірақ, ол қиындықты да жеңе білдім. Мен дайындықпен келіп, әріптестеріммен бөлісе білдім. Бүгін біз «Практик – маманның зерттеуі» тақырыбының төңірегінде көп жұмыс атқардық. Зерттеушілік ұғымына тоқталыпғ сол төңіректе көп ойлар айттық. Постермен жазып, талқыладық. Соңынан тренеріміз слайдпен көрсетіп толық мағлұмат берді. Маған ұнайтыны тек қана оқып қана қоймай, өзіміз постерге жазып, әркім өз ойын ортаға салып, ортақ нәтижеге бағытталатындығымыз. Бұл ретте тренердің көмегі өте көп. Бізге бағыт беріп отырады. Іс – ірекетті зерттеу барысында сұрақтар дайындап, білімімізді бағалап отырамыз. Бұл да біздің болашақта еңбек етуімізге көп көмегін тигізетініне сенімдемін. Уақыт зымырап барады. 1 ай деген зымырап өте шықты. Өз бойым қаншама жаңалықтармен кездестім. Қаншама үрдістермен таныстым. Бір білгенім алдымдағы тәрбиелеп отырған оқушыларымның ашылуына ықпал жасап бағыт беру менің басты мақсатым. Ата – аналарыма да жас жеткіншектерді жеткізуге бірлесіп жұмыс атқаруға ықпал жасаймын. Алдағы уақытта осы айтылғандардың, көргендердің барлығын іс – тәжірибемде пайдаланып, жақсы сабақтар жүргізіп, өз бойыма өзгеріс еңгізіп, мектебімдегі әріптестерімді де заман талабына сай нағыз мұғалім болуға бағыт беруге күш- жігерімді салуға тырысамын деген ойдамын. Оқушыларым нағыз сыни тұрғыдан дамыған мінсіз оқушы боларына сенім артамын. Ең бастысы балаға бостандық бере отырып, ой еркі мен сөйлеу еркінен шектемеу керек, сонда ғана білім шыңына жетеріміз анық. Іс – тәжірибемізді аяқтап, ертеңгі күні осы жерде қайта қауышамыз, жақсылықпен аяқтаймыз деген сенім мені алға жетелейді. Өзімді жасыма қарап, көнердім, қартайдым демеймін. Әлі де болса көштен қалмай, заман ағымына қарай алға жылжып, жаңашыл ұстаздардың қатарында болсам деймін. Әлем жылдам өзгеруде…… Осы бағдарламамен барша мұғалім жұмыс жүргізсе, көптеген жетістіктерге жететініміз анық. Адам бар жақсы нәрсеге сену керек. Сенімім-алдағы күндерге апарар шамшырағым- демекші, арман мен үмітіміздің алдамайтынына, адастырмайтынына сенейік! Болашақтан мол үміт күтеміз!
Еңбек етсем ертеңгі,
Бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер,
Уақытыма сенемін

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *