Басы » Информатика » Microsoft Excel –дің графикалық мүмкіндіктері.Диаграмманы дайындау.

Microsoft Excel –дің графикалық мүмкіндіктері.Диаграмманы дайындау.

indyraМаңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен политехникалық колледжі
Суюндыкова Гулнар Муналбаевна
Информатика пәні оқытушысы 
Сабақтың тақырыбы:Microsoft Excel –дің графикалық мүмкіндіктері.Диаграмманы дайындау.
Сабақтың түрі: Лекция-презентация
Сабақты оқыту әдістері:
Интерактивті технологиялық әдістерді (аннимациялық слайдтар мен презентация жасау) лекция сабағында қолдану
Сабақтың мақсаты:
Танымдылық: 

 

 MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;
Дамытушылық:
 Оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын даыту ;
Тәрбиелілік:
 Оқушыларды адмагершілікке,  имандылыққа, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.
Көрнекілігі:
МS Exсel терезесі, Диаграмма шебері, электрондық оқулық, интерактивті тақта
 Пәнаралық байланыс:
Математика, Геометрия, Сызу
Оқу (оқыту):
Жаңа сабақты меңгерту
 Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 2-3 минут
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгінгі күнгі сабағымызда топты екіге бөліп сайыс өткізгелі отырмын.
 1Топ –Ақпарат тобы
2Топ – Технология тобы
Сайыстың шарттарымен таныс болайық.
Жоғары ұпай- 20 балл
Орташа ұпай – 10 балл
Төменгі ұпай – 5 балл
1.     Екі топ бір бірімен үй тапсырмасын айтып жарысады.
2.     Ойлан, тап!
3.     Сұрақ-жауап
4.     Сөзжұмбақ құрастыру
5.     Есеп шығару
Сабақтың тақырыбы:
Microsoft Excel –дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграмманы дайындау.
ЖОСПАР
1.     Microsoft Excel терезесіне шолу
2.     Диаграммаларды даярлау
3.     Диаграмма көлемін өзгерту
4.     Диаграмма типін өзгерту
5.     Диаграммаларды түзету
6.     Атауларын кірістіру
 
Біз MS Excel программасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік.
Microsoft фирмасының Excel программасы – кесте түрінде берілген мәліметтерді өңдеуге арналған кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын программа.
Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу.
Excel – де электрондық кесте үш өлшемді құрылымдан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан тұрады. Экранда тек бір парақ кітаптың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмерлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.
Диаграмма – сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Кестелік процессорлар статистикалық деректерді түрлі түсті диаграммалармен, графиктермен және графикалық суреттермен, схемалармен әсерлі көрсетуге мүмкіндік берді
Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекті графиктік  түрде берілуі.
Диаграмманы құру үшін:
Қою менюдегі Диаграмма командасын  таңдау
 2. Стандарт аспаптар тақтасындағы Мастер диаграмма батырмасын таңдаймыз.Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның бірінші қадамы экранға шығады:
Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды.
 
Диаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.
Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т.б. әрекеттер орындауға болады.

 

Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.

Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.Ойынның 5 шарты бойынша төмендегі берілген есепті шығару.

 

А

В

С

Д

Е

 

1

Тауар

Саны

Бағасы

Жалпы соммасы

 

2

Тәтті тоқаш        

3

Самса        

4

Шырын        

5

Шекілдеуік        

6

Балмұздақ        

7

Айран        

8

Қаймақ        

9

Ірімшік        

10

Барлығы        

11

         
 
С2- ден Е10 ұяшықтарына сандық мәндерді енгізіңдер. Сонда суреттегідей кесте аласыңдар.  С- мен Д бағандарына мәліметтерді енгізіңіз. Е бағанының есебін  шығару үшін, =  таңбасын қойып,

С2-мен Д2  ұяшықтарын көбейтіңіз. Жауабы шығу үшін ENTER пернесін басыңыз.

 

 

А

В

С

Д

Е

1

Тауар

Саны

Бағасы

Жалпы соммасы

2

Тәтті тоқаш

100

80

8000

3

Самса

50

50

2500

4

Шырын

75

150

11250

5

Шекілдеуік

20

80

1600

6

Балмұздақ

120

130

15600

7

Айран

60

185

11100

8

Қаймақ

40

160

6400

9

Ірімшік

45

220

9900

10

Барлығы    

66350

11

       
Бағалау.

Жаңа тақырыпты бекіту.

 

  1. 1.                 Microsoft Excel бағдарламасы не үшін қажет?
  2. 2.                 Ақпарат дегеніміз не?
  3. 3.                 А2 дегеніміз не?
  4. 4.                 Толтыру маркері дегеніміз не?
  5. 5.                 Бағандар дегеніміз не?
  6. 6.                 Жолдан қанша санын қамтиды?
  7. 7.                 Бағандар мен жолдардың қиылысуын қалай атаймыз?
  8. 8.                 Ұяшықтар ауқымы дегеніміз не?
  9. 9.                 Мәтіндік редакторды қалай түсінеміз?
  10. 10.            Негізгі аналық тақша дегеніміз не?

Үйге тапсырма беру.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *