Басы » Баяндамалар » Ғаламторды сабақта пайдалудың тиімділігі

Ғаламторды сабақта пайдалудың тиімділігі

internetЖаңаөзен политехникалық колледжі

оқытушысы Бисенгулова Ж.Б.

Ғаламторды сабақта пайдалудың тиімділігі

Қазіргі заман – ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Ақпараттық – коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мульдимедиа кабинеттері орнатылған. Ақпараттық –коммуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы мол. Осыған орай компьютерлік желіні, яғни ғаламторды падалану  қазіргі таңда жиі қолданыста.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» делінген, ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Ғаламторды пайдаланып оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен  қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Ғаламторды пайдаланып оқыту– бұл білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалану. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде ғаламторды тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары оң нәтижесін беріп отыр. Атап айтсақ, білім алушылардың өз бетімен ізденісі, пәндерге деген қызығушылықтары артуда және оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Инновациялық білім беру- білім сапасын жақсартудың негізгі тетігі. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар үстемдік құрған дәуірде таптырмас көмекші міндетін атқара алатын ақпараттың жаңа түрлерін ойлап табу қажеттігі туындап отыр. Ол – ғаламтор.

Ғаламторды пайдаланудың ең тиімді тұсы- бұл оқушының қызығушылығын оята отырып, білім алуға ықыласын арттыру болып табылады. Шын мәнісінде ғаламторды пайдалану – ақпарат құралы. Онда мультимедиялы, яғни бейнеақпараттар біріктірілген. Қазіргі кезде әрбір Қазақстандық ғаламтор желісін тиімді пайдалануда. Ғаламторды пайдаланып Онлайн сабақ өткізу жүзеге асырылуда.

Ғаламторды пайдаланудың құрылымы

  1. Браузерді таңдап, керекті сайттың адресін енгізіп, іздеу батырмасын басу керек.
  2. Ақпаратты іздеу үшін: google, yandex қосымшаларына ақпараттың атын теру керек.

Ғаламторды пайдаланудың маңызы зор.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *