Назгуль Абишева
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана өмір шуағы»
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Балаларға 8 — наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. 2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға газеттері, нақыл сөздер, гүлдер.
Тәрбие сағат барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 — Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін.
Хор:
Мұғалім: Ақ анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы. (Балалардың тақпағы айтылады)
Елназар
Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Ақбота
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Алихан
Аналар – ау менің шалқар көлдерім,
Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.
Мына өмірде қуанышты жүргенім,
Сенің арқаң бұл өмірге келгені
Аяулым
Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой.
Дархан
Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиған,
Дүниенің ардақтысы анам екен.
Айым:
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
Дамир:
«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!
Гулжайна
Сенен өскен балалар,
Сенен өскен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті асыл аналар.
Али
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз
Алина:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жасар
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты ар намысты сақтаған,
Мен анамның сонысымен мақтанам.
Нурай:
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Мурат
Әже деген көп шығар,
Әжелердей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Дария:
Ана – бақыт, ана күн,
Ана – өмір тірегі.
Ана – өмір себуші,
Ана – сарқылмайтын бұлақ.
Ерасыл
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды.
Әрбір қыз, әр бала,
Анасын ұқсайды.
Ұлиза:
Ақ қабақты анашым
Күн көкірек мамашым
Ақ сүтіңнен суардың
Бөбегіңнің санасын.
Нұрай:
Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
Мақал-мәтел жарысы:
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы.
Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
Ана – өмір себуші.
Қыз ақылы анадан.
Ана жүзі – күлімдеген күн көзі.
Гулжайна:
Ән «Ана туралы жыр»
Көрініс: «Анаға деген сағыныш»
Автор: Алыс сапардан келген анасына, үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
1 — қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2 — қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
3 — қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
4 — қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
5 — қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.
6 — қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.
Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ.
Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.
Ойын: «Өз баласын табу»
Шарты:Балалар тұрады,Аналары көздері жабулы күйінде баласының қолын ұстау арқылы табуы керек.
Нұрай:
«Айналайын мама,Туған куніңмен!»
Ойын. «Өз анаңды тап»
Шарты: Балалар көздері жабылып тұрады, бір ана шығып «ботам немесе балапаным» деп дыбыстайды, бала анасының дауысын танып анасына баруы керек.
Ұлиза: Ән «Ана»
Алина: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі:- Ана.
Алина: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?
Бәрі: – Ол – мейірімді ана.
Көрініс: «Ананың жұмбағы».
Автор :Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана: Жарайсың, кенжетайым! .
Мұғалім:
Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім — дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Мұғалім:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Ойын: «Кім жылдам?»
Шарты: 2 қыз, 2 ұл вальс билеп жүреді. Музыка тоқтаған сәтте дайындап ұойылған гүлді ұл бала жылдам алып, қызға сыйлауы керек.ойын ары солай жалғаса береді,
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, сіңілілеріміз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған — анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін. Аналар, қалқып бақыт аралында, Лайым мұң қонбасын жанарыңа Осымен кешімізді аяқтайық Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – өмір шуағы!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!