Қызылорда қаласы
№ 120 Жамбыл орта мектебі
Дайындаған: Нұрділда Гүлнұр
Ғылыми жетекшісі: Жаксылыкова Софья Жаксылыковна
Қамбаш көлін туризм аймағына айналдыру (Презентация)
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім
А. Туризм саласын дамытудың бағдарламасы.
Б. Туристік саланың қазіргі заманғы жай-күйін талдау.
В.Экологиялық туризмді дамыту мәселері.
Г. Қамбаш көлін туризм аймағына айналдыруға жасалатын жұмыстар.
Қорытынды. “Аса қорғауды қажет ететін табиғи аймақтарға көршілес орналасқа елді мекендерде экотуризм бизнесін бастап жатқан талапкерлердің саны ұлғая түсуде. Ал біз оларға қуана-қуана көмектесудеміз, өйткені, қазіргі экономикалық жағдайда дамудың бұл моделі шынымен-ақ жәрдем болары сөзсіз”,
Қазақстан туристік ассоциациясының президенті Рашида Шәйкенова
Нұрділда Гүлнұрдың «Қамбаш көлін туризм аймағына айналдыру» тақырыптағы ғылыми жұмысына
Аннотация
Қызылорда облысында экологиялық туризмді дамыту, оқу үрдісіне енгізу жағдайында білім сапасын көтеру, білім беруді туризм жөнінде оқушылардың біліктілігін арттыру, экотуризмнің елге, халыққа тигізер пайдасын сабақ өткізу барысында оқушыларға ақпарат бере отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру,
Annotation
To develop ecological tourism in Kizilorda region, to develop quantity of knowledge in education as a tourism, to develop pupil’s interest giving information through lesson benefit of tourism for people and nation.
Аннотация
Развитие в Кызылординской области экотуризма, повышение образования путем внедрения этой проблемы в учебный процесс: совершенствование знаний учащихся в области экологии. Повышение интерес к уроку на основе использования информации о значении экотуризма для страны, для народа.
Пікір
Жамбыл атындағы №120 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі
Жақсылықова Софияның «Қамбаш көлін туризм аймағына айналдыру»
ғылыми жұмыспен айналысқан
7 сынып оқушысы Нұрділда Гұлнұрға жазған
7–сынып оқушысы Нұрділда Гұлнұрдың «Қамбаш көлін туризм аймағына айналдыру» тақырыбындағы ғылыми жұмыспен жұмыстанып жатыр. Гүлнұр мақсатын негізге ала отырып, өзін толғандырып жүрген Қызылорда облысында экотуризмді дамыту туралы жүйелі ой қозғайды.Себебі бүгінгі таңда мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, өркениетті 50 елдің қатарына кіру өте күрделі мәселе. Осы мәселе мақсатында болашақта оқушы,
Туризм саласының одан әрі дамуына, алдағы уақытта Қамбаш көлінің жанына қонақ үй салуға, көлдің маңыздылығы, сондай-ақ табиғаттың жаратылысын қорғау, сақтау, туризмнің бұл саласын дамытудағы негізгі бағыттары туралы пікірлерін пайдалану арқылы, қаламыздың жастарының біліктілігін арттыруды көздеп отырған жалғыз оқушы деп білем. Жалпы ел мақсаты болып отырған мәселе, оқушымыздың ой-санасында үлкен мақсат болып жүрсе, болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматы болатынына сенімдімін.
Ғылыми жетекшісі: Жақсылықова София
Рецензия.
7 сынып оқушысы Нұрділда Гұлнұрдың ««Қамбаш көлін туризм аймағына айналдыру»» тақырыбында жазылған ғылыми жобасы экологиялық туризмді дамыту және жолдарын негізге ала отырып жасалған. Ғылыми жоба бірнеше тараулардан тұрады. Бұл жұмыста алға қойылған мақсат – қазіргі заманда Қызылорда облысындағы туримді,оның ішінде Арал ауданындаңы Қамбаш көлін туризм аймағына айналдыру.
Қазіргі таңда қоғамд туризм үрдісі күннен – күнге қарқынды дамып келеді. Осыған орай оны туризмді дамыту, пайдалану кең қанат жаю үстінде.
«Қамбаш» көлі жағажайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «Қызылорда облысында экологиялық туризмді дамыту мәселелері» бастамасын қолдаған.
Оқушының дайындаған ғылыми жобасы үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімінде Қамбаш көліне жалпы сипаттама бере отырып, көлдің суының құрамы туралы нақты түсіріктер берген.
Екінші бөлімде Туристік саланың қазіргі заманғы жай-күйін талдау, экологиялық туризмді дамыту мәселері,Қамбаш көлін туризм аймағына айналдыруға жасалатын жұмыстарды кеңінен ашып көрсеткен.
Қазіргі таңда еліміздегі туризм деңгейінің дамуы орташа, яғни даму үстінде деп айтуға болады. Оның бірден-бір себептерінің бірі ретінде инфрақұрылымның дамымауын айтуға болады. Инфрақұрылымды дамыту жұмыстарына үкімет те белсенді қатысуда, дегенмен біздің елеміздегі туризм нысандары мен объектілері батыстық стандарттарға сай келмеуін ашп көрсеткен. Ал қаражаттың көп бөлігі сол елдерде екенін ұмытпағанымыз жөн болар. Сондықтан, болашақта жасалатын іс-шаралардың барлығын тек сол бағытқа бағыттап жасаған дұрыс деп есептейді.
Бүгінгі таңда экотуризм мәселесі әлемдік деңгейде айрықша маңызға ие болып отыр. Республика аумақтарындағы табиғаты әсем елді мекендерді туристерге көрсету үшін барлық жағдай жасалуы керектігін көрсеткен.
Пікір жазған:
№120 Жамбыл орта мектебінің география пәнінің мұғалімі
Төремұратова Ләззат
Қамбаш – Сырдария алабындағы көл. Қызылорда облысы, Арал ауданында, Қамыстыбас темір жол станциясынан 2 км батысқа қарай орналасқан. Ол облыстағы ең ірі көл болып табылады. Ертеде көлдің орны Арал теңізінің шығанағы болған. Теңіз деңгейінен 58,1 м биіктікте жатыр. Аумағы 178 км2. Көл суының минералдығы жыл ішінде бір литрінде 2,8 грамнан 4,3 грамға дейін өзгеріп отырады. Химиялық құрамы жағынан көл сульфат класына, натрий тобына жатады. Көл ендік бағытта 30 км-ге созылған, енді жері 5 – 8 км, жағалауының ады каналы арқылы толысады. Шығыс жағалауы аласа, құмды. Оңтүстік. биік, жарлы (23 м-ге дейін), солтүстік жағалауының биіктігі 5м-ге жетеді. Ең терең жері 10 м. Жазық келген оңтүсік-батыс жағалауы Сырдариямен жалғасып жатыр. Қамбашта сазан, алабұға, шортан, т.б. балықтар кездеседі. Көлде қаз, үйрек, т.б. құстар, қамыс, құрақ арасында ондатр, жабайы шошқа кездеседі.
Бұл көл көптеген шағын-шағын көлдерді кесіп өтетін каналдар арқылы Сырдария суымен толығады. Көл деңгейін сақтау үшін көтерме бөгет жасалған. Көлдің орташа тереңдігі 5,5 м жиналады. Түсі көк жасыл, суы 6 метрге дейін мөлдір, көл суы түбіне дейін жылиды.
Бұл флора мен фаунаға бай сирек кездесетiн суаттар. Көл жиегі табиғи жағажай, ірi — дәндi құмнан жасалған әдемі жағажай. Суы өте мөлдір, әрі жұмсақ, жылдың 5 айында мамыр мен қыркүйек аралығы суға шомылып, ляззат алатын уақыт. Сирек кездесетін шипалы сапалармен ие.
Көл Сырдарияның оң сағасын аса төбе аралығында ойыста жатыр, ол сырттай қарағанда науа тәріздес. Жағалауы 5метр тереңдікке дейін тас,құмтас және құмайт,одан әрі тереңдеген сайын көл түбін тегіс сұр лай алып жатыр.
Қамбаш көлі бірнеше іріктеуден кейін еліміздегі туризмді дамыту картасына енді. Осында экологиялық туризмді дамыту мақсатында коттедж қалашығы және бес жұлдызды қонақ үй, саябақ салу жоспарланған
Туризм – бұл адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға, тұрғындар өмірінің сапасын арттыруға, қоршаған ортаны және мәдени мұраны қорғауға бағытталған осы заманғы экономиканың бірегей салаларының бірі. Туризм дамуы көлік, байланыс, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру сияқты экономика секторларына дем беріп, ықпал етеді және экономиканы құрылымдық қайта құрудың ең келешекті бағыттарының бірін құрайды.
Қазақстан өзінің алуан түрлі және кең аумағымен, әдет- ғұрыпымен, қызықты мәдиниеті мен бай табиғи және тарихи мұрасымен туристік обьекті ретінде қызықтырады. Қазақстанның туристік әлеуеті туризмнің барлық түрін: мәдени, танымдық, шытырман оқиғалы, спорттық, экологиялық, сонымен қатар мына қызықтар бойынша мамандырылған турларды (мысалы: ғылыми, діни, орнитологиялық) дамытуға жақсы ұстанымдарға ие.
Қызылорда облысының экономикалық және әлеуметтік прогресінің маңызды құрамдас бөлігі болуы тиіс. Облыста туризмнің даму стратегиясы меншікті туристік өнімді қалыптастыру және осы өнімнің ішкі және сыртқы рыноктарға шығуы үшін шаралар кешенін қамтамасыз ету қажеттілігімен айқындалуы тиіс. Туризмді нарықтық жағдай шеңберінде табысты дамыту үшін туристік фирмалардың, басқару органдарының қызметін үйлестіру қажет.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның басты мақсаты – туристік индустрияның бәсекелестік қабілетін дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету және оны экономиканың жоғары табысты секторына айналдыру. Бағдарлама Қазақстанның беделін тартымды туристік нысан ретінде қалыптастыруға, туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасауға, ұлттық тур өнімдерді қалыптастыруға және оның сапасын әлемдік деңгейге сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған.
Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар:
1) облыста қазақстандық және шетелдік азаматтарға туристік қызмет көрсетуде халықтың қажеттілігін өтеуге кең мүмкіндіктер ашатын қазіргі заманғы туристік кешен құру;
2) аймақ экономикасын дамытуға, , оның ішінде бюджетке салық түсімдерінің, шетел валютасының келуінің есебінен үлес қосу;
3) жұмыс орындарын сақтау және санын көбейту;
4) облыстың табиғи-рекреациалық, мәдени-тарихи әлеуетін сақтау және ұтымды пайдалану;
5) туризмнің инфрақұрылымын дамыту:
жолдарды, су жабдықтау және арна жүргізу жүйесін жаңарту, көркейту және электр жарығымен жабдықтау;
6) туризмнің материалдық базасын жаңғыртуға, жаңа обьектілер құрылысын жандандыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;
7) ішкі және сырттан келу туризмінің басымдықтарын дамытуға жағдай жасау;
8) туризм және қызмет көрсету салаларында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды, халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыруды қамтамасыз ету;
9) Қызылорда облысын Қазақстандық туристік нарық жұмысына және туризм саласына халықаралық ынтымақтастықты дамытуға біріктіру;
10) сала субъектілерін инвестициялау және қаржыландырудың, несиенің басқа да нысандары үшін жағдайлар жасау;
11) туризм саласын ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру, қызметке белсенді жарнама жүргізу.
БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТІГІ
1.Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту
Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
1) республикалық заңдар мен бағдарламалар жобаларының туризм саласын дамытуға арналған бөлігіне ұсыныстар мен ескертпелер әзірлеу;
2) туристік жобаларды несиелеуді қамтамасыз ету және тиісті Үкімет кепілдіктерін беру жөнінде ұсыныстар жасау;
3) туризм саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралар жүйесін әзірлеу;
4) техникалық реттеу жүйесімен белгіленген талаптарға сәйкес туристік және қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыру.
2. Облыстың мәдени-тарихи және рекрециялық
аймақтарын дамыту және сақтау
Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
1) мәдени-тарихи және табиғи рекрециалық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
2) халық арасында туризмнің құндылықтарын және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауды қамтамасыз ету;
3) қоршаған ортаны және өзге де туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
4) халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық жіктері мен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
ТУРИСТІК САЛАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
Ағымдағы сәтке облыста туристік саланы дамытудың көптеген шешілмеген проблемаралы бар. Саланың қалыптасуына кедергі келтіретін бірқатар объективті факторлар орын алып отыр. Бұл, ең алдымен, туристік индустрияның өзіндегі де, онымен сабақтас салалардағы да менеджементтің әлсіздігі, сондай-ақ туристік инфрақұрылымның жоқтығы.
Қызылорда облысындағы туризмнің дамуына кедергі болып отырған негізгі мәселелер мыналар:
1) құнды және тартымды экскурсиялық объектілерге автокөлік жолдарының болмауы немесе нашар жағдайы;
2) экскурсия нысандары жағдайының нашарлығы – қолайлы тамашалау алаңдарының, ақпарат тақпаларының, жабдықталған және қауіпсіз жолдардың, демалыс орындарының жоқтығы, әсіресе қолайсыз ауа райы жағдайында (жаңбыр, қатты жел, ыстық);
3) алыс аудандарда жергілікті тұрғындар ішінен білікті қызмет көрсетуші болмауы;
4) облыстың рекреациалық жерлерінде электр жарығымен, сумен жабдықтаудың және көріз жүйелерінің болмауы.
Облыста туризмді дамытудың маңызды қыры — әлеуметтік туризмді, соның ішінде қазақстандықтардың демалу құқықтарын іске асырудың негізгі және әлеуметтік қызметтер рыногын дамытудың басты факторларының бірі болып табылатын балалар туризмін дамыту болып табылады
Туризм инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын, сондай-ақ қаржылық қаражаттың шектеулі екенін ескеріп, шағын қонақ үйлердің, қонақтарға арналған үйлердің, кемпингтердің және мотельдер желілерінің, бірнеше киыз үйлерден тұратын ұлттық ауылдардың алғашқы кезектегі құрылысын айқындау қажет. Сонымен қатар киіз үйлер жасайтын кәсіпорындарды қалпына келтіру және жаңаларын салу қажет. Шетел туристерінің келу бағыттары бойынша турларына ұлттық нақыш беру ұлттық қолөнерлердің қайта дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін болады
Бұдан өзге, елдің туристік беделді қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың жандануына, Қазақстанға қызығушылықтың өсіп отырғанына қарамастан, әлемдегі негізгі туристік ағынды құрайтын мемлекеттердің әлеуетті туристеріне жеткілікті түрде ақпарат берілмеу проблемасы бар. Шетелдік туристер біздің туристік мүмкіндіктеріміз туралы ақпаратты тікелей туристік жәрменкелерге, көрмелер мен биржаларға бару кезінде алады.
Туристік нарық статистикасына жасалған талдау көрсеткендей, 1997-2000 жылдар кезеңінде туризмнің барлық негізгі көрсеткіштері 5 еседен астам төмендеген. 1998 жылы қызмет көрсетілген туристер саны 52 адам болса, 1999 жылы – 138 адам, 2000 жылы – 143 адам болды. Халықаралық туристік жәрмеңкелерге қатысу және саланы жарнамалаудың арқасында соңғы жылдары олардың саны артып келеді. 2001 жылы қызмет көрсетілген туристер саны 976 адамды құрады, ал 2002 жылы – 993 адам, қазіргі кезеңде 1996 жылдың (996 адам) деңгейіне жеттік.
Байқоныр кешені бойынша Қазақстан-Ресей кіші комиссиясы және ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы бекіткен Байқоныр кешеніне туристік сапар ұйымдастыру тәртібі туралы 2002 жылғы 17 ақпандағы шешімге сәйкес 2005 жылғы 16 мамырда № 156/16-05 келісім-шарты қабылданып, Байқоныр кешеніндегі туристік қызмет көрсетуге туристік топтардың келуіне мүмкіндігі бар объектілердің тізімі және баға көрсеткіші бекітілген.
Облыста туризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар мен жағдайлар бар:
Туристерді орналыстыру нысандары:
Облыста 22 қонақ үй, 2 санаторий, 7 балаларды сауықтыру лагері, 2 қонақтық үйлер жұмыс істейді.
Көлік:
Облыс орталығы Қызылорда қаласында және Байқоныр қаласында әуежайлар бар. Облыс аумағынан Орынбор – Ташкент темір жолының құрамдас бөлігі, ұзындығы 764 километр болатын Батыс Қазақстан темір жолы өтеді. Тас жолдардың ұзындығы 3 мың километр. Басты тас жолдар: РФ шеқарасы – Самара –Шымкент – Орал арқылы – Ақтөбе – Қызылода, Қызылорда – Павлодар – Успенка (РФ).
2006-2008 жылдар кезеңінде жоғарыда аталған автомобиль көлігі дәліздеріндегі жол маңайындағы сервис объектілерін және инфрақұрылымды жаңарту, қалпына келтіру және дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру көзделеді.
Ұлттық қолөнер: (кілем, музыкалық аспап және т.б. жасау), ұлттық тағамдар, фольклор (әуен, би, киімдер, поэзия, аңыздар және т.б.);
Тарихи және діни орындар, көшпелілер тіршілігі: (киіз үйлер, қос өркешті бактриан түйелері, жылқы, қойлар және т.б.);
Табиғаты тартымды жерлер: (Сырдария өзені, Қамбаш көлі, табиғи қорықтар ( «Барсакелмес» қорығы);
Ғылыми және техникалық тұрғыдан қызығушылық: (Байқоныр ғарыш айлағы);
Мәдени-демалыс орталықтары: (8 мұражай, 5 кинотеатр, 1 театр, 1 филармония, 22 мәдениет үйі);
Туристік фирмалар: туристік қызмет көрсету нарығында 15 жылдық тәжірибесі бар «Саяхат» туристік фирмасы, 2003 жылы ашылған «Қорқыт-Тур» туристік агенттігі, Байқоңыр қаласында туристік қызмет көрсететін «Инфракос» республикалық коммуналдық кәсіпорыны қызмет істейді.
Экологиялық туризмді дамыту мәселесі
Бүгінгі таңда экотуризм мәселесі әлемдік деңгейде айрықша маңызға ие болып отыр. Республика аумақтарындағы табиғаты әсем елді мекендерді туристерге көрсету үшін барлық жағдай жасалуы керек. Бұл бағытта сала мамандары хал-қадірінше жұмыс жасауда. Бірақ, атқарылар істер одан да қомақты. Соның бірі ерекше қорғалатын қорықтарды туризмнің негізгі нысанына айналдыра білуіміз шарт. Қазір экотурзимді дамыту ісі қолға алынып, ол бойынша іс-шара жоспарланды.
Экологиялық туризмді дамыту мәселелері және қонақ үйлерді ашудың негізгі қағидаттары жөнінде Қазақстан туристік ассоциациясы да өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда экотуризм мәселесі әлемдік деңгейде айрықша маңызға ие болып отыр. Республика аумақтарындағы табиғаты әсем елді мекендерді туристерге көрсету үшін барлық жағдай жасалуы керек. Бұл бағытта сала мамандары хал-қадірінше жұмыс жасауда. Бірақ, атқарылар істер одан да қомақты. Соның бірі ерекше қорғалатын қорықтарды туризмнің негізгі нысанына айналдыра білуіміз шарт. Қазір экотуризмді дамыту ісі қолға алынып, ол бойынша іс-шара жоспарланды. Алдағы уақытта бұл жарқын бастама Қамыстыбас елді мекенінде де өз шешімін табатын болады.Тарихы терең Арал ауданының Қамбаш көлін туристер келетін мекенге айналдыру бастамасы өте құптарлық. Кеш те болса іске асырылғалы отырған бұл шараны жергілікті жұртшылық көптен күткен болатын. Тіл үйірер дәмді шұбаты мен балығы бар өлкенің емдік шипасы бар суы да талай шетелдіктерді тамсандырары сөзсіз.
Қамбаш көлін туризм аймағына айналдыруға жасалатын жұмыстар
Толқыны көкке тулаған Қамбаш көлінің атағы көпшілікке мәлім. Автокөлік жолына жақын, табиғаты көркем мекеннен қашанда халық үзілмейді. Әсіресе, демалыс күндері жағалаудан бос жер таба алмайсыз. Тіпті, алыс-жақын шетелдерден келген меймандарды да жолықтыруға болады. Көл жағасына қонақүй салу жобасын “Торжынбай Төре” ЖШС ұсынған. Жобаның құны 15,1 млн. теңгеге бағаланған. Мақсат Қамбаш көлі жағалауынан заманауи үлгідегі демалыс орнын ашу болып отыр.
Әйткенмен, қаржы мәселесі тығырыққа тірейтіндей. Көл жағасына су жеткізіп, электр желісін тарту да күшке түседі. Инфрақұрылымға қомақты қаржы керек. Соған қарамастан, мұнда біршама тірлік тындырылған. Көл жағасындағы баспаналар, ақшаңқан киіз үйлер алыстан көз тартады. Қамбаш көлін үлкен демалыс орнына айналдыру үшін әлі де ауқымды тірліктер атқару керектігі байқалады.
Қамбаш көлі бірнеше іріктеуден кейін еліміздегі туризмді дамыту картасына енді. Осында экологиялық туризмді дамыту мақсатында коттедж қалашығы және бес жұлдызды қонақ үй, саябақ салу жоспарланған
Қамбаш -Қамыстыбас елді-мекені тұсындағы – ғажайып су айдыны. Суы мөлдір әрі емдік қасиеті мол. Жағасына ақшаңқан киіз үйлер тігілгелі мұнда келушілер де көбейді. Ал, көп ұзамай Қамыстыбас туристік аумаққа айналады. Мұнда қонақ үй кешенін салу, балық аулау орны мен сумен емдеу бөлімдерін ашу жоспарда бар. Бұл жұмыстар экологиялық жоба аясында қолғаалынбақ.
Ал, кезінде тулаған толқыны жағаға ұрған теңіз суы Арал қаласына 18 шақырым ғана қалған.
Алдағы уақытта бұл жарқын бастама Қамыстыбас елді мекенінде де өз шешімін табатын болады.Тарихы терең Арал ауданының Қамбаш көлін туристер келетін мекенге айналдыру бастамасы өте құптарлық. Кеш те болса іске асырылғалы отырған бұл шараны жергілікті жұртшылық көптен күткен болатын. Тіл үйірер дәмді шұбаты мен балығы бар өлкенің емдік шипасы бар суы да талай шетелдіктерді тамсандырары сөзсіз.
Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы Арал ауданы, Қамыстыбас ауыл округі, «Қамбаш» көлі жағажайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «Қызылорда облысында экологиялық туризмді дамыту мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес жұмысына Арал ауданының әкімі Н.Мұсабаев, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы С.Мұстафаев, Байқоңыр қаласының мәдениет, жастар саясаты, туризм, және спорт басқармасының бастығы Ю.Петровский, Қазақстан туристік ассоциациясы орталығының дәріскерлері, Оңтүстік Қазақстан облысынан шақырылған қонақтар, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлім басшылары, облыстағы туристік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар, билайн компаниясы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен семинар- кеңес өткізілді.
Туризм саласы еліміздегі басым 7 экономикалық кластердің бірі болып белгіленді, осы бағытта жұмыс жасауда «Қамбаш» көлі маңайында туризмді дамытудың маңызы ерекше. Өткен жылы облыс әкімі Б.Б. Қуандықовтың қолдауымен көл маңайында демалыс орнын жасау жөнінде шешім қабылданды. Облыстық бюджеттен түбегейлі жоспарлау жобасын жасауға 13769,6 мың бөлініп жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы N 156 Қаулысы
«Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 231 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi — Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен мүдделi ұйымдар:
1) Жоспардың орындалуы жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шiлдеге қарай Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 28 ақпандағы
N 156 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді — ҚР Үкіметінің
2007.08.06. N 671 , 2008.02.19. N 157 , 2009.01.27. N 61 , 2009.01.27. N 62 Қаулыларымен.
11. |
Қызылорда |
ТСМ-ге |
Қызылорда |
2008 |
Инвес- |
Қорытынды
Қазіргі таңда еліміздегі туризм деңгейінің дамуы орташа, яғни даму үстінде деп айтуға болады. Оның бірден-бір себептерінің бірі ретінде инфрақұрылымның дамымауын айтуға болады. Инфрақұрылымды дамыту жұмыстарына үкімет те белсенді қатысуда, дегенмен біздің елеміздегі туризм нысандары мен объектілері батыстық стандарттарға сай келмеуде. Ал қаражаттың көп бөлігі сол елдерде екенін ұмытпағанымыз жөн болар. Сондықтан, болашақта жасалатын іс-шаралардың барлығын тек сол бағытқа бағыттап жасаған абзал.
Қазақстан туристік ассоциациясы ақпараттық орталығының дәріскерлері Қазақстан Республикасында экологиялық туризмді дамыту мәселелері мен «Қонақжайлық үйлерді» ашу және олардың сапа стандарттары», Туризм қызметкерлері құрамын басқару психологиясы туралы дәрістері қатысушылардың қызығушылығын тудырып, тың жұмысты ашуға да бастама болды. Экологиялық туризмді дамыту мәселелері және қонақ үйлерді ашудың негізгі қағидаттары жөнінде Қазақстан туристік ассоциациясы да өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда экотуризм мәселесі әлемдік деңгейде айрықша маңызға ие болып отыр. Республика аумақтарындағы табиғаты әсем елді мекендерді туристерге көрсету үшін барлық жағдай жасалуы керек. Бұл бағытта сала мамандары хал-қадірінше жұмыс жасауда. Бірақ, атқарылар істер одан да қомақты. Соның бірі ерекше қорғалатын қорықтарды туризмнің негізгі нысанына айналдыра білуіміз шарт. Сондай-ақ Қазақстан туристік ассоциациясының президенті Рашида Шәйкенова: “Аса қорғауды қажет ететін табиғи аймақтарға көршілес орналасқан елді мекендерде экотуризм бизнесін бастап жатқан талапкерлердің саны ұлғая түсуде. Ал біз оларға қуана-қуана көмектесудеміз, өйткені, қазіргі экономикалық жағдайда дамудың бұл моделі шынымен-ақ жәрдем болары сөзсіз”, – деді.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Бағдарламада әзірленген шаралар ел ішінде қалай болса, дәл солай шетелде де туристердің ағымын одан әрі ұлғайтуға ықпал ететін болады және ақырғы соңында Қазақстанның ұлттық турөнімінің және ықпалдыстығының әлемдік туристік нарыққа тартылуын едәуір арттыруға, туристік индустрияны халықаралық кәсіпкерлік және іскерлік ынтымақтастық саласы ретінде құруға және одан ары дамытуға, сондай-ақ туризм саласының мемлекет экономикасының табысты секторы ретінде қалыптасуына әкеледі.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру:
1) Қызылорда облысы экономикасының құрамдас бөлігі ретінде туристік саланы құруға;
2) жергілікті, халықаралық деңгейде қажылық және оның алуан түрлерінде (танымдық, іскерлік, спортық, сауықтыру, экзотикалық, экологиялық т.с.с) туризм индустриясын құруға;
3) туризм инфрақұрылымын жасауға: сервистік және сауда қызметін көрсететін кәсіпорындарды, табынушылық және туристік кешендер, халық қолөнер шеберханаларын, этнографиялық мұражайларды, өнердің дәстүрлі нысандарын белгілейтін салт жоралық, этнографиялық және фольклорлық театр мен ұжымдар, керуен жолдарының, жаяу жүру маршруттарының тарихи ландшафтын жаңғыртуға, жолдарды, су жабдықтау және арна жүргізу жүйесін жаңартуға және көркейтуге, электр жарығымен жабдықтау;
4) туризм саласында қызмет істейтіндердің санын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға;
5) жергілікті бюджеттердің салық салынатын базасын кеңейтуге мүмкіндік береді;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: