Басы » Мектепке дейінгі білім беру » «М м» Дыбысы мен әрпі

«М м» Дыбысы мен әрпі

mМектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Кетебаева Гулден Саматовна
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Шеңгелши ауылы Қазақ ССР-ның 30 жылдығы атындағы негізгі мектебі
Пәні: Сауат ашу
Тақырыбы:  «М м» Дыбысы мен әрпі
Мақсаты:    Оқушыларға М м дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы сөздерді оқу мен жазуға уйрету.
М м дыбысы қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту.
Сауатты оқуға, әдемі жазуға, тазалыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
  Түрі:     аралас
Әдісі:    Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: Суреттер. моншақ, мақта, машина, мысық.
Сабақтың барысы:        I. Ұйымдастыру.
Оқу құралдарын қадағалау, назарларын сабаққа аудару.
   II. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.

Доп сөзін тақтаға жаздырту. Дыбыстық, буындық талдау жасату.
Дыбыс деген не?
Әріп деген не?
«Кім жылдам?» ойынын  ойната отырып, жұмбақтың шешуін табу.
Марат та өлең жаттады,
Манас та өлең жаттады.
Қай әріптен басталған,
Екеуінің аттары?
Шешуі: М  дыбысынан басталған.
  III. Жаңа сабақты меңгерту.
Бүгінгі сабақта өтетін тақырыбымыз М м дыбысы мен әрпі.
Оқушыларға мақтаны көрсете отырып, күнделікті тұрмыста не үшін қолданатымызды әңгімелету.
  Мақта- бағалы өсімдік. Ол жылылықты, күн көзін, құнарлы тапырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол суармалы жерлерде өседі.
Мақта сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасату. Қандай дыбыстан басталатынын айтқызу.
Мысықтың суретін көрсете отырып, оқушыларға мысық туралы білгендерін әңгімелету.
Пеш үстінде мысық отыр,
Аздап көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.
Мысықтаза хайуан. Олар мұқият жуынады. Мысық тарғыл жолбарыс пен аң патшасы арыстанға өте ұқсас. Мысық тышқанның інін тапжылмай аңдып отырады.

Мысық сөзіне дыбыстық, талдау жасату.
М дыбысынан басталғанын айтқызу. М дыбысын дыбыстату.
— Қандай дыбыс екен?
— Дауыссыз дыбыс.
М дыбысы сөздің барлық буынында келеді. М: тамақ, білім, алма.
«Кім жүйрік?» ойынын ойнату.
Қатар бойынша оқушыларды жарыстыра отырып, М дыбысы қатысты сөздерді айтқызу.
 IV. Оқулықпен жұмыс жүргізу.
1.Суреттегі атаулардың әрқайсысын шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
2.Оқушыларға оқулықтағы берілген сөздерді буындап, тізбектеп оқыту.
3.Тақтаға мата, мал, алма сөздерін жазғызу.
Сергіту сәті.
Дәптерімізді ашайық.
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық.
Көркем етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс.
М м әрпінің баспа түрі мен жазбаша түрінің жазылуын меңгерту.
  М м әрпін ауада содан соң дәптерге жаздырту.
V. Қорытындылау
  —Сонымен, балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-М дыбысыны байланысты қандай сөздер білдік?
-М дыбысы қандай дыбыс?
VI. Бағалау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *