Басы » Тарих » Моңғол империясының құрылуы

Моңғол империясының құрылуы

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№ 8 мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар
жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Муханова Өтебике Есенқызы

Сабақтың тақырыбы: Моңғол империясының құрылуы

Білімділік мақсаты:  Оқушыларға моңғол мемлекетінің құрылуы,саяси-әкімшілік құрылымы,  «Жасақ» заңдар жинағы,моңғолдардың  қазақ  даласына  алғашқы жорықтары Қазақстанды жаулауы, «Отырар апаты», ұлыстардың құрылуы,моңғол шапқыншылығының салдары туралы  түсінік беру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз елінің өткен тарихына деген құрметке,  патриотизмге, ерлікке, бірлікке, әділдікке ,азаттық жолындағы күрескерлікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың ойлау, еркін сөйлеу, есте сақтау, қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын  арттыру

Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабақ.

Технологиясы: Тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау элементтері.» «Фишбон» немесе «Балық қаңқасы»әдісі, жуан жіңішке сұрақтар, рөльдік ойын

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география

Көрнекілігі: слайдтар, бейне ролик,дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі Сабақ барысында оқушылар дидактикалық материалдар арқылы  топқа бөлінеді .

І топ ІІ топ ІІІ топ

Сабақты жүргізу жоспары

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Қожа Ахмет Иасауи қай қалада дүниеге келген. (Сайрам)
2. Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген.
(870 -950)
3. Түрік тілін алғаш зерттеген ғалым кім. (Махмуд Қашқари)
4. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекеті кезінде өмір сүрген ақын кім. (Ахмет Игүнеки)
5. Қожа Ахмет Иасауидің қандай шығармаларын білесіңдер.
(«Диуани – и хикмет »)
6. «Диуани лұғат ат — түрік» еңбегінің авторы. (Махмуд Қашқари)
– Ой қозғау стратегиясы бойынша сауалдар.

1. Сендер, патриот, патриотизм деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2. . Шыңғыс хан                           Бұл есім туралы не білеміз?.

Ендеше, сендер біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?

Ендеше дұрыс айтасыңдар, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Моңғол      империясының құрылуы»

«Бұл сабақта сіздер Монғол империясының басқыншылық саясатының зардаптары туралы мәліметтер аласыздар және алған білімдеріңді өз қажеттіліктеріне сай пайдалануға үйренесіздер.

ІІ Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары:

1 Моңғол империясының құрылуы

2 Моңғол империясының қоғамдық құрылысы

3 Шыңғыс ханның жорықтары

4 Шапқыншылықтың зардаптары

5 Ұлыстардың құрылуы

Негізгі бөлім:  Интерактивті тақтадан слаид  тірек-сызба арқылы тақырыпқа шолу жасау.

1. Моңғол империясының құрылуы.





 

Моңғол ипмериясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Теміжүн 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді. 1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады  Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса)  Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:

2. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы:

 

 Ұлыстардың құрылуы.  Осы бөлімді слайдтар арқылы  таныстыру.

Жаулап алудың  зардаптары

  • Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;

  • Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;

  • Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;

  • Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;

  • Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;

  • Мәдениеттің дамуына кедергі болды.

 

III Термин сөздермен жұмыс. Оқушылар  ғаламторды пайдаланып, термин  сөздердің мағынасын табады.
«Жасақ» («Яса») – заң жинағы.
«Құрылтай» — жылына бір рет болатын кеңес.
«Барунгар» — оң қанат.
«Кул» — орталық қанат.
«Мыңбасы» — бір мың әскердің басқарушысы.
«Жүз» — бірнеше ұлыстың бірігуі.
«Хан» — тайпа көсемі, мемлекет билеушісі.

«Ұлыс» — бөліп берілген жерлер.

Ашнас

IVМағынаны тану. Жаңа тақырып бойынша оқушыларға топпен жұмыс жүргізу.

I топ Фишбон немесе балық қаңқасы. (Оқушылар жаңа тақырыпты алып,осы схемаға  салу арқылы өз ойларын ортаға салады.)   Себептер, дәлелдер нәтижесі

           Балықтың бас сүйек қаңқасындағы  проблеманы анықтайды.

Қаңқа сүйекшелерінің жоғары бөлігіндегі проблеманың себебін анықтайды.

Төменгі сүйекшелерінде себепті нақтылайтын дәлелдерді жазады.

Балықтың құйрығына қорытынды жазады.

 

II топ Жуан жіңішке сұрақтар құрастыру.

Жуан сұрақтар:Мысалы: Шыңғысхан не себептен соғыс пен жаулаушылықтар жолына түсті?

Жіңішке сұрақтар: Мысалы: Темучин қай жылы хан сайланды? 1206 жылы

III топ  Кластер. «Монғол шапқыншылығының  қазақ жеріне тигізетін зардаптары» туралы шағын жобаға түсіріп, қорғайды.

V. Отырардың күйреуі атты бейне фильмінен оқушыларға үзінді тыңдатып, М. Шахановтың «Отырар туралы баллада» шығармасын өз  ойларыңызбен  түйіндеп, сахналандырып,  беріңіздер» деп жасауды ұсыну.

ХI-XII ғасырда Отырар қаласы мәдениеті дамыған әсем қала болады. 1218 жылы Отырар қаласының билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғысханның керуендегі көпестері өлтіріледі. Бұл оқиға Шыңғысханның Орта Азияға шабуыл жасауына себеп болды. Тарихта бұл қырғын «Отырар апаты» деген атпен белгілі. 1219 жылы моңғолдар қаланы қиратып, тірі қалғандарын Моңғолияға айдап әкетті.
Әуен тоқтап, сахнада Шыңғысхан қаһарланып отыр. Қасында нөкерлері және басын төмен салып Баласы Шағатай тұр.

Шыңғысхан:
-Даңқың қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай
Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау,
Ойы – дауыл,
Сезімі – аспан,
Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба,
Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда.
(Шағатайға оқты көзін қадайды).

Шағатай:
— Осы өкініш мені де өртеп барады.
Отырардың бақытына орнаған
Болар бәлкім,
Алдырмай тұр сол қамал.
Бірақ, әке, жүргенім жоқ аянып,
Қанша үмітім желге ұшты,
Қанша әскерім жер құшты,
Дала жатыр қызыл қанға боялып.
Егер бүкпей баяндасам шындықты,
Рухы — ер, Тәні – бекем,
Бұл бір қайсар халық екен,
Тірліктен де артық қойған бірлікті.

Шыңғысхан:
— Шалалаусың (жымияды)
…Қай кезде де айла кескен нарықты,
Жақын барып, үңілместен жауыңа,
Шығам деме, ұлым жеңіс тауына.
Адам аз ба күшке сеніп адасқан?
Жауың мықты,
Бұған сірә, таласпан,
Әр мықтының осал жері болмай ма?
Болса — қайсы?
Оған бастар жол қайда?
Ал бұл сұрақ әр кез сенің жүру керек басыңда,
Менің күллі жеңісімнің құпиясы осында!

Шағатай: — Ұқтым әке! (басын иеді)
Автор:
Сахна шетінде — Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген Отырар,
Алты ай бойы алапатта жеңілмеген Отырар,
Алты — ақ күнде жермен жексен қирады.
Ақыл – ойын жалындатқан,
Өнер, ғылым шамын жаққан
Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.
Сабақты тапсырмалар арқылы бекіту.

VI Эссе  «Есте қалсын Отырардың     жанқиярлық ерлігі»

VIII.Үйге тапсырма. Жошы және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастыру

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *