Басы » Тарих » 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№ 8 мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар
жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Муханова Өтебике Есенқызы

Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
Сабақтың мақсаты Көтерілістің болу себебі, барысы, жеңілу себебі, тарихи маңызы, зерттелуі  туралы мағлұмат бере отырып ,еліміздің азаттық жолындағы Кенесарының ерен еңбегі мен қажымас ерлігі, хандық билігі мен саясаткерлігін ашып көрсету.
Дамытушылық:  Өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау дағдыларымен дамыту.Өз ойын саралай, тұжырымдай білуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: XVIII — XIX ғғ. ұлт — азаттық қозғалыстарды оқытуда, қосымша әдебиеттерді тарихи шығармаларды пайдалана отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, сызбалар, слаид ,бейне ролик,дидактикалық материалдар.
Сабақтың түрі: Ізденіс-жарыс сабақ.
Сабақтың типі: Білімді жинақтау, қорыту. СТО технологиясы бойынша.
Сабақтың әдісі: :Венн диаграммасы, Мағынаны тану, Ой-толғаныс,Топтаастыру, ізденіс, зерттеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысында оқушылар дидактикалық материалдар арқылы  топқа бөлінеді .
І топ «Тарихшылар»; ІІ топ «Зерттеушілер», ІІІ топ «Әдебиетшілер»
Сабақты жүргізу жоспары

Қызығушылықты ояту сатысы

Мақсаты:                                             Балалар, сендер өз беттеріңмен
Негізгі түйінді мәселе                           алдын – ала даярланып келдіңдер, біз
қою арқылы оқушылардың                  бұл тақырыптың 1 – ші  бөлімін
ойын қозғау.                                           өткен сабақта өткен болатынбыз,
Абылай ханның тұқымынан Ресейдің
отарлық саясатына қарсы ашық
күрескендер кімдер?
1 тапсырма Венн диаграммасы бойынша әр топ жұмыс жасайды
Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс           Сырым Датұлы бастаған көтеріліс

2 тапсырма «Ұлт санасын оятқан ұлы тұлға» деп Кенесары Қасымұлы жайлы сіздер қандай мағлұматтар бере аласыздар?
К. Қасымұлы 1802 жылы қазіргі Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақ халқының ең көрнекті ханы. Абылайдың немересі болған, ол атасына еліктеген және соның жолын қуушымын деп есептеген. «Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күресемін»- деп ашық айтқан еді.
Кенесары жаужүрек батыр, көрнекті қолбасшы, адамшылығы мол адам, халықты ұйымдастырушы, қайраткер, халық бостандығы үшін күрескер деген атаққа ие болған. Сондықтан К. Қасымұлын «Хан Кене» деп атаған. Ол бала күнінде — ақ қорқуды білмейтін батыл болған. Атпен жүріп, аң аулағанды ұнататын.
Бұл өлке ол кезде Қоқан хандығының билігінде еді. Кенесары мұнда да тұрақтап қала алмады.
Кенесары – азаттық қозғалысының қолбасшысы, оның ішінде қазақтың Ұлы жүзінің де әйгілі батырлары болды. Мысалы: Ағынай, Иман Дулатов, Жолман Тіленшиев және Бұғыбай. Бұған оның Ақмола бекінісін қалай алғаны дәлел.
Кенесары өзінің дұшпандарына өте қатал болатын, ол өзіне зияны тимеген қарапайым адамдарға қолдан келгенше мейірімділік жасағанды жақсы көретін еді.
Бұл өлке ол кезде Қоқан хандығының билігінде еді, Кенесары мұнда да тұрақтап қала алмады.
К. Қасымұлының патша үкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, ол қару алып, күресуге бел байлады. Ол өзінің соңғы хатында 1825 жылдан 1840 жылға дейін патша үкіметінің әскерлері біздің ауылды 15 рет шауып кетті. Сондықтан біздер мұндай қысымға, талан — таражға шыдай алмай басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сөйтсе де тыныштық бермеді. Сол себепті мен К. Қасымұлы қаруланып алып, күресті бастауға аттандым депті.
Негізгі бөлім: Жаңа сабақ Интерактивті тақтадан слаид арқылы тақырыпқа шолу жасау.
Термин сөздермен жұмыс.
Оқушылар  ғаламторды пайдаланып, термин  сөздердің мағынасын табады.
*      Зекет  — мал өсірушілерден алынатын салық.
Ұшыр — диқандардан алынатын салық.
Баж салығы-салығы-көпестердің сауда кереуендерінен алынатын салық
Манап — қырғыздардың ақсүйек рубасылары

  • Жасауылдар — сенімді адамдары

Айырым хан әскері..
Ашнас

«Мағынаны тану» Әрбір топқа жаңа сабақты пысықтау мақсатында тапсырмалар беріледі. Постер арқылы қорғау.
1. Тарихшылар тобы: тақырыптың мән — жайын түсіндіреді.
2. Зерттеушілер тобы: көтеріліс болған аумақты көрсетіп, шартты белгімен белгілейді, мәлімет береді.
3. Әдебиетшілер тобы: Кенесары жайлы  мағлұмат береді. «Кенесары — Наурызбай» дастанын орындайды.
Ой-толғаныс кезеңі Кенесары қозғалысының бүгінгі және кеңестік көзқарас тақырыбы бойынша пікір сайыс ұйымдастыру. Сынып оқушылары екі топқа бөлініп өз пікірлерін білдіреді.
1-топ. Кенесарының тәуелсіздігі жолындағы, елі үшін соңғы қасық қаны қалғанша жауымен айқасқан қас батыр, ер жүрек қолбасшы, қоғам қайраткері ретінде баға берсе.
2-топ. Халық қанын судай шашқан, бесіктегі баланы да аямай, жауына қаһарын төккен, ескіні көксеп, феодалдық монархияның үстемдігі үшін күрескен ақсүйек ретінде бағалайды. Екі жақтың сөйлеушілері өздерінше әділ баға береміз деп Кенесары қозғалысындағы деректер мен оқиғаларды мысалға алады
Сабақты қорытындылау.  Топтастыру стратегиясы бойынша постер қорғау.
1 тапсырма Әр топ ойды жинақтау, ми қыртысындағы сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау бойынша қорғайды.
.                            Сұлтан                             1837-1847 жж.
Хан
1802-1847 жж
Батыр

Дипломат

«Кенесары» атты шағын сюжетті бейнефильм  көрсету.

2 тапсырма. Эссе немесе ой толғаныс стратегиясы  «Ер тұлғалы Кенесары ……»
Тақырыпқа сай оқушылар  өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушылар топпен  жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазады.

V. Бағалау. Рефлексия
Оқушыларға түрлі-түсті парақшалар арқылы сабаққа кері байланыс жасату. Оқушылар өз ойларын жазып, көңіл-күй дидарына іледі.
— Оқушылар, бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Олай болса, бүгінгі сабақты қорытындылайық.
Рефлексия:
Бүгінгі күн керемет, өйткені ………………..
…………………………………………………………….
…………………………………………………………….
Сіз үшін сабақта ең негізгі болған сәт?
……………………………………………………………
…………………………………………………………….
Сіз үшін не қиын және түсініксіз болды?
……………………………………………………………..
……………………………………………………………..

VІ. Үйге тапсырма беру.

«Кенесары менің идеалым» деген тақырыптарда тарихи шығарма жазып келу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *