Ы.Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия – итернатының
география пәні мұғалімі Жунусбаева Марал Тұрмысқызы
Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жолдары.
«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ, бар болғаны оған өзіне керекті
жаңалықты ашуға көмек беру қажет»
Галилео Галилей
Лекцияны өткізу жоспары:
- Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үрдісі.
- Дамыта оқыту мен дәстүрлі оқытудың айырмашылықтары.
- Дамыта оқытудың мақсаты, міндеті, алгоритмі.
- Жаңашыл технологиялардың тиімділігі.
- Пікірталас.
— Оқыту үрдісі деген не?
Оқыту – таным үрдісі, өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай ұмтылады, яғни белгіленген мақсат бойынша нәтижеге жетудегі іс-әрекет.
Оқыту үрдісінің құрылымы:
Тақырыбы, мақсаты, сабақтың түрі, сабақтың формасы, әдіс-әсілі, сабақтың барысы.
Іс-әрекет —- Мақсат—— мазмұн —— әдіс / форма —— Нәтиже —— Рефлексия
мазмұн – теория , яғни жалпыны анықтайды /түсіндірмелер, заңдылықтар, құбылыстар /
форма – кез-келген нәтиженің сыртқы сұлбасы, ұйымдастыру түрі, мазмұнның анықтамасы, яғни мазмұн мен форма біріккен.
Әдіс— теорияны зерттеп, заңдылықтарды түсіндіру жолы, мақсатқа жету тәсілі,яғни білім жүйесін анықтау мен құрастыру .
Р—артқа қайырылу, есеп беру, нені түсіндің?,қандай мақсат қойып едің,өзіңді қалай бағалайсың, қарым-қатынас арқылы қандай білім алдың.
сабақтың |
||
түрі | формасы | әдіс-тәсілдері |
Араласжаңақайталау
жүйелеу бақылау кіріктірілген сабақ-саяхат шығармашылық рөлдік ойын пәнаралық-аралас |
Жаппай-фронтальдіжекелей-дербестұрақты жұппен
ауыспалы жұппен топпен
|
Түрлі технологиялар және әдіс — тәсілдер |
ҰОӘ қолданудағы сабақтың құрылымы
- Сабақтың тақырыбы
- Мақсаты: 1.білімділік2.дамытушылық3. тәрбиелік
- міндеті: / әр мақсаттың өзіне сәйкес міндеті болу керек /
- қолданылатын әдіс-тәсілдер, құрал-жабдықтар:
- Сабақтың барысы:
1. табысқа жетуге жағдай жасау/өткен мен жаңаның арасындағы байланыс
2.Проблема туғызу. 3. мақсат қою 4. тақырыпқа шығу 5. ізденушілік
6. қорытынды 7.үйге тапсырма
СТО қолданудағы сабақтың құрылымы.
СТО- өз білімдері мен тәжірбиесі негізінде оқушылардың өздігінен іс-әрекетін ұйымдастыру.
1 кезең — Мотивациялық кезең. Проблеманы , тақырыпты талқылауға, әрекет етуге, үй тапсырмасын тексеруге, жаңа тақырыпты оқуға оқушыларды кірістіру, ояту.
Мұғалім | Оқушы |
Оқушыларда бар білімдері бойынша сатылай ұйымдастыру;Орындалған жұмыстарын қорытындылау; | Оқығандарын еске түсіріп, қорытынды жасайды; |
2 кезең — Операциялық кезең. Оқушыларға жаңа ақпаратты қабылдауға көмектесу;жаңашылдығын айқындау;берілген кілтті сөздермен жұмыс жасау;
Мұғалім | Оқушы |
Іздену тәсілін, жауап формасын бекітеді | Кілтті сөздерді тауып, тапсырманы орындайды;өз жауаптарын, алған білімдерін басқалардыкімен салыстырады;мұғалімге жауаптарын айтады; |
3 кезең – Рефлексияөз әрекетінің сараптамасы, түсіндіру: не шықты, қалай, егер ештеңе шықпаса, туындаған жағдайды шешу үшін не істеу керектігі айтылады.
Мұғалім | Оқушы |
Ұйымдастырады, тақырып бойынша қорытындыны сұрайды | Өз-өзін және бір-бірін бағалайды;үй тапсырмасы беріледі |
Мұғалімдермен практикалық жұмыс.
Топқа бөлініп, технологиялар бойынша мақсат, мазмұндарын жазу және оны қорғау.
1топ | 2топ | 3топ | 4топ | 5 топ |
ҰОТөздігінен жұмыс жасау және белсенділіктерін қалыптастыру,Логикалық жеуке пікір және өзіндік талдау. | СТОТірек білімдер, кілтті сөздер, ұғымдар, идеяны қабылдау, салыстыру, жүйелі пайдалану. | ТИСОөздігінен әрекет ету, өзін-өзі бақылау, өзара бағалау,өзара оқыту. | Модульдік оқытуТүрлі ойындар арқылы өздігінен даму, танымдық және шығармашылық қабілетін арттыру | ЖобалауЗерттеушілік, оқу матьериалын дербес игеру, болжам жасау. |
Кестені толтыру.
мақсат | мазмұн | Нәтиже | Рефлексия |
өздері қояды | Теориямен жұмыс | Ең бастысы не, қайсысын қолданған тиімді, неге тиімді? | өз-өзіне есеп беру. |
Әр топ бойынша мұғалімдердің сөйлеуі және бір- бірімен алмасуы. Пікірталас өткізу.
Қорытынды:
Дамыта оқытуда мұғалім жағдай туғызушы, яғни адам өзі өседі, оған жағдай туғызу керек деген қағиданы ұстанады. Гүл — оқушы
Дамыта оқытудың ең басты ұраны: өз — өзін жетілдіру.
Оның принципі: аздан көпке, төменнен жоғарыға, жалқыдан жалпыға
Дамыта оқытудың жалпы идеясы: өзара қарым – қатынас, тұлғаның өздігінен дамуы, мен өзімді — өзім дамытам, қарым-қатынас арқылы білім алу.
Рефлексия: — Дарынды балалармен жұмыс жасаудың қиыншылықтары неде?
— Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі неде?
Өз жұмысымды мына сөзбен аяқтағым келеді:
Басыңңың бұрылмаған қалпымен алға жылжуға болмайтындығы белгілі, сол үшінде 21 ғасыр аясындағы мектептерде мұғалімді де, оқушыны да мезі еткен, уақыттың көп бөлігін босқа кетіретін және сапалы білімге кепілдік бере алмайтын, тиімді емес, ескірген оқыту технологияларын қолдануға жол жоқ,
М.Поташник.
Жаңашыл технологиялардың басты мақсаты : оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасау.