ШҚО, Риддер қаласы,
«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясының
химия пәнінің мұғалімі
Алханова Забира Ануарбековна
Химиядан сабақ жоспары
-апта |
-күн |
-сабақ |
Сынып |
9 |
|
Сілтеме | Бағдарлама, 9 сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар, 9-сыныптың химия оқулығы, қосымша материалдар. | |
Сабақтың атауы | Сандық есептер шығару:Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер | |
Жалпы мақсаттар |
|
|
Оқыту нәтижелері |
|
|
Түйінді идеялар |
|
|
Дереккөздер | 9-сыныптың химия оқулығы, қосымша материалдар, бейне материал. | |
Ресурстар/құрал-жабдықтар | Интерактивті тақта, қатты қағаз, маркер, бейне материал, химиялық элементтердің периодтық жүйесі. | |
Тапсырмалар | 1-тапсырма16 грамм мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 12 грамм темір үгіндісі қосылды. Осы кезде неше грамм мыс бөлінгенін және қай зат артық қалғанын табыңдар. | 2-тапсырма21,2 грамм натрий карбонатына 4,9 грамм күкірт қышқылы бар ерітіндіні құйғанда түзілген газдың салмағын, көлемін және зат мөлшерін анықтаңыз. Реакцияға толық түспеген заттың артық салмағы қанша?
3-тапсырма. Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер жүргізудің алгоритмін ойлап, ұсыныңыздар.
4-тапсырма 104 гр барий хлоридімен 24,5 грамм күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілген тұнбаның салмағы қанша, қай зат қанша артық қалды?
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбаларыҰйымдастыру сәті.
1-сабақ. (3+4минут) Сыныпты 4 оқушыдан 5 топқа бөлу (Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары бойынша). Топтың ережелерін құрастыруды ұсыну. Әр топтың жауабы тыңдалады, формативті бағаланады.
1-тапсырма ( 12 минут+8) Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығарудағы жиі жіберілетін қателер туралы түсіндіруден бастадым. Бүгінгі тақырыпта берілетін есептердің осыған дейінгі басқа есептерден өзгешелігіне тоқталдым. Осыдан кейін сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе қорытып шығардық. (Интерактивті тақтадағы мұғалім дайындаған слайдтардан сабақтың тақырыбы мен мақсаты шығады. Оқушылар тақырыпты дәптерге жазады. 1-тапсырманы слайдтан көрсету, әр топқа жазбаша түрде тарату) Топтарға 1-тапсырмадағы есепті шығаруды ұсыну. 1-тапсырма 16 грамм мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 12 грамм темір үгіндісі қосылды. Осы кезде неше грамм мыс бөлінгенін және қай зат артық қалғанын табыңдар. Әр топтың жауабы тыңдалады. Жабдықтар: А-2 қағазы, маркер.
Сыныпқа жалпылама сұрақтар (7 минут):
Мұғалім формативті бағалайды. Мұғалім интерактивті тақтада есепті шығарудың 1 жолының үлгісін көрсетеді. Топтарда осы үлгіні талқылайды. Өз топтарыңыздың және басқа топтағылардың жұмысын 5 балдық жүйемен түсіндіре отырып бағалаңыздар.
Мұғалім реагенттердің біреуі артық алынған жағдайға байланысты тәжірибе көрсетеді. Оқушылар бақылағандарын айтады.
2-тапсырма (10 минут+ 8минут) Интерактивті тақтада мұғалім зертханадағы тәжірибені көрсетеді: 21,2 грамм натрий карбонатына 4,9 грамм күкірт қышқылы бар ерітіндіні құйғанда түзілген газдың салмағын, көлемін және зат мөлшерін анықтаңыз. Жабдықтар: А-2 қағазы, маркер.
Әр топ есептің шығарылу жолының өз үлгісін көрсетеді. Мұғалім формативті бағалайды. Мұғалім: Өз топтарыңыздың және басқа топтағылардың жұмысын 5 балдық жүйемен бағалаңыздар.
3-тапсырма (7+4 минут) Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер жүргізудің алгоритмін ойлап, ұсыныңыздар.
Жабдықтар: А-2 қағазы, маркер. Мұғалім оқушылардан осындай типті есептерді шығарудың ортақ алгоритмін шығаруды сұрайды. Сыныптан 1 оқушы шығып тақтада ұсынады. Соңынан мұғалім интерактивті тақтада өз алгоритмін ұсынады, салыстырады (4 минут). Мұғалім формативті бағалайды. Мұғалім: Өз топтарыңыздың және басқа топтағылардың жұмысын 5 балдық жүйемен бағалаңыздар. |
||
Қосымша тапсырмалар | 4-жеке тапсырма (10 минут) .104 гр барий хлоридімен 24,5 грамм күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілген тұнбаның салмағы қанша, қай зат қанша артық қалды?
Мұғалім формативті бағалайды. Сыныпқа жалпылама сұрақтар «Артық-кемнің» есептерін дұрыс шығару үшін бізге осыған дейінгі қандай білімдеріміз қажет болды, нені еске түсіру керек екен, бүгінгі тақырыпты меңгердім деп ойлайсыңдар ма? (7 минут) Мұғалім формативті бағалайды. |
|
Кейінгі тапсырмалар(слайдтан жазып алады)
1минут |
«Артық-кемге» есеп дайындап келу (басқа топтарға, шығарылуы өздерінде болады) | |
Бағалау (2 минут) | Бағалау кестесін толтыру (оқушылар, мұғалім). Мұғалімнің оқушыларды формативті бағалауы, жиынтық бағаны шығаруы. | |
Балалардың бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерін анықтау (смайликтер арқылы) | ||
«Нені білдім? Нені білгім келеді?» кестесін толтыру |