Қарағанды қаласы
№ 41 жалпы білім беретін орта мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі
Омарова Динара Куандыковна
Сабақтың тақырыбы : «Әй , жарайсың , әжелер »
( Сыныптан тыс )
Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ісмерлік, т.б. негізінде тәрбиелеу, ана өнегесінен үлгі алу, тәрбиелік мәні бар салт – дәстүрлерді бойына сіңіру.
Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар, оқушылар. «Әй , жарайсың, әжелер» деген тақырыпта өткелі отырған әжелер мен немерелер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы.
Тәрбие көзі қалдырған,
Салт – дәстүрді ардақтайық ағайын.
Қазақ атты үлкен – кіші, балдырған,
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де.
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де,
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге.
( Сайысқа қатысушылар ортаға шақырылады )
Әділ бағасын беретін әділқазылармен таныстырып өтсем.
Жүргізуші:
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік әже мен немерені жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір жұп көрсін өзін таныстырып.
1 – бөлім: «Ана көркем көрінер қызыменен » бойынша қатысушылар өздерін таныстырады.
Жүргізуші:
«Білімдіден шыққан,
Талаптыға болсын кез » деп «Зерделінің ойы озық » 2 – бөлімі бойынша қатысушылар сұрақтарға жауап береді.
( Әр сұрақтың дұрыс жауабы бір ұпай) .
№ 1. Қатысушыларға:
1.Жегеннің тісіне, жемегеннің түсіне кіретін ас. ( Ет)
2.Түйені жел шайқағанда, көкте ұшып жүретін жануар. ( Ешкі)
3.Тоңбайтын, бірақ қалтырайтын кім? ( Сыпайы)
4. Қырсыққанда іритін сусын. ( Қымыран )
5. Ысқырығы жер жарып жүрген адамның айдаған малы. ( Бес ешкі )
№ 2. Қатысушыларға:
1.Үш кескенде де кесірткелік әлі қалатын жыртқыш. ( Жылан )
2. Жүндеуге жақсы жануар. ( Жуас түйе )
3. Қандай жағдайда айнаға өкпелемеу керек ? ( Бетің қисық болса )
4. Құдыққа құлаған құланның құлағында ойнайтын не ? ( Құрбақа )
5. Жолы болатын жігіттің алдынан шығатын кім ? ( Жеңге )
№ 3. Қатысушыларға :
1.Мүйіз сұраймын деп жүріп құлағынан айырылған жануар. ( Тоқал ешкі)
2. Айран сұраушының жасырмайтын ыдысы. ( Шелек )
3. Бір қарын майды шірітетін не ? ( Бір құмалақ )
4. Тауықтың түсіне кіретін дән. ( Тары )
5. Жел біткенде жанына торсық байлатпайтын жануар. ( Жаман ат )
№ 4. Қатысушыларға:
1.Өз атын өзі шақыратын құс. ( Көкек )
2. Семіздікті көтеретін жануар. ( Қой )
3. Айран ішкенде құтылып кеткенде тұтылатын кім?
4. Қуаныштың белгісін білдіретін қандай сөз? ( Сүйінші )
5. Саусақта самсап тұрмаса, басқа шабатын созылмалы ауру. ( Сақина )
Жүргізуші:
Ата салтым, асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,
Өткенімді бүгінгімен жалғадым.
«Ата мұрасы – асыл қазына » 3 — бөлімі бойынша әжелер салт – дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береді.
Немерелері өнерлерін көрсетеді.
1.Қымызмұрындық деген не ? ( Бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Бұл той көпке бұйырсын деген тілекпен жасалады ).
2. Саумалық деген не? ( Наурыз туып, жер көктеп, күн жылынғанда өлеңмен айтылатын дәстүрлі тілек ).
3. Сыралғы деген не ? ( Олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан немесе саятшыдан кездескенде өлеңмен сұралатын жол ).
4. Шарғы деген не ? ( Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңілісіне басына тартқан орамалын береді. Бұл ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап деген сөз. Осыны шарғы дейді ).
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
«Құлақтан кіріп бойды алар » 4 — бөлімі бойынша әжелер халық әнін орындайды. Немерелер мақалдың жалғасын табады.
1.Адам аласы ішінде. . . ( Мал аласы сыртында )
2. Көп қорқытады. . . ( Терең батырады )
3. Таныған жерде бой сыйлы. . . ( Танымаған жерде тон сыйлы )
4. Жұртқа күле қарасаң. . . ( Көйлегіне жамау сұрайды )
5. Ат бар жерде есекке жол болсын. . . ( Дос бар жерде есепке жол болсын )
6. Ағайынның алтын сарайынан. . . ( Адамның жыртық лашығы артық )
7. Ана сүтін ақтамағанды, . . . ( Ешкім мақтамайды )
8. Балам балым, . . . ( Баламның баласы – жаным )
9. Ісі кері кеткеннің, . . . ( Сақалы кеңірдегіне бітеді )
10. Балаң жаман болса, . . . ( Көрінгеннің мазағы )
11. Туған балаң жақсы болса, . . . ( Екі көзің шырағы )
Жүргізуші:
«Таза мінсіз асыл зат,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады. » — деп келесі 5- бөлім бойнша әжелер бата – тілектің мәнін ашады. Немерелер тыйым сөздерден жарысады.
№ 1. «Бөршіл, бөршіл, бөршіл бол,
Бозторғайдай төлшіл бол » деген бата — тілектің мағынасы не ? ( Балаң көп болсын, уайым — қайғың жоқ болсын ).
№ 2. «Алтын ерлі ақбоз ат,
Астыңда жүріп арысын
Таңдап алған бұраң бел,
Қасыңда жатып қартайсын » деген бата – тілектің мағынасы қандай ? ( Ердің өмір – жасы ұзақ болуын және қосағыңмен бірге қартай дегенді білдіреді ).
№ 3. «Желінің о шеті мен бұ шетіне,
Оқ шаптырса жетпесін.
Тәңірі берген несібең,
Тепкілесе кетпесін » деген бата – тілектің мағынасы қандай ? ( Бақытың мен байлығың ортаймасын, дәулетің арта берсін деген сөз ).
№ 4. «Келінің баянды болсын,
Үлкен — кішіні сыйлайтын,
Аяулы болсын,
Жылы жүзді болсын,
Жұмсақ сөзді болсын». ( Келінің өнегелі, көргенді, үлкенді сыйлайтын биязы болсын ).
«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған » 6 — бөлімі бойынша немерелері әжелеріне арнаған сыйлықтарын тапсырады, әжелері өздері дайындаған ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстырады.
Музыкалық сәлем. Ән: «Ана туралы» .
Қорытынды: Сайыстың қорытындысы бойынша қорытынды сөзді әділ қазылар алқасына береміз. Келіп тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет.