Басы » Баяндамалар » БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТАПСЫРМАЛАР ҮЛГІЛЕРІ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТАПСЫРМАЛАР ҮЛГІЛЕРІ

Избастина Саламат Даутқызы – биология, химия пәнінің мұғалімі

                                   №25 қазақ қыздар гимназиясы

Екібастұз қаласы

Павлодар облысы

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТАПСЫРМАЛАР ҮЛГІЛЕРІ 

ХХI ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесін дамуда оқыту үрдісіне  қойылатын талаптардың  өзгеруіне байланысты оқытудың жаңа технологиялары  қолданылуда.

Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған  мақсаттарға  және күтілетін нәтижеге  жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында  қамтылған  білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс-тәсілдері.Олай болса, білім беруде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға  сәйкес болуы керек.

—       оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу;

—       оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге  талаптандыру;

—       жеке дамуға  бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану;

—       өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзырлылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын қамтамасыз ету;

—       білім мазмұнын оқушыларды өз бетінше зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау.

Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандартындаанықталатын түйінді құзыреттіліктер  ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған проблемалардың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер басты талаптары болып табылады. Құзыреттілік – оқушылардың іс -әрекеттің  әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Олай болса, оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр.

Оқушы құзыреттіліктерін қалыптастыру саласы:

Проблеманы шешу

Ақпараттық

Коммуникативтік

  • Ø Түрлі жағдайларда проблеманы анықтауға, шешім қабылдауға
  • Ø Өз әрекетіне мақсат қоюға
  • Ø өзін — өзі бағалауға  өз әрекетін басқамен салыстыруға
  • Ø қойылған міндетке сәйкес әдістерін таңдауға
  • Ø сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде шешім қабылдауға
  • Ø ақпараттардаы өзбетімен табуға, талдауға, іріктеуге, түрлендіруге, тасымалдауға
  • Ø коммуникациялық технологияларды қолдануға
  • Ø ақпаратты өңдеп, қолдануға
  • Ø қазақ және басқа тілдердегі жазбаша коммуникация  түрлерін қолдануға
  • Ø тілдік қатынастық стилдерімен жанрларын қолдануға
  • Ø әдептілік нормаларына сәйкес пікір білдіруге
  • Ø басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарастағы адамдармен сұхбат жүргізіп, шиеленіскен ахуалды шешуге

мүмкіндік береді

 

Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технологиялардың бірі ретінде  дамыта оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, модульдік оқыту технологияларын  атауға болады.

Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С. Выготский, М.Я. Лернер, Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз — ақыл — ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» — дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік  —  зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.  Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің  негізгі компоненттері:

  1. Оқу мақсаттарының  нақты қойылуы.
  2. Оны шешудің  жолын бірге қарастыру.
  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Осы компоненттерді шешуде оқушы алдына  оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін  ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде  әркім оның дұрыстығын  дәлелдей  білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.

І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады.  Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.

ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.

ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.

ІҮ. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.

Ү. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.

Сол сияқты, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қазігі таңдағы талаптарға сай алатын орны ерекше. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясына бағытталған әдістер: өзбетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту, пікірталас, білім, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.Мысалы: 6 сыныптағы биология пәнінен «Бір жасушалы жәндіктер немесе қарапайымдылар» тақырыбын өткенде қортындылауға  «Семантикалық салыстырмалы карта» кестесі  мысал бола алады.

 

Тип

классЖәндіктерТіршілік ортасыҚозғалыс мүшелеріКоректенуіКөбеюі

 

Мысалы: «Қарапайым  жәндіктердің құрылысындағы айырмашылық белгілерін анықтау» мақсатында Вен диаграммасын қолдануға болады. Жұмысты орындау барысында оқушылар мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін жол таңдап, ақпаратты табуға ізденіс жасайды. Сонымен қатар программалық материалды қалай ұғынғанын білді. Туындаған проблеманы шешуге және оны түзетуге мүмкіндік алады.

 

Жасыл эвглена

 

Амеба

М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы бойынша «Қарлы кесек», «Брейн-ринг», «Саяхат» оқыта үйрету ойындарын оқу модулінің сөйлесу бөлімінде пайдаланамын. Оқыта үйрету ойындары оқушыларға білімдерін тереңдетуге, толықтыруға, бекітуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ақпарат көздерімен өздіктерінен жұмыс істеуге, ізденуге, әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, қиындықтан алып шығатын жол таңдауға, өмірде өзін бағалай білуге   үйретеді.

Мысалы:  7 сынып «Мәдени өсімдіктер әлеміне саяхат» оқушыларды бірнеше топқа бөліп, топтарға әр түрлі өсімдіктер топтарын бөліп беру «Көкөніс дақылдар», «Астық тұқымдастар », «Жеміс- жидектер», «Бөлме өсімдіктері». Әр топ әр түрлі суреттер, кестелер, ақпараттар жинап, плакат түрінде безендіріп  класс бөлмесінің кез келген жеріне ыңғайлы етіп орналастырып, әр топ өз жинақтаған мәліметтерін қорғайды, басқа топтар тыңдайды. Өмірде қажет қолдануға болатын өсімдіктер туралы қосымша мәліметтер алады.

Стандартты, типті міндеттерді шешуге алғаш оқыту үшін тапсырмалармен өзара алмасу әдіснамасына арналған тапсырмалар, оқу материалдарын қайталау үшін, бекіту және оқушыларды жаттықтыру үшін жеке тапсырмаларды өзара жаттықтыру мен өзара тексеру үшін пайдаланады. Бұл әдіснаманы пайдалану үшін арнайы тапсырмалар дайындалады, құрастырған материал нақты болуы қажет.

Коммуникативтік құзыреттілігі анықтау мақсатында 6 сыныптағы биология пәнінен «Тамыр-өсімдіктің топырақтан коректену мүшесі. Тыңайтқыштар» тақырыбын қортындылап, бағалау үшін мына әдістерді пайдалануға болады.Алдын ала оқуға берілген мәтіннен үзінді және сұрақтармен тапсырмалар беріледі, сонымен қатар бағалау жеке парағы беріледі, керек болған жағдайда дұрыс жауаптары көрсетіледі.Сұрақтар мен тапсырмаларды жұппен орындайды. Мысалы,  берілген сөйлемдерден дұрыс анықтамаларды тауып, теориялық білімді қолдана білу біліктілігін дамыту үшін мынадай тапсырмалар қолдануға болады.

 

Тапсырмалар жауаптар
1 дұрыс жауап тұсына «+» қате жауап тұсына «-» қойып көрсет
А.Өсімдік өсуі үшін коректік заттар қажет.

Ә.Картоп гүлдеп болған соң азотты қажает етеді.

Б.Бактериалық тыңайтқыштарды арнайы препараттардан әзірлейді

В.Ауыл шаруашылығында  органикалық және минералды тыңайтқыштарды пайдаланады.

Г. Гүлдегенге дейін картопқа фосфор қажет.

 

Ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктілігіне арналған тапсырма құрылымы мынгадай талаптарға сай болуы керек.

Стимул: Егер сен осы берілген тапсырмаларды табысты орындасаң онда  бүршік түрлерімен танысасың. Бүршік түрлеріне байланысты ақпаратты жүйелеуді үйренесіңдер.

Бүршік атаулары

Төбе Қолтық Қосалқы Бұйыққан

Қажетті түсініктемелер:

Тыныштық күйге ауысқан, өркеннің ұшына орналасқан, кез келген мүшенің әр жерінен дамыған, жапырақ қолтығына орналасқан.

Жауабы:

Төбе Қолтық Қосалқы Бұйыққан
өркеннің ұшына орналасқан жапырақ қолтығына орналасқан. кез келген мүшенің әр жерінен дамыған Тыныштық күйге ауысқан

Проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент құзыреттілігіне мәтінді оқып сұрақтарға жауап бер және оны мына кестеге толтыр.

Сұрақтар Жауаптар
1 Топырақтағы негізгі қажетті бөліміне не жатады?
2 Өсімдіктің тіршілігі үшін коректік заттармен суды сіңіру үрдісі қалай аталады?
3 Неліктен кейбір жерге егілген жемітердің өнімі мол, ал кейбір жерде   аз болады?
4 Неліктен топырақта коректік заттар мөлшері бірқалыпты мөлшерде сақталмайды?
5 Топырақты құнарландыру үшін не қажет?

Жауаптары:

Сұрақтар Жауаптар
1 Топырақтағы негізгі қажетті бөліміне не жатады? қарашірік
2 Өсімдіктің тіршілігі үшін маңызды коректік заттармен суды сіңіру үрдісі қалай аталады? құнарландыру
3 Неліктен кейбір жерге егілген жемістердің өнімі мол, ал кейбір жерде   аз болады? құнарлы, құнарсыз болуына байланысты
4 Неліктен топырақта коректік заттар мөлшері бірқалыпты мөлшерде сақталмайды? ағаштарды кесуге, өсімдіктің коректік заттары бар бөлімінің жинап алынуына байланысты
5 Топырақты құнарландыру үшін не қажет?  өсімдіктер жақсы өсу үшін

 

Осылайша, әр түрлі педагогикалық технологияларды қолдана отырып құзіреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмаларды орындау арқылы сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолын іздестіреді, жаңаны өздері табады, ақылдасады, кеңеседі. Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалардың маңызы зор.Оқушылардың үлгерімі мен білім сапсының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушының оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан аталған педагогикалық технологиялар ойлау мен ұштастыра білім алуға бағытттайтын оқыту жолы.

 

 

 

Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р:

  1. Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру. // Сыныптағы тәрбие. №1,2007
  2. Жүсіпова М. Ұжымдық оқыту технология әдістемелері. Павлодар, 2005
  3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002
  4. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту. // Білім- Образование. №2,2006
  5. Эльконин-Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы»

// Педагогикалық шығармалар, 1998

  1. Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері
    // Психологиялық ғылым және білім беру №1, 2003
  2. ҚР Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарттары, жоба, /12 жылдық білім беру, 2006/

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *