Басы » Биология » Биосфера және ғылыми техникалық прогресс. Ноосфераның пайда болуы мен дамуы

Биосфера және ғылыми техникалық прогресс. Ноосфераның пайда болуы мен дамуы

Атырау облысы.
Құрманғазы ауданы.
Д.Нұрпейісова орта мектебі
 Наурзбаева Мейрамгуль Болатқызы.
Биология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Биосфера және ғылыми техникалық прогресс.Ноосфераның пайда болуы мен дамуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Биосфера және ғылыми техникалық прогресс.  Ноосфераның пайда болуы мен дамуы туралы білім беру.
Дамытушылық: Экологиялық сананы қалыптастыру арқылы, табиғатпен қарым-қатынаста қалыптар мен ережелерді бұзбауға үйрету.
Тәрбиелік: жас ұрпақтарды туған жер табиғаттын сүюге және қорғауға, табиғат байлықтарын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Тірек сызба арқылы оқыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап, тест, зерттеу, дәлелдеу. т.б.
  Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, тест, электрондық оқулық
Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасы: § 62 Биосфера құрамы. Биосферадағы тірі  организмдердің  қызметі. Биосфераның пайда болуы және дамуы.
А) «Білім » кезеңі.

 

В.И.Вернадский  тіршіліктің  негізіне қандай  «заттарды» жатқызды?.
Атомдардың биогендік миграциясы дегеніміз не?
«Биожанама заттар» дегеніміз не?
Биосфера эволюциясының  негізгі  бес тарихи кезеңдерін жаз.

«Түсінік» кезеңі. § 63 Биосфера және ғылыми техникалық прогресс.
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы.
Жер ғаламшарындағы органикалық  дүние эволюциясының бірнеше кезеңдері бар.
І. Заттардың  биологиялық айналымы пайда болып,  биосфераның қалыптаса бастауы.
ІІ. Тіршілік кұрделене түсіп,  көп жасушалы  организмдердің  пайда болуымен  ерекшеленеді.
ІІІ. Адам қоғамының пайда болуы.
Биосфера  эволюциясының  келесі  жаңа кезеңі  ноосфера  кезеңі деп аталады.  Грекше  «noos» ақыл ой, «sphaira» шар деген  ұғымды білдіреді.  Ол «саналы қабық»  деп аталады.  Ноосфера  адамның  санасы,  ақыл ойы шешуші рөл  атқаратын  биосфераның  жаңа эволюциялық  деңгейі. «Ноосфера»  ұғымын  ғылымға 1927ж  француз ғалымдары  Э. Леруа, П.Тейяр де Шарден  енгізген.  1930-1940ж В.И.вернадский  ноосфера   туралы ілімді  дамытып,  тереңдете түсіндірді.  В.И.вернадский ілімі бойынша «Ноосфера  табиғат пен  қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе».
«Қолдану» кезеңі. А) Деңгейлік  тапсырмаларды орындау. № 253
В) Биологиялық диктант.
Биосфера  эволюциясының  келесі  жаңа кезеңі ……………….. деп аталады.  Грекше  «noos»  …………., «sphaira» ………..деген  ұғымды білдіреді.  Ол «……………………………..»  деп аталады.  Ноосфера  ………………………………………… эволюциялық  деңгейі. «Ноосфера»  ұғымын  ғылымға …………………. француз ғалымдары  ……………………………….  енгізген.  1930-1940ж ……………………. ноосфера   туралы ілімді  дамытып,  тереңдете түсіндірді.  В.И.вернадский ілімі бойынша «……………………………………..».
С)  Сәйкестендіру тесті.
Бірінші кезең                      Тіршілік кұрделене түсіп,  көп жасушалы
организмдердің  пайда болуымен  ерекшеленеді.
Екінші кезең                       Адам қоғамының пайда болуы.
Үшінші кезең                      Заттардың  биологиялық айналымы пайда болып,
биосфераның қалыптаса бастауы.
Д) Біліміңді сына тапсырмаларын орында. №253 бет.
VI Бағалау.
VII Үйге тапсырма. § 63 Биосфера және ғылыми техникалық прогресс.  Ноосфераның пайда болуы мен дамуы.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *