Жамбыл облысы,
Сарысу ауданы
Үшбас ауылы
Үшбас орталау мектебі
бастауыш сынып мұғалімі: Усаева Г.Б
Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі және құрамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға топырақтың ерекшелігі және оның құрамымен таныстыру.Топырақтың түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Тәжірибе жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамыта отырып біліктілігін, дағдыларын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, тәжірбие жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Топырақтың түрлері, Қазақстанның топырақ картасы.
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын түгендеп, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап – таза
Бор да дайын тақтада
Ойымызды жинақтап
Отырайық партаға
Үй тапсырмасын сұрау
1 Пайдалы қазбалар
Жанғыш пайдалы қазбалар
Кенді пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
2 Суретпен жұмыс
Жаңа сабақ
а) Ребус арқылы тақырыпты табу
Топырақ жайында әңгімелеу.
ә) Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабатын топырақ деп атаймыз. Жер бедері бірнеше қабаттан тұрады.
Суреттегі топырақтың қиындысынан біз оның әр қабатындағы өзгерістерді байқауымызға болады.
1) Беткі қабатының түсі қоңыр, оған қураған жапырақ, ағаштың ұсақ қалдықтары араласқан.
2) Беткі шымды қабатын мұқият қара. Оны өсімдік тамырлары айқыш – ұйқыш шырмап жатқанын көресің
3) Шұбалшаң мен әр түрлі бунақденелілер мен дернәсілдері түседі
4) Тереңдеген сайын өсімдіктер тамырлары азая бараді. Одан төменде тау жыныстары кездеседі.
— Құнарлы топырақта қарашірік қалай пайда болады?
— Қарашірік қалай пайда болатынын мына сурет арқылы көз жеткізейік
-Өсімдік тамыры арқылы қоректік заттарды бойына сіңіреді. Күн көзінің жылуы мен ауадағы көмірқышқылы газын сіңіріп өсіп жетіледі.Өсімдіктер мен жануарлар қоректенеді. Жануарлардың денесінде қорытылып шыққан заттармен құстар, түрлі жәндіктер қоректенеді және олар шіріндіге айналады. Топырақтағы көзге көрінбейтін майда жәндіктер, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын күрделі өзгеріске түсіреді. Көртышқан және оның әрекеті жайында әңгімелеу
Сонымен топырақтың беткі қабаты өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығынан
құнарлы қарашірік топыраққа айналады.
— Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы – құнарлылығы. Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты топырақ деп аталады.
Жаңа сөзбен жұмыс:
«Қарашірік» — топыраққа қоңыр түс беретін өсімдіктер мен
жәндіктердің қалдығын айтамыз.
Қарашірік – тыңайтқыш
Ой қозғау
— Топырақтың қандай пайдасы бар?
Сергіту сәті:
Шөліркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын .
Нұрын сыйлап біздерге
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық
Нұр сыйлаған күн ыстық
Ыстық бізге кең өлке
Ыстық бізге тыныштық
Қазақстанның топырақ картасымен жұмыс жүргізу.
Практикалық жұмыс: Үш топ «Топырақтың құрамында не болады?» сұрағына
Тәжірибе жасау арқылы жауап береді.
1- топ тәжірибесі – құрғақ топырақты алып қарайық.. Не байқадық?
2- топ тәжірибесі — бір кесе кебу топырақты стакандағы суға салайық.. Не байқадың? Көпіршік нені білдіреді?
3- топ тәжірибесі – бір уыс топырақты темір қалбырға салайық. Отқа қойып қыздырып, оның үстіне шыны ұстайық. Не байқадың?
— Топырақтың құрамында — ауа, су, саз, құм, шірінді бар
Шығармашылық тапсырма: Топырақ сөзінен сөздер құрастыру. Сол дыбыстарды пайдалана отырып бірнеше сөз құрау.
«Миға шабуыл»
1.Топырақ дегеніміз не?
2. Топырақтың бойында қарашірік қалай пайда болады?
3. Топырақтың беткі қабатының түсі неге қоңыр болады?
4. Топырақ қандай құрамдас бөліктерден тұрады?
5. Топырақтың қандай түрлері бар?
6. Топырақтың тау жыныстарынан тау жыныстарынан басты айырмашылығы неде?
Сабақты қорытындылау: Берілген сөз тіркесін таңдап, пікірмен аяқта.
Ең қызықты болғаны ………
Маған ой салғаны……..
Мен мынадай сезімде болдым……..
Маған ұнағаны…..
Мені мазалағаны…..
Бәрінен кереметі…..
Үйге тапсырма беру: «Топырақ »
Бағалау