Мухангалиев Нурлыбек Гайноллаевич
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы
М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
7 — сынып | |||||
Сабатың тақырыбы | Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді» 2 сағаты | ||||
Мақсаты | Қ.Ысқақтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту; | ||||
Күтілетін нәтиже | А) Қалихан Ысқақтың өмір жолын және шығармаларын біледі.
Б) «Қоңыр күз еді» шығармасының тақырыбын анықтайды және композициялық құрылысына талдай алады. С) Повесть ішінде берілген жұмбақ есімді нақтылап, ол туралы толық мәлімет алады.
|
||||
Керекті жабдықтар | Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, ақынның портреті, кесте сызбалар, бағалау парақтары | ||||
Пайдаланылған әдіс–тәсілдер.
|
СТО: жоғары, төменгі дәрежелі сұрақтар,қызығушылықты ояту.
ЖАҢА ТӘСІЛДЕР: Зерттеушілік әңгіме, «Шынжыр» әдісімен үй тапсырмасын тексеру, «Детальдарды қосу» әдісі, «Ыстық орындық» және «Серпілген сауал» әдісімен сабақты қорытындылау, Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау, кері байланыс |
||||
Тапсырмалар |
№ 2 Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
№3 оқушылардың сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету. № 7 Бірлескен оқу:талантты және дарынды оқушылар. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақ кезеңдері | Уақыты
минут |
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||
Кіріспе |
2 минут
2 минут
6 минут |
1. Ұйымдастыру
2.Оқушыларды түрлі түстер арқылы арқылы 3 топқа бөлемін.
3. Үй тапсырмасын тексеру: үйге Қ.Ысқақтың өмір жолы мен «Қоңыр күз еді» шығармасы берілді«Шынжыр» әдісімен тексеру. Жақсы дайындалып келген оқуышыны мадақтаймын. |
1. Сабаққа әзірлеу.
2. Топқа бөлініп отырады, топ ережесін еске түсіреді.
3. Үйден оқып келген тапсырманы әр топтан бір оқушы айтады. Бір-біріне сұрақ береді.
|
||
Тұсаукесер |
4 минут
|
Оқушылар жыл мезгілдерін атайық. Әр мезгілдің қандай ерекшелігі бар? | Оқушылар жауар береді, ерекшеліктерін атайды. | ||
Негізгі бөлім |
9 минут
10 минут |
«Детальдарды қосу» әдісімен әрбір топшамада бастапқы сөздер беріледі. Әрі қарай толықтырулар қажет. Әрбір жұптардың жауаптарын қадағалап, тексеру
Шығарманы талдау: 1 топ. Композициялық құрылысына талдау. 2 топ. Суреттеулерді анықтау. 3 топ. Кейіпкерлерге мінездеме жазу.
|
Әр топ бірлесіп жұмыс жасайды. Оқулықтағы тақырып бойынша түсіндіреді.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалалайды.
Әрбір топ өзіне берілген тапсырманы орындайды. Топ басшысы сабақтың әр кезеңі бойынша өз тобындағы оқушыны бағалап отырады.
|
||
Қорытынды |
8 минут
4 минут |
«Серпілген сауал» әдісімен сабақты бекіту. Бір оқушы сабақ барысы туралы ойын айтса,екіншісі толықтырады, үшіншісі барлығын бір жауапқа біріктіреді.
«Ыстық орындық» арқылы қорытындылау Бағалау әдісі бойынша өздерін бағалайды. Ауызша кері байланыс орнатамын, өздерінің бүгінгі сабақ бойынша пікірлерін білу.
Үй тапсырмасын беру: Тақырып бойынша тест құрау 10 сұрақтан. Б.Майлин және «Шұғаның белгісі» туралы қосымша мәлімет жазу |
Оқушылар сабақ бойынша алған білімдерін ортаға салады, бір-бірін толықтырады, жауаптарын бір жерге тоғыстырады.
Бір оқушытақырып бойынша сұрақтар жауап береді
Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін айтады
Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады. |
||
Сабақтың өзіндік талдауы:
|
|||||
Сабақ бойынша өзгертулер | |||||
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қ.Ысқақ «Қоңыр күз еді»
Сабақтың мақсаты:
а) Қ.Ысқақтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;
ә) өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;
б) қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,шығармалары т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
1. Шығармада баяндалатын уақиға қай жылдары,қандай жағдайда байланысты өтеді?
2. Мыңбұлақ аулын жазушы қалай суреттейді?
3. Бахтияр бағы,оның тал-теректері мен шипалы шөптері туралы не айтылады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген әдеби толқынның басында тұрған аса көрнекті жазушылардың бірі –Қалихан Ысқақ. Ол Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданындағы Топқайың ауылында дүниеге келген.
Повестері: «Қоңыр күз еді», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны»
Романы: «Тұйық», « Қараорман», «Ақсу-жер жаннаты»
«Қоңыр күз еді» повесінің қышқаша мазмұнын айтып беремін.
Кітаппен жұмыс: Жазушының күзді,адамдарды суреттеген бейнелі сөздерін тауып оқйды.
Әдебиет теориясынан түсінік беру. Повесть бұл орыс әдебиеті арқылы әдебиеттану ғылымына енген жанр. Оны А.Байтұрсынов «ұзақ әңгіме» деп алса ,қазіргі қазақ әдебиетінде «хикаят», «баян» деп те жүр.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
- Қасым неге күзді еске алып отыр?
- Алтын сыныптағы қандай қыз еді?
- Алтынға деген Қасымның балалық ғашық сезімі қалай көрінеді?
- Топқайың мектебі Қасымды қалай қарсы алды?
- Мұғалімі Алматай Қасымның әдебиетке қабілетті екенін қалай байқады?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қ.Ысқақтың «Қоңыр күз еді» повесін оқып,құрылысына қарай талдап келу.
[bws_related_posts]