АҚТӨБЕ ҚҰРЫЛЫС – МОНТАЖ КОЛЛЕДЖІ
Уксикбаева Жанаргул Алишовна
Сабақ тақырыбы: Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»
Сабақ мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру. Ақынның өзіндік мұратын таныту. «Ақынның өлімі туралы аңыз» поэмасының негізін ашу. Бас кейіпкер туралы толық мағұлмат беру.
Сабақ міндеті:
1.Білімдік: Поэманың сюжеттік мазмұнын ашу, композициясына және көркемдік ерекшелігін талдау.
2.Тәрбиелік: Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қазақ тілін қадірлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрістерін, сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл байлығын жаңа технологиялар арқылы өз бетімен жұмысқа, шығармашылыққа дағдыландыру.
Сабақ түрі: аралас сабақ, ақпараттық – технологиялық сабақ
Сабақ әдісі: Топпен ақылдаса отырып ортақ ойларын біріктіру, өз ойларын айту, ассоциация, әдеби шынжыр шешу, сұрақ – жауап, ұяшықтағы тапсырмаларды орындау т.б.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі,
Құрал-жабдықтар: Қасым Аманжолов туралы слайд, схема, кеспелер, оқулықтар және т.б
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезең
1.Сәлемдесу.
2.Балаларды түгендеу.
3.Балалардың назарын сабаққа аудару
Оқушылар сан таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.
ІІ. Қайталау материалдарын сұрау.
Кім жылдам? 5 мин
1. Ғабит Мүсіреповтың аудармалары?
2. Ғабиттің жазушылық мәнеріназамыттық тұлғасын танытқан батыл шығармасы қандай?
3. Ғабит Мүсіреповтың «Ананың арашасы» атты аудармасы қай жылы жазды?
4. Ғабит Мүсіреповтың өмір сүрген жылдар?
5. Ғабит Мүсіреповтың ұстазы кім?
6. 1926 ж жұмысшы факультетінен кейін Ғабит Мүсірепов қандай академияда оқыды?
7. Ақынның қандай поэмалары бар?
8. Ақынның сезім қылын шертіп, әдемі күлкі мен әсем әзіл беретін шығармасы?
9. Ақынның күрделі әлеуметтік — психологиялық трагедиясы?
10. «Қазақ солдаты» романы қай жылы жазылды?
Жауаптары: 1) «Ананың анасы», «Ашынған ана» «Ананың арашасы», «Адамның анасы» 2) «Шұғыла» 3) 41933ж4) 1902 – 1985ж.ж 5) Қазақтың белгілі ақыны Бекет Өтетілеуов
6) Омбы қаласындағы ауыл шаруашылығы академиясы 7) «Қыз жібек», «Амангелді» «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты» «Қазақ солдаты» «Ұлпан», «Кездеспей кеткен бір бейне» т.б. 8) «Талпақ танау» 1933 9) Қозы Көрпеш — Баян сұлу 10) 1949ж
Екі ақынның өмірі мен шығармашылығының ұқсастығы 5 мин
Сұрақтары Ғабиден Мұстафин Ғабит Мүсірепов
1. Ақындардың өмір сүрген жылдары?
2. Ақындар орыс мектебінде қай жылдары оқыды?
3. Екі ақынның артында қалдырған мұрасы?
4. Ақындар шығармаларын қандай жанрда жазды?
5. Ақындар көтерген мәселесі?
6. Бір жылда шыққан шығармасы?
7. Баспа сөз қызыметінде жұмыс жасаған уақыттары?
Жауаптары:
Сұрақтары Ғабиден Мұстафин Ғабит Мүсірепов
1. Ақындардың өмір сүрген жылдары? 1902 — 1985 1902 — 1985
2. Ақындар орыс мектебінде қай жылдары оқыды? 1916 – 1918 1916 – 1918
3. Екі ақынның артында қалдырған мұрасы?
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ШЫҒАРМАЛАРЫ
4. Ақындар шығармаларын қандай жанрда жазды? Роман, поэма,
әзіл — әңгімелер Роман, поэма,
әзіл — әңгімелер
5. Ақындар көтерген мәселе? Халық мұңы,ел тағдыры Халық мұңы, ел тағдыры
6. 1940ж. Жазған шығармалары? «Өмір мен өлім» 1940 «Қозы Көрпеш
– Баян сұлу»1940
7. Баспа сөз қызметінде жұмыс жасаған уақыттары? 1928 — 1938 1928 — 1938
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. 25 мин
Не білеміз?
1. Ақын, жазушы
2. Көптеген шығармалар жазған
3. Ел тағдырын жырлаған
4.
Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсету.
Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі.Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде істейді. 1
931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады.1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.
Алғашқы өлеңдерін Қ. Аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Кейін ол дәптері жоғалып кеткен. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» және «Пионер» газеттерінде жарияланған.Қ. Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады.
Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы ақынның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қ.Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды.1936-1941 жылдары Қ. Аманжолов Алматыға барып, «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады.1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен жарық көреді.1939-1941 жылдар арасында Қ. Аманжоловтың шығармашылық елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы ке�
�дерде жазған «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула Турксиб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада» сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Және де Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. «Д�
�риға», «Туған ел» атты өлеңдері бүгінгі жақсы әндер тізіміне қосылады. Қ.Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы «Өмір сыры» деген атпен шықты. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы «Бар дауыспен» деген атпен жеке жинақ етіп жариялады. Қ. Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. «Дүние қандай жап-жарық», «Сақыпжамал», «Күйім тасып барады, күйім тасып», «Жаным сәулем, еркешім, қызыл гүлім» атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, «Ақын өлімі туралы аңыз», «Боран», «Біздің дастан», «Жамбыл тойында» атты поэма
лары оның эпиктігінің дәлелі.Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда «Мазасыз музыка», «Қоштасу», «Бейсекештің бес ұлы» секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін «қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде» болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсе�
�шіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде «Орал», «Сарыарқа», «Байкал», «Өтіп бара жатырмын» тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясынық жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. «Үстімде сұр шинелім», «Мартбек», «Жеңіс дауысы», «Орал», «Ертіс», «Сибирь», «Сарыарқа» сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал «Елге хат», «Достар қайда жүрсіңдер?», «Ағайға» деген өлеңдері туған елді, дос жор�
�ндарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды.1943 жылғы сұрапыл кезеңде дүниеге келген Қасымның бір ерекше, өлмес туындысы – «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэма. Бұл поэма Қасымның атын аспандатып, ақындық даңқын шырқау шыңға шығарған тұлғалы туынды. Бұл поэма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын А.Жұмағалиев туралы. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кез
дері оның «Біздің дастан» поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы «Дауыл» деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қ. Аманжоловтың «Балбөбек», «Нұрлы дүние» жинақтары «Таңдамалы шығармалар» жинағы басылып шықты.1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның «Өзім туралы» атты өлеңі. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ. Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезіні�
� ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18 қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.
Ақын Жазушы Драматург
Поэзия проза Драматургия
ІV. Сабақты бекіту. 50
Кеспе тарату
Топқа тақырыпты бөліп беру арқылы бірін-бірі оқыту.
І. Қасым Аманжоловтың өмірбаяны
ІІ. Қасым Аманжоловтың шығармаларының негізі
Сұрақтар Жауаптар
1. Қасым Аманжолов қандай жанрда жұмыс жасаған?
2. Өмір сүрген жылдары
3. Отбасылық жағдайы
4. Шығармалары
5. Өлім — жауым, өмір — дос
6. Қазақ поэмасы қалай өрледі? – деген сұрақтарға ешкімде Қасымсыз жауап бере алмай деген қай ақын?
Жауаптары:
Сұрақтар Жауаптар
1. Қасым Аманжолов қандай жанрда жұмыс жасаған Поэзия, проза, драматургия
2. Өмір сүрген жылдары 1911 – 1955 ж.ж
3. Отбасылық жағдайы Жетім қалған. Жас Қасым білімге құштар болған.
4. Шығармалары «Жамбыл тойында» «Құпия қыз» «Өз елім» «Дауыл» «Нар — тәуекел» т.б
5. Өлім — жауым, өмір — дос Неге өлейін бостан — бос
6. Қазақ поэмасы қалай өрледі? – деген сұрақтарға ешкімде Қасымсыз жауап бере алмай деген қай ақын? Әбділда Тәжібаев
Әдеби шынжыр. 2 мин
19111955192730393843
1911 —
1955
1927 – 1930 —
1939 —
1938 —
1943 —
Жауаптары:
1911 –қазан айында Қарағанды облысында дүниеге келген.
1955 -17 қаңтарда ұзақ науқастан қайтыс болады.
1927 – 1930 – мал дәрігерлік техникумында оқиды.
1939 – «Құпия қыз» «Бурабай толқындары» өлеңдерін жазады.
1938 – «Өз елім» «Жамбыл тойында» «Дауыл» шығармаларын жазады.
1943 – «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэмасын жазады.
Кітаппен жұмыс 3 мин
1. А командасы. Бас кейіпкерді суреттейтін жолдарын тауып мәнерлеп оқу,
Б командасы. Шығармадағы бас кейіпкердің ерлігі суреттелген тұстарын тауып, мәнерлеп оқу
2. Әдеби теориялық ұғым. Поэмадан үзінді беріледі, үзіндінің ішінен метафора, кейіптеу, теңеу, эпитет, анафора.
3. Поэманың сюжеттік-композициялық құрылымы
4. Сөздікпен жұмыс, түсініксіз сөздермен сөйлем құрау.
“Жоғалған әріптер” ойыны. 2 мин
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру. Қасым Аманжоловтың шығармасынан үзінде беріледі тиісті әріптерді орнды орнына қояды. «Ақынның өлімі туралы аңыз» поэмасынан үзінді
Ө…ір гү..ін жан..ып, тап…п,
Ша..тан сүй..еп махаб…атты
Жер..м..зде жындай қа..тап,
Най…аға іліп а.. — ұятты —
Келе жат..ы сұм жен..еттер!
Әдеби домино ойыны. 5 мин
А. команда Қасым шығармашылығы — қазақ поэзиясының нағыз халықтық үлгілерінің бірі.
В. командасы Қасым поэмасы Абдолла өмірінің осы бір соғыс кезеңін суреттеуге құрылады.
Берілген мәтінді құрастырып тиісті сөйлемді шығару.
Тест сұрақтарымен сабақты қортындылау
Сөзжұмбақ шешу.
Әр баланы жетонмен бағалау сөзжұмбақ шешкендігіне байланысты.
Ү. Бағалау. 2 мин
ҮІ. Үйге тапсырма: Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» шығармасынан оқып келу. Басты кейіпкерді суреттеген тұстарынан үзінді жаттап келу.
ҮІІ. Қорытындылау. 3 мин
Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастықта сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның шешенде сыршыл поэзиясы мәңгі есімізде болары хақ.
Тест сұрақтары
(Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойып жазу қажет)
А) Қ. Аманжолов……………………. дүниеге келген.
ә) Қ. Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына…………. әсер етті.
б) 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы……………………. деген атпен жарық көрді.
в) Ақын өлеңдерінің тақырыбы…………………………………..
г)………………………. Қасым мәңгілікке көз жұмды.
д) Ақынның…………………… поэмасы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған.
1.«Уа, дариға, алтын бесік туған жер!» деп жырлаған ақынды табыңыз.
А) М. Мақатаев.
В) Қ. Аманжолов.
С) Т. Айбергенов.
Д) М. Жұмабаев.
Е) І. Жансүгіров.
2. «Сөзім — жыр, лебізім — күй ерке едім,
Өз жерім, өз елімде еркеледім»,- үзінді Қасымның қай өлеңінен алынған.
А) «Күлемін де жылаймын».
В) «Көкшетау».
С) «Елге хат».
Д) «Өзім туралы».
Е) «Туған ел».
3. «Шықты бір қыз театрдан
Мойынында орман түлкі.
Шашан күзеп, қасын қырған,
Аузы — мұрны толған күлкі…»
Өлең шумақтары Қ. Аманжоловтың қай поэмасынан алынғанын белгілеңіз.
А) «Ақын өлімі туралы аңыз».
В) «Біздің дастан».
С) «Бикеш».
Д) «Сенбе қуға».
Е) «Боран».
4. Қ. Аманжоловтың шығармасын табыңыз.
А) «Жолама қулар маңайға».
В) «Ұшқан ұя».
С) «Сыр сандық».
Д) «Көзімнің қарасы».
Е) «Дариға, сол қыз».
5. Үзінді Қ. Аманжоловтың қай поэмасынан алынғанын көрсетіңіз.
«Сонау орман етегінде
Жаланған от сатыр — сұтыр.
Қанды ізін қара түнге
Көме тастап жаулар отыр».
А) «Зұлым жау».
В) «Ақын өлімі туралы аңыз».
С) «Сәбитке».
Д) «Батыр Баян».
Е) «Дала».
6. Қ. Аманжоловтың Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіне еліктеп жазған өлеңін табыңыз.
А) «Шықтым өмір шыңына».
В) «Қоштасу».
С) «Күлемін де жылаймын».
Д) «Елге хат».
Е) «Хантәңірі».
7. Қ. Аманжоловтың туған жылы мен туған жерін табыңыз.
А) 1922 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген.
В) 1911жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
С) 1925жылы Ақтөбе облысы, Қарабұлақ ауданында дүниеге келген.
Д) 1920жылы Батыс Қазақстан облысы, Сайқұдық ауданында дүниеге келген.
Е) 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген.
8. Үзіндіде Қ. Аманжолов кім туралы айтып отырғанын көрсетіңіз.
«Бұл күнге лайық алыпсың!
Ол күнге қайтіп сыйғайсың!
Бір өзің бүкіл халықсың,
Қалдырмай бәрін жиғансың».
А) Мұхтар.
В) Сәбит.
С) Шәкәрім.
Д) Сәкен.
Е) Абай.
9. Үзіндіде Қ. Аманжоловтың қай ердің өлімін айтып тұрғанын көрсетіңіз.
«Ұшты құстар шартарапқа,
Хабарлауға ер өлімін.
Ұмтылды жау таптамаққа,
Ең болмаса қалған күлін».
А) Қ. Аманжолов.
В) Б. Момышұлы.
С) М. Жұмабаев.
Д) Б. Бұлқышев.
Е) А. Жұмағалиев.
10. Қ. Аманжоловтың өмір сүрген жылдарын табыңыз.
А) 1902 — 1984 жылдар.
В) 1911 — 1955 жылдар.
С) 1903 — 1986 жылдар.
Д) 1902 — 1985 жылдар.
Е) 1904 — 1983 жылдар.
Тест жауабы:
1 — В, 2 — Д, 3 — С, 4 — Е, 5 — В,
6 — А, 7 — В, 8 — Е, 9 — Е, 10 — В
Бағалау көрсеткіші:
“5” – ке 9 — 10 сұрақ
“4” – ке 6 — 8 сұрақ
“3” – ке 3 — 5 сұрақ
Ақын өлімі туралы аңыз
Майдан етіп дүние төрін,
Темір, гүрзі қақтап отқа ,
Жекпе –жек өмір, өлім,
Соққыласып жатқан жоқпа?
Арқалап сол майдан жүгін,
Қырғын соғыс ортасында,
Жүрегінің кекті зілін,
Қанды қырғын қапылыста
Айырылып бар жолдасынан,
Жараланған жолбарыстай,
Өрт жанарлы бір жас ұлан
Қоса түйіп қорғасынға,
Ырғып бұлттай түсер жайдай,
Өзі оқ боп атылғандай,
Ерегіске жанын тігіп,
Күтті жауын ,
Тас бекініп.
Өмір гүлін жаншып, таптап
Шаштан сүйреп махаббатты,
Жерімізде жындай қаптап,
Найзаға іліп ар – ұятты, —
Келе жатты сұм жендеттер,
Жиіркеніп,
Жиырылды жер,
Жауға тамшы татырмастай,
Буырқанып тасты өзендер
Сол аймақтың әрбір тасы
Ұшқандай ед құс боп көкке
Қанды көбік қара топтан
Ортасында бейне шың тас,
Өр кеудесін етіп қалқан.
Сол баяғы жатыр бір жас.
Қойып айды қарауылға,
Күнде шомды ұлы ұйқығы.
Қонды орманға қорғасын бұлт
Жат дыбысқа құлағын сап,
Тың тыңдаған адамға ұқсап
Айнала аймақ тұрды жым – жырт.
Ойшыл орман мүлгіп – қалғып,
Төңіректің сырын аңдып,
Жайлап қана тартып сырнай,
Сыр шертеді ну қарағай.
Сонан орман етегінде
Жаланған от сатыр – сұтыр.
Қанды ізін қара түнге
Көме тастап жаулап отыр.
Сол бір оттан ыршып бір шоқ
Түстіме ер кеудесіне?
Қойылғандай болды сол от
Динамиттің пілтесіне.
Қасақа жау қарсы алдында,
Қасақан көрсетіп қыр,
Сенің алтын ошағыңда,
Ұрлық отын жағып отыр.
Түскен дұшпан терезеңнен
Қапылыста салып жара,
Қуса сені өз төріңнен,
Көнсең соған,
Не масқара?…
Құдірет күші жер -жаһанның,
Қанатын бер қыран құстың.
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың!
Күллі