Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сөйлем түрлері /Қайталау/

Сөйлем түрлері /Қайталау/

Солтүстік  Қазақстан  облысы
Жамбыл ауданы, Баян  ауылы
КММ«Баян  орта  мектебі»
Бастауыш сынып  мұғалімі 
Ахметжанова  Римма Вағизқызы
Сабақтың тақырыбы:  Сөйлем түрлері /Қайталау/
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алдыңғы сабақтарда сөйлем түрлері туралы білімдерін қайталау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың сөйлем, сөйлем түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен табу арқылы үйрету. Сөйлем түрлерін ажырата білуге, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, суреттер.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап  жүйелеу, тірек сызба.
Сабақтың түрі: Қайталау
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Амандасу: Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз
Сыныбымыз тап- таза
Бор да дайын тақтада
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға

–       Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» – деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсете білейік.
–       Балалар, бүгінгі сабақта топпен жұмыс істейміз.
–       Ал, енді балалар топбасшыларын сайлай қояйық, әр топ басшысы ұрандарын таныстырады
І топ ұраны: Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күнікәріп
 ІІ топ ұраны: Ақыл озбайды, білім тозбайды
 ІІІ топ ұраны: Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы

Бүгінгі сабақта мына жоспармен жұмыс істейміз
1. Қына басқа бітеді, білім басқа бітеді
2.  «Кімнің ойы жүйрік»
3. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
4. «Бойы сергектің ойы да сергек»
5. «Еңбек түбі береке»
Бірінші жоспар бойынша «Қына басқа бітеді, білім басқа бітеді» дегендей жұмбақ арқылы сөйлем түрлерін алайық.
1. Өзім сөзден тұрамын,
Біткен ойды құрамын.      (сөйлем)

2.Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткізімін.
                                      (хабарлы сөйлем)
3.Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.
                                    (сұраулы сөйлем)
4. Ұ ранды,шаттықты,
Өкініш, аптықты,
Білдіріп ойын талайдың
Шарға ине қадаймын
                                     (лепті сөйлем)
 
Ал енді балалар келесі жоспар бойынша «Кімнің ойы жүйрік» атты сендердің тапқырлықтарыңды байқау үшін ауыстырылған сөздерден сөйлем құрау тапсырмасы беріледі.
(қима қағаздарды әр топқа тарату)
1. Жарысы басталды ат.
2.Алда кім келе жатқан?
3.Бас, қамшыны бас, Болат!
Дәптермен жұмыс:
Дәптерлерімізді ашайық қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық
-Ал енді балалар дәптерлерімізге көркем жазуды жазайық.
-Бүгінгі күн ретін дәптерге жазайық

ІІІ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақалымыз бойынша мына тапсырманы орындайық
Мынадай мәтін берілген, мәтініміз былай аталады
«Тырна мен бақа» алдымен алдарыңдағы мәтінді оқып алыңдар, содан сон, әр топ өз топтарына байланысты сөйлемдеріңді тауып тақтаға жазамыз.
( үш сөйлемді дәптерлерімізге жазып аламыз)
— Енді балалар әр топтан кезекпен тақтаға шығьп» осы жазған сөйлемдеріңнің ішінен бір сөзді алып, сол сөзге дыбыстық талдау жасаймыз.
Бақа, тырна, әдемі
Сергіту сәті
«Бойы сергектің ойы сергек» деп сергіту сәтін өткіземіз.
Көрініс: Сөйлемнің түрлері
Нүкен:
Ей кішкентай ғана нүкте! Сенің осы керегің жоқ — ау түкке
Керек болсаң,айта қойшы,
Сырыңды менен бүкпе.
Нүкте:
Мен сөйлемнің соңында тұрам
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орында тұрам
Тиянақты ойды біткенін білдірем
Сөйлем соңына таман,
Дауысыңды бәсеңдетіп үлгерем
Мен емес пе бөліп тұрған ой арасын
Сұраған:
Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Осы саған не керек?
Сұрақ белгісі:
Киноға барасың ба?
Газет аласың ба?
Деген сенімді сөйлемдерді
Кейде оқушы мен сенімді
Тыныс белгі қоймай кетеді,
Өзің айтшы білсең ,
Осылардың соңында, қандай белгі келеді?
Ілебай:
Осы сен неге айқайлай бересің!
Сөйлемде қандай мағына бересің?
Жөн-жосығыңды түсіндірші, Жазуға қандай жерге келесің!
Леп белгісі:
Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де біліемін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүрем.
«Еңбек түбі береке» демекші келесі тапсырмамыз бойынша берілген сызба арқылы сөйлемдер құраймыз
——— ——- ———. Мен мектепке келдімr
——— ——- ———? Сен қашан келесің?
——— ——- ———! Күн қандай тамаша!
Үй тапсырмасы: Сөйлем түрлерінің ережелерін қайталау.
3сөйлем құрап келу.
Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты бағалау. Қорытынды: Ойын «Сәйкестендіру»
Хабарлы сөйлем                                Сен ойнайсың ба?
Сұраулы сөйлем                                Алақай,күн шықты!
Лепті сөйлем                                      Апам дүкеннен келді
[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *